|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 344, 345, 346, 347, 348-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 344-қосымша ҚР Үкіметінің 24.05.04 ж. № 574 қаулысымен 344-қосымша өзгертілді 501 - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2004 жылға арналған "Сот жүйесi органдарының қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 7792503 мың теңге (жетi миллиард жетi жүз тоқсан екi миллион бес жүз үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 1-30-баптары; "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабы; "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi № 440 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: Республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Сот-құқық реформасының қарқынын жеделдету, соттардың дербестiгiн, судьялардың сот төрелiгiн жүзеге асыру кезіндегі тәуелсiздiгiн нығайту, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдiру жөнiнде қойылған біліктiлiк талаптарына сәйкес, білім беру бағдарламалары бойынша кәсiптiк қызмет саласында теориялық және практикалық білімдi, iскерлiк пен кәсiби дағдыны шыңдау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: 1. Сот жүйесi органдарына жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшiлердiң кәсіптiк біліктілігін арттыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Сот жүйесi органдарына жүктелген функциялардың сапалы әрi уақытында орындалуы, қазiргi таңдағы экономикалық жағдайларға орай кәсiптiк мемлекеттік қызметке қойылар талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiптiк біліктiлiгiн арттыру. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 345-қосымша 501 - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2004 жылға арналған "Қазақстан Республикасы сот жүйесi органдарының бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін құру" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 82958 мың теңге (сексен екі миллион тоғыз жүз елу сегiз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 25-бабының 4-тармағы, 56-бабы; "Атқарушылық іс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 1998 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Ақпараттандыру туралы" № 412 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi № 440 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң" 2002 жылғы 13 қыркүйектегi № 1000 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 24 сәуірдегі қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: Республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Сот билiгiнiң дербестiгi мен судьялардың тәуелсiздiгiн нығайтуға, олардың қызметінiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы сот жүйесi органдарының бiрыңғай aвтоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесiн дамыту және соттар мен сот жүйесi органдарын жүйеде жұмыс істеуге арналған есептеу техникаларымен қамтамасыз ету, оларды бағдарламалармен қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 20 тамыздағы № 197о қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Бөлiнген бюджет қаражаттары сот жүйесi органдарын компьютерлендiру үшiн база құруға мүмкiндiк бередi, мұның өзi iстердiң уақытында және сапалы қаралуына жәрдемдеседi. Сот жүйесi органдарын компьютерлендiру соттар мен сот жүйесi органдарының ақпараттар және жаңа технологияларды жинау, өңдеу және ұсыну жөнiндегі сұраныстарын қанағаттандыру үшiн қолайлы жағдай туғызуға қызмет етуге тиiс. Мұның өзі сот билiгінiң дербестiгі мен судьялардың тәуелсiздiгін нығайтуға, олардың қызметiнiң тиiмділігін арттыруға мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 346-қосымша 501 - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2004 жылға арналған "Судьялар мен сот жүйесіндегі қызметкерлердiң біліктілігін дайындау мен арттыру" деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 51142 мың теңге (елу бір миллион бiр жүз қырық екi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Судьялар мен сот жүйесi қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру институты" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 1567 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Судьялар мен сот жүйесi қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру институты" мемлекеттік мекемесiн "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот академиясы" мемлекеттік мекемесi деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 қыркүйектегi № 1008 қаулысы; "Мемлекеттік қызметшiлер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 24 қаңтардағы № 91 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: Республикалық бюджет. ҚР Үкіметінің 25.11.04 ж. № 197щ қаулысымен 4-тармақ толықтырылды 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Судьялар мен сот жүйесi қызметкерлерiнiң кәсiптiк біліктiк деңгейiн арттыру, судьялыққа кандидат магистранттарды даярлау, өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiптiк біліктiлiктерiн жетiлдiру үшiн қойылып отырған біліктілiк талаптарына сәйкес қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдi, бiлгiрлiк пен машықты жетiлдiру. ҚР Үкіметінің 25.11.04 ж. № 197щ қаулысымен 5-тармақ толықтырылды 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Сот академиясының қызметiн қамтамасыз ету, судьялыққа кандидат магистранттарды даярлау, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерiнiң біліктілiгiн арттыру. ҚР Үкіметінің 25.11.04 ж. № 197щ қаулысымен 6-тармақ толықтырылды 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерiнiң кәсiптiк деңгейiн арттыру. Қазақстанда судьялар құрылымының қалыптасуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 347-қосымша 501 - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2004 жылға арналған "Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету" деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 130000 мың теңге (бiр жүз отыз миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 25-бабы; "Мемлекеттік сатып алулар туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi № 440 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Cот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: Республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының судьяларды республикалық бюджет қаражатының есебiнен тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі кепiлдiгiн орындау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттері: Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Шаралар судьяларға сот төрелiгiн сапалы, тәуелсiз әрi толық атқару үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 348-қосымша 501 - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2004 жылға арналған "Нашақорлық пен есiрткi бизнесіне қарсы күрес" деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 261 мың теңге (екi жүз алпыс бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Ел Президентінің 10 қазан 1997 жылғы Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi, әл-ауқатының артуы" атты Жолдауы; "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы іс-әрекет шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы нашақорлықпен және есiрткi бизнесімен күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |