|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде: 2-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірiншi орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының ғылымы және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаты туралы» деген сөздер «Ғылым туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақтың бірiншi абзацындағы «қажеттiлiгiне қарай, бірақ кемiнде жарты жылда бір рет өткiзiледi» деген сөздер «кемiнде екi айда бір рет өткізедi» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетiлген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 20 ақпандағы № 207 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның Құрамы Марченко - Қазақстан Республикасы Премьер- Григорий Александрович Министрінің бірiншi орынбасары, төраға Құлекеев - Қазақстан Республикасының Білім Жақсыбек Әбдiрахметұлы және ғылым министрi, төрағаның орынбасары Ергешев - Қазақстан Республикасы Премьер- Розмат Байташұлы Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк- мәдени даму бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi, хатшы Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Білім Нұралы Сұлтанұлы және ғылым вице-министрi Досқалиев - Қазақстан Республикасының Жақсылық Ақмырзаұлы Денсаулық сақтау министрi Дробжев - Қазақстан Республикасының Білім Виктор Иванович және ғылым министрлігі Ионосфера институтының директоры Дунаев - «Ұлттық инновациялық қор» Арман Ғалиасқарұлы акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Жақсыбеков - Қазақстан Республикасының Әдiлбек Рыскелдiұлы Индустрия және сауда министрі Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Премьер- Бақытжан Тұрсынұлы Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк- мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi Жұрынов - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұрат Жұрынұлы ғылым академиясы» қоғамдық бірлестiгiнiң президентi (келісім бойынша) Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Күрiшбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы вице-министрi Қадыржанов - Қазақстан Республикасының Қайрат Кемелұлы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының директоры Қожамқұлов - Қазақстан Республикасының Білім Төлеген Әбдiсағиұлы және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетiнiң ректоры Орынбаев - «Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер Ербол Тұрмаханұлы орталығы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Өмiрбаев Уалбай - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң кафедра меңгерушiсi Школьник - Қазақстан Республикасының Владимир Сергеевич Энергетика және минералдық ресурстар министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |