|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 331, 332, 333, 334, 335, 336, 337, 338, 339-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 331-қосымша 308 - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Төтенше жағдайларды ескерту және жою саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 1227969 мың теңге (бір миллиард екi жүз жиырма жетi миллион тоғыз жүз алпыс тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Әскери қызметшiлердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Стандарттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын құру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 573 Жарлығы; "Төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесiн құру туралы" 1994 жылғы 11 қазандағы № 1159 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергiлiктi атқарушы органдары қызметкерлерiнiң шектi штат санын бекіту туралы" 1998 жылғы 6 қазандағы № 1006 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 481 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдар туралы" 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 482 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; "Мемлекеттік қызметшiлердi оқытудың тұжырымдамасы туралы" 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң нысандық және арнайы киім-кешектерiнiң үлгiлерi мен тиiстi нормаларын бекіту туралы" 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; "Төтенше жағдайлар саласында хабарлау, білімдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету ережелерiн бекіту туралы" 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында өзара iс-қимыл жасау туралы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң 1993 жылғы 22 қаңтардағы келісімi. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық органдарының өздеріне жүктелген қызметтердi тиiмдi түрде орындалуына қол жеткізу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік жүйе мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысының басқару органдары үшiн біліктi мамандар даярлау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық органдарын ұстау, салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында арнайы атқарушылық және шешушi қызметтердi жүзеге асыру. Орталық аппарат пен аумақтық органда кадрларының кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыру. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi мен аумақтық органдарына жүктелген қызметтерді сапалы және уақытында орындау, салааралық үйлестіруді, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы арнайы атқарушылық және шешушi қызметтердi жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн кәсiби мемлекеттік қызметтiң талаптарына сай, қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес арттыру. Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 332-қосымша 308 - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 2012486 мың теңге (екi миллиард он екi миллион төрт жүз сексен алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "28237, 52859, 68303 әскери бөлiмдерiнiң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабына бағыныстылығы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 264 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергілікті органдардың қызметкерлерiнiң шектi штат санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қазандағы № 1006 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мүлкiн беру туралы жекелеген мәселелер" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 863 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 481 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 482 қаулысы; "Еңбек сiңiрген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс стажын есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1185 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 15 наурыздағы № 400 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 шiлдедегi № 1037 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мүлкiн беру туралы жекелеген мәселелер" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң "Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 40 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң еңбегіне ақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң нысандық киім-кешектерiнiң үлгiлерi мен тиiстi нормаларын бекіту туралы" 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 4-тармақ өзгерді 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдай қаупi төнген және туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының халқын, шаруашылық жүргiзушi объектілерін және аумақтарын қорғау, төтенше жағдайларға дер кезінде мән беру, төтенше жағдайлар туралы ақпарат қабылдау және өңдеу, ұдайы әзiрлiктегi авариялық-құтқару күштері мен төтенше жағдайларды жою құралдарын тұрақты және үздiксiз басқаруды қамтамасыз ету. Селдiң, қар көшкiнiнiң, жар көшкiнiнiң, опырылып құлаудың алдын алу және олардың зардаптарын жою, сел құбылыстары мен жер сiлкiнiсiн болжау, селден қорғау құрылыстарын пайдалануды, Қазақстан Республикасының халқын, шаруашылық жүргiзушi объектілерін және жерiн қауiптi табиғи құбылыстардың (сел тасқыны, қар көшкiнi, жар көшкiнi, опырылып құлау, қатты жер сiлкiнiсi) әсерiнен сенiмдi қорғауды қамтамасыз ету, олардың зардаптарын жоюды ұйымдастыруға және жүргiзуге қатысу. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған және оларды жою кезiнде олардың тұрақты жұмыс iстеуi үшiн Республикалық шұғыл құтқару отрядын, әскери бөлiмдердi, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесiн, аймақтық аэромобильдi авариялық-құтқару отрядтарын қажеттi жабдықтармен, автокөлiкпен, керек-жарақпен жарақтандыру. Құтқару бөлiмшелерiн төтенше жағдайлар аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге, трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде өзара iс-қимыл ұйымдастыруға оқытып-үйрету. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда халыққа шұғыл көмек көрсету. Төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықтың алғашқы тiршiлiгiн қамтамасыз етуге арналған тiршiлiктi қамтамасыз ету құралдарының және материалдық құралдардың қорларын құру. Метеостанция-3 объектiсiнiң аяқталмаған құрылысының сақталуын қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 5-тармақ өзгерді 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға жоғары әзiрлiктi қамтамасыз ету, жедел мән беру, апат ауданына және алға қойылған жауынгерлiк мiндеттi орындау аудандарына авариялық-құтқару қызметтерiн дер кезiнде апару, iздестiру-құтқару және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі басқа да шұғыл жұмыстарды жедел жүргiзу, жүрiп-тұру қиын аудандарда, күрделiлiгi жоғары объектiлерде құтқару және iздестiру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу, дүлей зiлзаланың, аварияның және апаттың салдарынан зардап шеккендерге шұғыл жәрдем көрсету, төтенше жағдай туралы радиомобильдi, радиотелефон, транкiлi, спутниктiк байланыс түрлерi арқылы дер кезiнде және тұрақты ақпарат қабылдау, алынған ақпаратты жедел өңдеу, авариялық-құтқару күштерi мен төтенше жағдайларды басқару пункттерi жедел қызметкерлерiнiң тәулiк бойы кезекшiлiгiн қамтамасыз ету, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында мемлекеттік басқару органдарымен үздiксiз және тиiмдi байланысты қамтамасыз ету. Республикалық және аймақтық жедел құтқару отрядтарының тиiмдi қызметiн, әскери бөлiмдердiң тұрақты жұмысын, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегі тиiмдi iс-қимыл үшiн авариялық-құтқару құралдарымен, жабдықтармен, құрал-саймандармен және автокөлiк техникасымен қамтамасыз ету. Бақылау және хабарлау қызметтерiнiң жұмысын, селден қорғау құрылыстарына ағымдағы жөндеу жүргiзудi, әуешолу жұмыстарын, мұзарт көлдердi ағызып жiберу жөніндегі алдын алу жұмыстарын, қар көшкiнiн алдын ала түсiру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, жер сiлкiнiсiн қысқа мерзiмде болжауды қамтамасыз ету жөнiндегі ғылыми-болжау жұмыстарын, бақылау және хабарлау постарын ұстауды қамтамасыз ету. Күрделi ауа-райы мен географиялық жағдайларда, күрделiлiгi жоғары объектiлерде құтқару бөлiмшелерiнiң практикалық сабақтары мен жаттығуларын ұйымдастыру және жүргiзу, дүлей зiлзаланың, авария мен апаттың салдарынан зардап шеккендерге шұғыл жәрдем көрсету жөнiнде сабақтар ұйымдастыру және өткізу, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде авариялық-құтқару құралдарын пайдалануға үйрету. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде дер кезiнде мән беру үшiн тiкұшақтарды тиiмдi, ұтымды пайдалану. Шатыр лагерлерiн құруға арналған материалдық құралдар сатып алу. Метеостанция-3 объектісiнiң аяқталмаған құрылысының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |