Көлік құралының санитарлық паспортын беру, есепке алу және толтыру
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 731 Бұйрығымен күші жойылды
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 14) тармақшасына сәйкес және адамдарды, тамақ өнімдерін, тағам шикізатын, шаруашылық-ауыз суын, химиялық, уытты және радиациялық заттарды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарын қолданыстағы санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес келтіру, сондай-ақ жұқпалы, паразиттік, кәсіби, соматикалық аурулардың және тамақтан уланулардың алдын алу мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Көлік құралының санитарлық паспортын беру, есепке алу және толтыру ережесі; 2) Көлік құралының санитарлық паспортының нысаны бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері көлік құралының санитарлық паспортын енгізу жөніндегі ақпаратты есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне қарай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне және Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясына ұсынсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріне А.А.Белоногқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Министрдің міндетін атқарушы паспортын беру, есепке алу және толтыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдің міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 349 бұйрығымен бекітілген Көлік құралының санитарлық паспортын беру, есепке алу және толтыру ережесі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|