Кредиттiк серiктестiктерге арналған пруденциалдық нормативтердi, (2005.25.06. берілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.09.01. № 20 Қаулысымен күші жойылды
Кредиттiк серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабын iске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттiгiнiң Басқармасы қаулы етеді: 1. Кредиттiк серiктестiктерге арналған мынадай пруденциалдық нормативтер белгiленсiн: жарғылық капиталдың ең аз мөлшерi; меншiктi капиталдың ең аз мөлшерi; меншiк қаражаты жеткiлiктiлiгiнiң коэффициентi; бiр қатысушыға тәуекел коэффициентi; өтiмдiлiк коэффициентi. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Аграрлық секторды кредиттеу мәселелерi туралы" 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137 қаулысын iске асыру шеңберiнде құрылған кредиттiк серiктестiктер осы пруденциалдық нормативтердiң осы қаулысында көзделген "Аграрлық кредиттiк корпорация" акционерлік қоғамынан алынған заемдар бойынша мiндеттемелердi, сондай-ақ аталған кредиттiк серiктестiктердiң "Аграрлық кредиттiк корпорация" акционерлік қоғамының жоғарыда аталған кредиттерi есебiнен өзiнiң қатысушыларына берген заемдар бойынша талаптарды есепке алмайды. 3. Кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi 10 миллион теңге болады. Осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген кредиттiк серiктестiктердiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi 3 миллион теңге болады. 4. Кредиттiк серiктестiктiң меншiктi капиталының ең төменгi мөлшерi 8 миллион теңге болады. Осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген кредиттiк серiктестiктердiң меншiктi капиталының ең төменгi мөлшерi 1 миллион теңге болады. 5. Меншiктi капитал: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|