|
|
|
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы (2014.13.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2015 жылғы 9 ақпадағы № 285-V Заңымен күші жойылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен iске асырудың құқықтық негіздерiн анықтайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары; 2) жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi, соның iшiнде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесiр әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтiн толық емес отбасы; 3) мемлекеттік жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi; 4) жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым - жастар тіршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жастардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтiк бейiмдеу, дене тәрбиесi, рухани және имандылық жағынан дамыту, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар жүйесi; 5) жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер - жастарға медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, олардың әлеуметтiк бейiмделуiне және оңалуына жәрдемдесу жөніндегі ic-шараларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар; 6) жастар ұйымы - негiзгi мақсаты әлеуметтiк, мәдени, бiлім беру мiндеттерiн және жастардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған өзге де мiндеттердi шешу, рухани және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылатын, мүшелерi (қатысушылары) жастар өкiлдерi болып табылатын заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы), қор, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiк нысанында құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым; 7) жастар саясаты мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - берiлген өкiлеттiктер шегiнде мемлекеттік жастар саясатын үйлестiрудi және iске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Мемлекеттік жастар саясатының мақсаттары, мiндеттерi және принциптері 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының мiндеттерi: 1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 2) жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету; 3) жастардың әлеуметтiк маңызды бастамаларын iске асыру болып табылады. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты: 1) ерекше әлеуметтiк-демографиялық топ ретiнде жастардың мүдделері мен қажеттілiктерiн тану; 2) Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдылығы; 3) тән саулығын сақтау және нығайту; 4) адамгершілік және рухани даму; 5) қазақстандық патриотизмді қалыптастыру; 6) азаматтықты қалыптастыру; 7) жастардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыру; 8) жастардың проблемаларын шешудегi жүйелiлiк пен кешенділік; 9) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мeн iскe асыруға жастардың тiкелей қатысуы принциптерiне негiзделедi. 4-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі құзыреті 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мемлекеттік жастар саясатын әзiрлейдi; 2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) уәкiлеттi органның функцияларын, өкiлеттiгi мен құрылымын бекiтедi;, 4) мемлекеттік жастар саясаты саласында нормативтiк құқықтық актілердi қабылдайды; 5) мемлекеттік жастар саясатын iске асыру жөніндегi консультациялық-кеңесші органын құрады; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; 2) Қазақстан Республикасының орталық және жергіліктi атқарушы органдарының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызметiн үйлестiреді; 3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтiк құқықтық актілердi әзiрлейдi; 5) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 6) мемлекеттік жастар саясатын iске асыру жөніндегі қызметтi ақпараттық және ғылыми қамтамасыз етудi ұйымдастырады; 7) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3. Өзге орталық атқарушы органдар өз құзыретi шегінде: 1) мемлекеттік жастар саясатын iске асыруды қамтамасыз етеді; 2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтiк құқықтық актілердi әзiрлейдi; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 4. Жергілiкті өкілді атқарушы органдар өз құзыреті шегінде: 1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының мемлекеттік жастар саясатын iске асырудың жай-күйi туралы есептерiн тыңдайды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 5. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде: 1) өңiрлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз етедi; 2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) өңiрлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөнiндегі консультациялық-кеңесшi органдарын құрады және олардың қызметiн қамтамасыз етедi; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары
