|
|
|
Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң, мұнайды жеткізушiлердiң және мұнай өнiмдерiн базалардан сатуды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiне мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердi ұсыну нысандарын, ережелерi мен мерзiмдерiн бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң, мұнайды жеткізушiлердiң және мұнай өнiмдерiн базалардан сатуды жүзеге асыратын тұлғалардың есептiлiк нысандары; 2) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң, мұнайды жеткізушiлердiң және мұнай өнiмдерiн базалардан сатуды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiне мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердi ұсыну, ережесi бекітілсiн. 2. Мыналар: № 1, 1.1, 2, 2.1, 7, 8 - есептiлiк нысандары бойынша мәлiметтер ай сайын, есептiден кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрiлмей ұсынылады; № 3, 4, 5, 6 - есептiлiк нысандары бойынша мәлiметтер тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрiлмей ұсынылады деп белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүргiзiлген мониторингтiң қорытындысы бойынша жарты жылдықта бiр рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне талдамалық ақпарат ұсынсын. 4. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 201 қаулысымен бекітілген Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң, мұнайды жеткізушiлердiң және мұнай өнiмдерiн базалардан сатуды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiне мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердi ұсыну ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң, мұнайды жеткізушiлердiң және мұнай өнiмдерiн базалардан сатуды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiне (бұдан әрi - мұнай өнiмдерi рыногының субъектiлерi) мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердi ұсынудың тәртібін айқындайды. 2. Мұнай өнiмдерi рыногы субъектiлерiнен негiзгi қаржы-экономикалық көрсеткiштер бойынша мәлiметтердi жинау мемлекет алдындағы салық мiндеттемесiн орындауға салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының (бұдан әрi уәкiлеттi мемлекеттік орган) орталық серверіндегі дерекқорға деректердi берудiң электрондық жүйесi арқылы жүзеге асырылады. Мұнай өнiмдерi рыногы субъектiлерiнiң тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындайды. Мониторингке мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер, сондай-ақ мұнай өнiмдерiн көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын тұлғалар жатады. 3. Мұнай өнiмдерi рыногының субъектiлерi № 1, 1.1, 2, 2.1, 3, 4, 5, 6, 7, 8 - есептiлiк нысандарын осы Ережеде белгiленген тәртiппен компьютерлiк бағдарламаның электронды пiшiмiнде (файлдарда) ұсынады. 4. Уәкiлеттi мемлекеттік орган ұсынатын, есептiлiк нысандарын толтыру жөніндегі компьютерлiк бағдарлама мұнай өнiмдерiнiң рыногы субъектiлерiнiң есептiлiк нысандарын тауарға сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының (бұдан әрi - СЭҚ ТН) кодын бере отырып бiрыңғай стандартта жазылған бiртектес файлдарға сәйкес келтiру функциясын орындайды. 5. Деректердi беру жүйесi толтырылған есептiлiк нысандарын белгiленген стандарттағы файлдар түрiнде жеткізудiң мынадай тәсiлдерiн бiлдiредi: магнит тасығыштардың көмегiмен; Хабарларды кепiлдендiрiлген жеткізу жүйесi (ХКЖЖ) арқылы; 6. Мұнай өнiмдерiнiң рыногы субъектiлерiнiң есептiлiк нысандарын қабылдау және жинақтау уәкiлеттi мемлекеттік органның орталық серверiнде және салық органдарының серверлерiнде жүзеге асырылады. субъектiлерiнен ақпарат жинау тәртібі 7. Есептiлiк нысандарын және оларды толтыру жөніндегі компьютерлiк бағдарламаны мұнай өнiмдерi рыногының субъектiлерiне олардың тiркелген жерi бойынша салық органдары ұсынады. 8. Мұнай өнiмдерi рыногының субъектiлерi толтырылған есептiлiк нысандарын деректердi беру жүйесi арқылы тиiстi салық органына бередi, салық органдары кейiннен олардың көшiрмелерiн уәкiлеттi мемлекеттік органға бередi. Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 201 қаулысымен бекітілген СТН Бiз осы есептілікте келтiрiлген Салық төлеушінің атауы мәлiметтердiң растығы мен толықтығы Салық кезеңі ай жыл үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап беремiз. № 1 есептілік нысаны Өткізу кітабы Құжатты тiркеудің кіріс нөмірі ККАА ЖЖЖЖ теңге
Кестенің жалғасы
Ескерту: Бұл нысан жұмыстардың орындалуы, қызметтердiң көрсетілуi, жөнелтiлуiне қарай, төленген уақытына қарамастан толтырылады. Нысанда есептi кезең үшiн өткiзiлген тауарлардың (жұмыстар, қызмет көрсетулер) барлық көлемi көрсетіледi. «N» деген 1-бағанда рет бойынша нөмiрi көрсетіледi. Одан кейiнгi ақпарат реттiк нөмiрдi үзбеуi тиiс. «Шот кредитi» деген 2-бағанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы № 18 қыркүйектегі № 448 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлiк есеп шотының үлгi жоспарының (бұдан әрi - шоттардың жұмыс жоспары) тиiстi кiрiс шотының кредитi көрсетіледi. «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) атауы» деген 3-бағанда жөнелтiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер атауы көрсетiледi. «СЭҚ ТН коды» деген 4-бағанда жөнелтiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтердiң СЭҚ ТН тиiсті коды көрсетіледi. «Алушының атауы» деген 5-бағанда тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алушы жеке тұлғаның аты-жөнi немесе заңды тұлғаның атауы көрсетiледi. «Резидент/резидент емес» деген 6-бағанда резиденттiкті белгілейтiн код көрсетiледi: 0 - ҚР резидентi, 1 - ҚР резидентi емес. «СТН» деген 7-бағанда алушы - салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (CTH-i) көрсетiледi. «Алушының резиденттiк елiнiң коды» деген 8-бағанда резидент елдiң кодын (бұдан әрi - ел коды) толтыру кезiнде Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгінде 1997 жылғы 21 сәуiрде № 291 нөмiрмен тіркелген, Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 26 қыркүйектегi № 127-П бұйрығымен бекітілген Жүк кеден декларациясын толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес елдердiң цифрлық кодталуын пайдалану қажет. «Келісім-шарттың (шарттың) күнi» деген 9-бағанда оның негiзiнде тауарды жөнелту, жұмыс орындау, қызмет көрсету жүргізілетiн келісім-шарттың (шарттың) жасалған күнi көрсетіледі. «Келісім-шарттың (шарттың) N» деген 10-бағанда оның негiзiнде тауарды жөнелту, жұмыс орындау, қызмет көрсету жүргiзілетiн, жасалған келісім шарттың (шарттың) нөмiрi көрсетіледі. «Шот-фактураның күнi» деген 11-бағанда жөнелтiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша тиiсті шот-фактураның күнi көрсетіледі. «Шот-фактураның N» деген 12-бағанда тиiстi шот-фактураның нөмiрi көрсетiледi. «Өлшем бiрлiгi» деген 13-бағанда өткiзілген тауарлардың (даналар, килограммдар, тонналар, метрлер, литрлер, кВт және Қазақстан Республикасында қолданылатын өзге де өлшем бiрлiктерi), жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң (теңге) өлшем бiрлiгi көрсетіледі. «Бірлік бағасы» деген 14-бағанда жөнелтiлген тауарлардың, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердiң бiрлiк бағасы көрсетiледi. «Саны» деген 15-бағанда жөнелтiлген тауарлардың саны немесе орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтердiң көлемi теңгемен көрсетiледi. «Жанама салықтарсыз сома» деген 16-бағанда өткізулердiң жанама салықтарды қоспағандағы жалпы құны көрсетіледі. «Акциз» деген 17-бағанда есептелген акциз сомасы көрсетiледi. Егер тауар (жұмыс, қызмет) акцизделуге жатпаса, баған толтырылмайды. «ҚҚС ставкасы» деген 18-бағанда қосылған құн салығының (бұдан әрi ҚҚС) тиiстi ставкасы көрсетiледi. «ҚҚС» деген 19-бағанда шот-фактурада көрсетiлген ҚҚС сомасы көрсетiледi. «Мұнай өнiмiнiң пин-коды» деген 20-бағанда жөнелтiлген мұнай өнiмдерiнiң тиiстi пин коды көрсетiледi. Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 201 қаулысымен бекітілген СТН Бiз осы есептілікте келтiрiлген Салық төлеушінің атауы мәлiметтердiң растығы мен толықтығы Салық кезеңі ай жыл үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап беремiз. № 1.1 есептілік нысаны Қосымша шот-фактура бойынша өткізу кітабы Құжатты тiркеудің кіріс нөмірі ККАА ЖЖЖЖ теңге
Кестенің жалғасы
Ескерту: «N» деген 1-бағанда рет бойынша нөмiрi көрсетіледi. Одан кейiнгi ақпарат реттiк нөмiрдi үзбеуi тиiс. «Шот кредитi» деген 2-бағанда шоттардың жұмыс жоспарының тиiстi кiрiс шотының кредитi көрсетiледi. «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) атауы» деген 3-бағанда қосымша-шот фактура бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) қоса алғанда жөнелтiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер атауы көрсетiледi. Әр жол бiр операцияға сәйкес келедi. «СЭҚ TH коды» деген 4-бағанда жөнелтiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтердiң СЭҚ ТН коды көрсетiледi. «Алушының атауы» деген 5-бағанда тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алушы жеке тұлғаның аты-жөнi немесе заңды тұлғаның атауы көрсетіледі. «Резидент/резидент емес» деген 6-бағанда резиденттіктi белгiлейтiн код көрсетiледi: 0 - ҚР резидентi, 1 - ҚР резидентi емес. «CTH» деген 7-бағанда алушының CTH-i көрсетіледі. «Алушының резиденттік елiнiң коды» деген 8-бағанда елдiң коды көрсетiледi. «Келісім-шарттың (шарттың) күнi» деген 9-бағанда оның негiзiнде тауарды жөнелту, жұмыс орындау, қызмет көрсету жүргiзiлетiн жасалған келісім-шарттың (шарттың) жасалған күнi көрсетiледi. «Келісім-шарттың (шарттың) N» деген 10-бағанда оның негiзiнде тауарды жөнелту, жұмыс орындау, қызмет көрсету жүргiзiлетiн, жасалған келісім-шарттың (шарттың) N көрсетiледi. «Негiзгi шот-фактураның күнi» деген 11-бағанда ол бойынша қосымша шот-фактура жасалатын негiзгi (бастапқы) шот-фактураның күнi көрсетiледi. «Негiзгi шот-фактураның N» деген 12-бағанда ол бойынша қосымша шот-фактура жасалатын негiзгi (бастапқы) шот-фактураның нөмiрi көрсетiледi. «Қосымша шот-фактураның күнi» деген 13-бағанда қосымша шот-фактураның күнi көрсетіледi. «Қосымша шот-фактураның N» деген 14-бағанда қосымша шот-фактураның нөмiрi көрсетіледі. «Өлшем бiрлiгi» деген 15-бағанда өткiзiлген тауарлардың (даналар, килограммдар, тонналар, метрлер, текше метрлер, литрлер, кВт және Қазақстан Республикасында қолданылатын өзге де өлшем бiрлiктерi), жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң (теңге) өлшем бiрлiгi көрсетіледi. «Бірлік бағасы» деген 16-бағанда қосымша шот-фактура бойынша өткiзілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) бiрлiк бағасы көрсетiледi. «Саны» деген 17-бағанда қосымша шот-фактура бойынша жөнелтiлген тауарлардың саны немесе орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердiң көлемi (теңге) көрсетiледi. «Түзету мөлшерi (Жанама салықтарсыз сома)»деген 18-бағанда қосымша шот-фактура бойынша тиiсті белгімен өткізулердiң жанама салықтарсыз құны түзетулерiнiң мөлшерi көрсетіледі. «Акциз» деген 19-бағанда қосымша шот-фактура бойынша тиiстi белгiмен акциздi түзету мөлшерi көрсетiледi. Егер тауар (жұмыс, қызмет) акцизделуге жатпаса баған толтырылмайды. «ҚҚС ставкасы» деген 20-бағанда ҚҚС-тың тиiстi ставкасы көрсетiледi. «ҚҚС» деген 21-бағанда қосымша шот-фактура бойынша тиiстi белгiмен ҚҚС-ты түзетудің мөлшерi көрсетіледi. «Мұнай өнiмiнiң пин-коды» деген 22-бағанда жөнелтiлген мұнай өнiмдерiнiң тиiстi пин коды көрсетiледi. Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 201 қаулысымен бекітілген СТН Бiз осы есептілікте келтiрiлген Салық төлеушінің атауы мәлiметтердiң растығы мен толықтығы Салық кезеңі ай жыл үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап беремiз. № 2 есептілік нысаны Сатып алулар кітабы Құжатты тiркеудің кіріс нөмірі ККАА ЖЖЖЖ теңге
Кестенің жалғасы
Кестенің жалғасы
Ескерту: Бұл нысан Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған тауарлардың (жұмыстар, қызметтер көрсетулердiң) кiрiсiне қарай оларға ақы төлеу уақытына қарамастан толтырылады. Нысанда есептi кезең үшiн жүргiзілген сатып алулардың барлық көлемi көрсетiледi. «N» деген 1-бағанда рет бойынша нөмiрi көрсетiледi. Одан кейiнгi ақпарат реттiк нөмiрдi үзбеуi тиiс. «Шот дебетi» деген 2-бағанда шоттардың жұмыс жоспарының шотының дебетi көрсетiледi. «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) атауы» деген 3-бағанда сатып алынған тауар (жұмыстар, қызметтер) атауы көрсетіледі. «СЭҚ TH коды» деген 4-бағанда сатып алынған тауардың (жұмыстар, қызмет көрсетулер) тиiстi СЭҚ ТН коды көрсетіледі. «Жеткізушiнiң атауы» деген 5-бағанда тауарды (жұмыс, қызмет көрсетулер) жеткізушiнiң атауы көрсетіледі. «Резидент/резидент емес» деген 6-бағанда резиденттiктi белгiлейтiн код көрсетiледi: 0 - ҚР резидентi, 1 - ҚР резидентi емес.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |