|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 411 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 411 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 17, 213-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 2-тармақтағы "20 қаңтар және 20 шілде" деген сөздер "1 қаңтар және 1 шiлде" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы "1 ақпан және 1 тамыз" деген сөздер "10 қаңтар және 10 шiлде" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Бағдарламаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.С. Әйтiмоваға жүктелсiн"; көрсетiлген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасында: "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестің 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде: реттік нөмiрi 22-жолда: 2-бағанындағы "ШЫҰ" аббревиатурасы "ТМД" аббревиатурасымен ауыстырылсын; 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "IIМ, СIМ, КБА, ЭСЖҚА, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)"; 5-бағанындағы "мамыр" деген сөз "қараша" деген сөзбен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 26-жолдағы 5-бағанда "шiлде" деген сөз "қараша" деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |