|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 және "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 23 наурыздағы № 1317 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысында: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: IV "Шығындар" бөлiмiнде: 3 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" функционалдық тобында: 3 "Сот қызметi" кiшi функциясында: 501 "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" әкiмшiсi бойынша: 001 "Сот жүйесi органдарының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша: 100 "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметiн қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасында "545477" деген сандар "563579" деген сандармен ауыстырылсын; 103 "Жергілiктi соттар" кiшi бағдарламасында "5777053" деген сандар "5758951" деген сандармен ауыстырылсын; 2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында: көрсетiлген қаулыға 344-қосымшада: 2-тармақ "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы" деген сөздермен толықтырылсын; "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде: реттік нөмiрi 6-жолдың 5-бағанында: "179 бiрлiк" деген сөздердің алдынан "саны 48 бiрлiк Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттарын және" деген сөздермен толықтырылсын; "179" деген сандар "164" деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмiрi 9-жолдың 5-бағанындағы "8167" деген сандар "8134" деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |