|
|
|
Пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандырудың ережесін бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 15-05/864 бұйрығымен күші жойылды
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса берілген Пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандырудың ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
«Пестицидтерді улы химикаттарды зарарсыздандырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 6 шілдедегі № 351 бұйрығымен бекітілген
Пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандырудың ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандырудың осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес әзірленген және тыйым салынған, жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) және олардың ыдыстарын зарарсыздандырудың тәртібі мен шарттарын айқындайды. 2. Осы Ереже пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданатын жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ тыйым салынған, жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын зарарсыздандыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты. 3. Осы Ережеде мына негізгі ұғымдар қолданылады: 1) пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандыру - тыйым салынған, жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын кәдеге жаратуға, көмуге немесе жоюға бағытталған іс-шаралар; 2) тыйым салынған пестицидтер (улы химикаттар) - Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларымен қолдануға тыйым салынған пестицидтер; 3) жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) - сақтау шарттарының орындалмауына, сондай-ақ сақтаудың шекті мерзімі асырылуына байланысты жарамсыздыққа келген пестицидтер (улы химикаттар); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |