Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік
ҚР Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 363 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес қаулы етемін: 1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджеттi әзiрлеу ережесi бекітілсiн. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Президентінің 2004 жылғы 7 шiлдедегi № 1401 Жарлығымен Бекiтiлдi
Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзiрлеу ережесi Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi, алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджеттi әзiрлеу тәртібін айқындайды. 1-бөлiм. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу тәртібі 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Орта мерзiмдi жоспар), Қазақстан Республикасы Үкіметінiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты (бұдан әрi - Орта мерзiмдi фискалдық саясат), мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына елдегi ахуал және республиканың iшкi және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және ағымдағы қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттiң атқарылу нәтижелерi, республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігiн бағалау алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзiрлеу үшiн негiз болып табылады. 2. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесi мынадай кезеңдердi қамтиды: 1) алдағы қаржы жылына арналған түсiмдердiң болжамды көрсеткiштерiн айқындау; 2) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерiн айқындау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|