5-бап. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары: 1) жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету; 2) жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз ету; 3) жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу; 4 ) жас отбасыларын мемлекеттік қолдау; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) жастардың тегін негізгі орта, жалпы орта білім алуына консультациялық құқығын іске асыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету; 6) жастарды тәрбиелеу және оларға жан-жақты білім беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету; 7) балалар үйлерiнің мүгедек және тәрбиеленушi жастарының құқықтары мен әлеуметтiк қорғалу кепiлдiктерiн қамтамасыз ету; 8) жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету; 9) жастардың бойында ұлттық мәдениет пен тiлдi дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету; 10) жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру; 11) әлеуметтiк қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтiк көмектi қамтамасыз ету; 12) жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету; 13) талантты жастарды мемлекеттік қолдау; 14) жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органдардың коммерциялық емес жастар ұйымдарымен ынтымақтастығы; 15) жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу болып табылады. 6-бап. Жастардың әлеуметтік құқықтары Қазақстан Республикасында жастардың: 1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік медициналық мекемелерде тегiн медициналық қызмет көрсетiлуiне; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік оқу орындарында тегiн негізгі орта, жалпы орта білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негiзiнде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім алуға; 3) жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының шешiмi бойынша жеңiлдiкті жағдайларда мемлекеттік спорттық-сауықтыру және мәдени-ағарту ұйымдарына баруға; 4) жергілiктi өкiлдi органдардың шешімi бойынша білім беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүруге; 5) тармақша 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жастар арасынан орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізiнде оқитындар үшін қалааралық темір жол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде жеңiлдiкпен жүруге; 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелер, сондай-ақ отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелерi бойынша консультациялар түрiнде әлеуметтiк қызмет көрсетулерді; мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшiлердi, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған адамдарды, нашақорлық, уытқұмарлық, маскүнемдiк дертiнен емделуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды оңалту жөніндегі қызмет көрсетулердi тұтынуға; 7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға; 8) білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім гранты бойынша оқитындар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде және тәртiппен ай сайынғы мемлекеттік стипендия алуға; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 9) оқитындардың жоғары оқу орындарында оқу кезеңiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кәсiби білім ақысын төлеу үшін және тамаққа, тұруға және оқу әдебиетiн сатып алуға жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге білім беру грантын алуға әлеуметтiк құқықтары бар; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді 10) ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша оқуға түскен кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделедi. 7-бап. Жастардың саяси құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасының жастары Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актілерінде көзделген барлық саяси құқықтарға және бостандықтарға ие болады. 8-бап. Жастардың еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепiлдіктерi, олардың тұрғын үй проблемаларын шешуге жәрдемдесу 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты еңбек және жұмыспен қамту саласында: 1) жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды дамыту; 2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) жастарға арналған жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн ұйымдастырушылық жағынан қолдау; 4) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес жастардың еңбек бiрлестiктерiн құру және қызметiн ұйымдастыру, соның iшiнде оқу орындарының базасында құру және қызметін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының жастарына: 1) жұмысқа орналасуға, кәсiби даярлануға, біліктiлiгiн арттыруға жәрдемдесуге; 2) мемлекеттік ұйымдарда немесе жарғылық капиталында мемлекеттің үлесi елу проценттен асатын ұйымдарда жұмыс орнын беруге жәрдемдесуге; 3) мүгедек жас адамдар үшін жоғары оқу орындарында оқу, қайта даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына, соның ішінде дистанциялық оқыту арқылы қол жеткізуін қамтамасыз етуде жәрдемдесуге кепiлдіктер берiледi. 3. Жастардың тұрғын үй проблемаларын шешу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 9-бап. Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтi мемлекеттік қолдау 1. Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Заңмен реттеледi. 2. Қазақстан Республикасы жастардың кәсiпкерлiк қызметiн әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау жөнiндегі шаралар жүйесiн белгілейдi. 3. Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын және жастар саясаты саласындағы мемлекеттік қолдауды пайдаланатын тұлғаларға: 1) заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын жастар; 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) жастар ұйымдастырған шаруа немесе фермер қожалықтары; 3) қызметкерлерінің жалпы санының кемiнде жетпiс процентін өздерiнің құрылтайшылары болып табылатын жастар құрайтын ұйымдар жатады. 4. Жастардың кәсiпкерлік қызметін мемлекеттік қолдау: 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орындарының оқу-өндiрiстік базасында жастардың кәсiпкерлiк қызметiн ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жәрдемдесуi; 2) жастар арасындағы халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалмаған топтарын кәсiпкерлік қызметке тарту; 3) жастарға кәсiпкерлiк қызмет негiздерiн оқыту, шарт негiзiнде оқу орындары мен жұмыс берушiлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту; 4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) белгілi бiр жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындауға келісімдер жасасу мақсатында мемлекеттік органдардың осы баптың 3-тармағында аталған тұлғалармен ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады. 5. Мемлекет жастардың өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығының, ғылым мен техниканың, мәдениет пен өнердiң, білім берудiң, денсаулық сақтаудың түрлi салаларында жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халыққа әлеуметтiк қызмет көрсетуге жәрдемдесетiн кәсiпкерлердi көтермелейдi. 10-бап. Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуде материалдық және өзге де көмек көрсетуге, тиісті білім беру, медициналық, құқықтық, психологиялық-педагогикалық, ақпараттық, консультациялық және басқа да қызметтер, оның ішінде денсаулық сақтауды, балаларды тәрбиелеу мен дамытуды, жастарды әлеуметтік қорғауды, бейімдеу мен оңалтуды қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге бағытталған жас отбасыларды мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Жас отбасыларын дамытуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мемлекеттік қолдау: 1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жас отбасыларына жеңiлдiктi кредиттер беру; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) оқу орнының әкiмшiлігімен келісім бойынша білім алушылар болып табылатын жастар арасындағы ата-аналар үшiн оқу сабақтарына еркiн қатысуға, баланың бiр жарым жасқа толуы кезеңiне академиялық демалыс алуға құқық беру; 3) отбасылық өмiрдiң проблемалары, жас отбасылардың психологиялық-педагогикалық, құқықтық және басқа да мәселелерi бойынша консультация беру жүйесiн дамыту; 4) әлеуметтiк қызмет көрсетулер, әлеуметтік көмек ұсынатын коммерциялық емес ұйымдардың жүйесiн дамыту; 5) балалар мен жастардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру жүйесiн сақтау және дамыту; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жас отбасыларына жоғары оқу орындары мен орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу кезеңiнде білім беру ұйымының жатақханасында бөлмелік үлгiдегi тұрғын үй-жай беру; 7) мемлекеттік мектепке дейiнгi ұйымдардың жүйесiн дамыту арқылы жүзеге асырылады. 11-бап. Талантты жастарды мемлекеттік қолдау 1. Қоғамның зияткерлiк және шығармашылық әлеуетiн сақтау және дамыту, Қазақстан Республикасының ғылыми, мәдени дәстүрлерiнiң сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында жастардың талантты және дарынды өкiлдерiн қолдау және олардың жемiстi қызметi үшiн жағдайлар жасау жөнiндегі шаралар жүйесi жүзеге асырылады. 2. Талантты жастарды мемлекеттік қолдауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары көрсетедi және ол: 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талантты жастар үшін сыйлықақылар, стипендиялар белгiлеу, білім беру гранттарын беру; 2) ғылымның, мәдениет пен өнердiң аса көрнектi қайраткерлерiнiң шығармашылық шеберханаларын, мектептерi мен бiрлестiктерiн құруға жәрдемдесу; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) орта білім беретін ұйымдарда спорт секциялары мен шығармашылық үйiрмелердiң қызметiн ұйымдастыру; 4) аса дарынды және талантты жастарды анықтау жөнiндегі орталықтарды құру және дамыту; 5) жастардың шығармашылық жетiстiктерiн анықтау және тарату мақсатында конкурстар, көрмелер, фестивальдар, байқаулар, концерттер, симпозиумдар, оқулар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу арқылы, халықаралық жастар алмасуларын ұйымдастыру; 6) дарынды және талантты жастардың шетелдердiң білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарында оқыту, қайта даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына конкурстық негiзде қол жеткізуiн қамтамасыз ету; 7) ғылыми-мәдени жұмысты жүргiзу үшiн жас ғалымдарға, мәдениет, өнер мен білім қайраткерлерiне жағдайлар жасау, жас ғалымдардың әзiрлемелерiн нақты қолданысқа енгізуге жәрдемдесу, сондай-ақ жастар арасынан шыққан зияткерлiк кадр ресурстарын сақтау және дамыту; 8) спорт мектептерiнiң, клубтарының желісін дамыту, спортта дарынды жас спортшыларды қолдау, жастар арасында спорт жарыстарын өткізу; 9) талантты жастарға қолдау көрсететін жеке және заңды тұлғаларды моральдық көтермелеу арқылы жүзеге асырылады. 12-бап. Жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары халықаралық жастар ынтымақтастығына: 1) халықаралық жастар алмасулары туралы келісімдердi жасасу және iске асыру, жастарды халықаралық бағдарламалар жүйесiне енгізу; 2) жастардың халықаралық ынтымақтастығы саласында халықаралық жастар алмасуларының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына ақпаратты алуға, құжаттарды әзiрлеуге және әрiптестердi iрiктеуге көмек көрсету жолымен жәрдем көрсетедi. 2. Жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде жүзеге асырылады. 3-тарау. Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру
13-бап. Мемлекеттік жастар саясатын қаржымен қамтамасыз ету 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты: 1) республикалық және жергiліктi бюджеттер қаражаты; 2) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi мүлiктiк жарналары; 3) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылады. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерде мемлекеттік жастар саясатын iске асыру үшiн жыл сайын қаражат көзделедi. Қаржы қаражатының есептiк көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру үшін қажеттi материалдық және қаржылық ресурстар есепке алына отырып айқындалады. 3. Мемлекеттік жастар саясатын iске асыру шеңберіндегі iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыс нысанында жүзеге асырылуы мүмкiн. 14-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және iске асыруға жастардың қатысуы 1. Жастар Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және жүргiзуге қоғамдық жағынан маңызды бастамаларды iске асыру, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға өтiнiш жасау, жастар ұйымдарының аталған органдармен өзара iс-қимыл жасауы арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де нысандарда қатысады. 2. Мемлекеттік жастар саясатын iске асыру жөнiнде жастардың, жастар ұйымдарының мемлекеттік органдарға енгiзетiн ұсыныстарын мемлекеттік органдар өз өкілеттіктерiне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қарайды. Егер аталған ұсыныстарды қарау үшiн қаржы қаражатының есебi, ақпарат жинау, құжаттардың жобаларын әзiрлеу қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар ақпараттық көмектi жүзеге асырады және аталған ұсыныстарды енгiзген жастар мен жастар ұйымдарының уәкiлеттi өкілдерiмен консультациялар жүргiзедi. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және iске асыру саласында консультациялар мен iс-қимылдарды үйлестiру үшiн жастар ұйымдарын олардың келісімiмен тартуға құқылы. Мемлекеттiк жастар саясатын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде жастар ұйымдары мемлекеттiк органдармен ынтымақтасуға, ал олардың уәкiлеттi өкiлдерi мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың құрамына кiруге құқылы. 4. Жастарды мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және iске асыруға тарту мақсатында уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының жастар ұйымдарымен бiрлесе отырып, екi жылда кемiнде бiр рет жалпы республикалық Қазақстан жастары форумын - Қазақстан Республикасының жастары мен жастар ұйымдарының уәкiлеттi өкілдерiнің форумын шақырады. Жалпы республикалық Қазақстан жастары форумын өткізу тәртібі, өкiлдiк нормалары уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын iске асыру жөніндегі консультациялық-кеңесшi органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн жалпы республикалық Қазақстан жастары форумы туралы ережемен белгiленедi. 5. Жалпы республикалық Қазақстан жастары форумы өз құзыретi шегiнде жастарға үндеу қабылдай алады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және iске асыру туралы ұсынымдар әзiрлей алады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |