«Қазақстан саяхатшысы» белгісін алу Ережесін бекіту туралы
ҚР Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 02-02-18/255 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстанда алдағы уақытта ішкі және өздігінен әрекет ететін спорттық туризмді одан әрі жетілдіру мен дамыту, жастарды саяхат жасауға қызықтыру, туризмнің негіздерін үйрету, салауатты өмір салтын насихаттау, республика халқының көпшілігін денсаулықты нығайтудың және белсенді демалыстың маңызды құралы болып табылатын спорттық туризммен айналысуға тарту мақсатында Бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан саяхатшысы» белгісін алу Ережесі бекітілсін. 2. Туризм және халықаралық ынтымақтастық (Т.Б.Бекбергенов) және Спорттық бұқаралық жұмыстар (А.П.Бережной) басқармалары Білім және ғылым министрлігіне жалпы білім беретін мектептердің және орта арнаулы оқу орындарының оқу бағдарламаларына «Қазақстан саяхатшысы» белгісін алуға нормативтер мен қойылатын талаптарды қосу туралы ұсынысты енгізсін. 3. Туризм және халықаралық ынтымақтастық басқармасы (Т.Б.Бекбергенов) Туризм жөніндегі кеңестің кезекті отырысының қарауына «Қазақстан саяхатшысы» белгісін алу Ережесінің нормативтері мен талаптарын орындауды оқу орындарының, туристік және спорттық ұйымдардың жұмыс практикасына ендіру туралы мәселені енгізсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Е.С.Никитинскийге жүктелсін. 6. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 21 қаңтардағы № 06-2-2/20 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. Төраға белгісін алу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 9 наурыздағы № 06-2-2/77 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан саяхатшысы» белгісін алу Ережесі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|