|
|
|
Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 ж. 10 наурыздағы № 219 Қаулысымен күші жойылды
Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру және лицензиялауға жататын қызмет түрлерiн оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса берілiп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 4 наурыздағы № 268 қаулысына қосымша ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. № 794 қаулысымен қосымша өзгертілді Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер- Сауат Мұхаметбайұлы Министрінің орынбасары, төраға Әйтекенов - Қазақстан Республикасының Экономика Қайрат Медiбайұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрi, төрағаның орынбасары Мүсенова - Қазақстан Республикасының Экономика Галина Ақайқызы және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық саясат және бағдарламалар департаментiнiң директоры, хатшы Баймағанбетов - Қазақстан Республикасының Әдiлет Серiк Нұртайұлы вице-министрi Лукин - Қазақстан Республикасының Индустрия Андрей Иванович және сауда вице-министрi Мисников - Қазақстан Республикасының Индустрия Владимир Андреевич және сауда министрлігі Шағын бизнестi қолдау жөніндегі комитетiнiң төрағасы Бодаубай - Қазақстан Республикасының Премьер- Данияр Болатұлы Министрi Кеңсесiнiң Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi кәсiпкерлiк және тауар рыногы секторының меңгерушiсi Айсағалиева - Қазақстан кәсiпкерлерi форумының кеңесi София Серiкбайқызы төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Қазыбаев - Қазақстан Республикасының Индустрия және Айдар Қалымтайұлы сауда министрлігі Шағын бизнесті қолдау жөніндегі комитетінің төрағасы; Үкіметінiң 2004 жылғы 4 наурыздағы № 268 қаулысымен бекітілген Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты лицензиялау жүйесiн жетiлдiру және Қазақстан Республикасы уәкілеттi мемлекеттік органдарының оларды беру тәртібін оңайлату жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеуден тұрады. 3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады. 2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары мен құқықтары 4. Комиссияның негізгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) лицензияланатын жаңа қызмет түрлерiн (кiшi түрлерiн) қысқарту/енгізу жөніндегі ұсыныстарды қарау; 2) лицензиялау жүйесiн оңтайландыру және оңайлату жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу; 3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтiк кесiмдерiне лицензиялау жүйесiн жетілдiру мәселелерi бойынша қажеттi өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды қарау. 5. Комиссияның негiзгi функциялары мыналар болып табылады: 1) лицензиарлар мемлекеттік органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң және қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын талдауды жүзеге асыру және лицензиялау жүйесiн жетілдiру мәселелерi бойынша ұсынымдар әзiрлеу; 2) лицензиялау саласында мемлекеттік саясатты жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды дайындау; 3) Комиссия құзыретiне жататын өзге де құқықтарды жүзеге асыру. 1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізуге; 2) Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн (келісім бойынша) Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға; 3) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға қажеттi анықтамалық-ақпараттық және өзге де материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан (келісім бойынша) сұрауға және алуға; 4) Комиссияға жүктелген мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыруға қажеттi өзге де құқықтарға құқығы бар. 3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру 7. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, оның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды. 8. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 9. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. 10. Комиссия отырысын өткiзуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне барлық қажеттi құжаттарды жiбередi. 11. Комиссияның отырыстары қажеттiгiне қарай және жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзіледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде заңды болып саналады. 12. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берiп қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген болса, қабылданды деп саналады, Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған кезде төраға шешушi дауысқа ие болады. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның есеп хатына қоса берiлуi тиiс. 13. Комиссияның шешiмдерi Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан үзiндi көшiрмелер түрiнде жеткiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |