|
|
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы
Балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Орал - Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы", "Балқаш - Алакөл облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы", "Зайсан - Ертіс облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы" мемлекеттік мекемелерi базасында "Орал - Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы", "Балқаш - Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы", "Зайсан - Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы" мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдары құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Батыс аймақтық балық инспекциясы", "Солтүстiк аймақтық балық инспекциясы", "Оңтүстiк аймақтық балық инспекциясы" және "Орталық Шығыс аймақтық балық инспекциясы" мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Батыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы", "Солтүстік аймақтық балық инспекциясы басқармасы", "Оңтүстiк аймақтық балық инспекциясы басқармасы" және "Орталық Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемелерi болып қайта аталсын. 3. ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 1 мамырдағы № 517 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 шілдедегі № 714 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының тiзбесi 1. Орал-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы. 2. Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы. 3. Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы. 4. Батыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы. 5. Солтүстiк аймақтық балық инспекциясы басқармасы. 6. Оңтүстік аймақтық балық инспекциясы басқармасы. 7. Орталық-Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |