|
|
|
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы
ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 03.09.04 ж. № 932 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген iс-шараларды уақтылы орындауды қамтамасыз етсiн, 1 қаңтардан және 1 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне оларды iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын. ҚР Үкіметінің 03.09.04 ж. № 932 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі 10 қаңтарға және 10 шілдеге дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын. ҚР Үкіметінің 03.09.04 ж. № 932 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4. Бағдарламаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.С. Әйтiмоваға жүктелсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 411 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы Астана, 2004 ж. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты 1. Бағдарламаның паспорты 2. Кiрiспе 3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi 5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi 6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi 7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже 8. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары Атауы Қазақстан Республикасында Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасы. Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасында Нашақорлыққа және есiрткi негiздеме бизнесiне қарсы күрестiң 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 10.9-тармағына сәйкес әзiрлендi. Негiзгi Iшкi iстер министрлігі, мүдделi министрлiктер әзiрлеушiлер және ведомстволар, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi. Бағдарламаның Қазақстан Республикасында нашақорлықтың және мақсаты есiрткi бизнесiнiң одан әрi таралуына қарсы тиiмдi мемлекеттік және қоғамдық iс-қимылдың толық ауқымды жүйесiн қалыптастыру. Бағдарламаның - Нашақорлықтың алдын алу, оны емдеу жүйесiн мiндеттерi жетiлдiру және есiрткiге тәуелдi адамдарды оңалту жүйесiн құру; - есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл тетiгiн жетiлдiру; - есiрткiнiң заңсыз айналымы, оларды терiс пайдалануды бақылау саласында халықаралық ынтымақтастықты жетiлдiру; - есiрткiге қарсы насихатты жетiлдiру; - нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдеудiң, оңалту мен әлеуметтiк жағдайын қалпына келтiрудiң жаңа тұжырымдамалары мен емдеу әдiстерiн практикаға кеңiнен енгізу; - құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi әр түрлi мақсаттағы өнеркәсiп өнiмiне қайта өңдеу технологияларының ғылыми негiздерiн әзiрлеу. Қаржыландыру Бағдарламаны iске асыру республикалық және көздерi жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен, халықаралық ұйымдар мен донор елдердiң өтеусiз техникалық көмегiн талап етедi. Бағдарламаны iске асыру республикалық бюджет қаражатынан 2004-2005 жылдарда 852 млн. 73 мың теңге, 2004 жылы - 375 млн. теңге, 2005 жылы - 477 млн. 73 мың теңге көлеміндегі қаржыландыруды талап етедi. Бағдарламаны iске асыру жергiлiктi бюджеттiң қаражатынан 2004-2005 жылдарда 513 млн. 804 мың теңге, 2004 жылы - 300 млн. 200 мың теңге, 2005 жылы - 213 млн. 604 теңге көлеміндегі қаржыландыруды талап етедi. Күтiлетiн Бағдарламаны iске асыру: нәтиже - есiрткiнi терiс пайдаланатын адамдарды анықтауды арттыруға және олардың санын қысқартуға, есiрткiнiң заңсыз кiруiне қарсы Қазақстан Республикасының кедендiк және мемлекеттік шекараларын бақылауды күшейтуге; - есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылау жүйесiн жетiлдiруге; - есiрткiнiң заңсыз айналымына байланысты iстер бойынша сот iсiн жүргiзудi жетiлдiруге; - есiрткiге сұранысты қысқарту, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және оңалту, есiрткiнiң заңсыз айналымының жолын кесу саласындағы перспективтi бағдарламаларды әзiрлеу мен енгізуде техникалық көмек көрсету үшiн халықаралық ұйымдар мен донор елдердiң назарын аудару арқылы есiрткiнiң заңсыз айналымын бақылау саласында тығыз халықаралық ынтымақтастыққа; - нашақорлықпен ауыратын адамдарды алдын алуға, оларды емдеу мен оңалтуға, сондай-ақ есiрткi қылмысына қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының қызметiне шығындарды оңтайландыруға; - нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдеу және оңалту әдiстемелерiн жетiлдiруге; - жастар арасында нашақорлықтың алдын алу технологиясын және дене шынықтыру-алдын алу жұмыстарының ұйымдастырушылық-басқару модельдерiн әзiрлеу және байқап сынау жөніндегі өңiраралық дене шынықтыру-спорт орталықтарының, сондай-ақ есiрткiнi терiс пайдаланатын балалар мен жасөспiрiмдерге арналған оңалту орталықтарының бөлiмшелерiн құруға және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге; - түрлi өнеркәсiп өнiмдерi мен медициналық препараттар алу мақсатында құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi өңдеу технологиясын әзiрлеуге қол жеткізуге мүмкiндiк бередi. Iске асыру 2004-2005 жылдар мерзiмi Қазақстан Республикасында Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 10.9-тармағына, сондай-ақ нашақорлыққа және есірткi бизнесiне қарсы күрес Үкiметтiң басым мiндетi ретiнде айқындалған Президенттiң "Қазақстан - 2030 - Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы" деген Қазақстан халқына Жолдауына, "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы негiзiнде (бұдан әрi Стратегия), Елбасының 2000 жылғы 16 мамырдағы № 395 Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 8 шiлдедегi № 736 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бағдарламаның және Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2000-2001 және 2002-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының iске асырылу нәтижелерi ecкepiлe отырып әзiрлендi. 3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау Қазiргi уақытта Стратегияның 2 кезеңi iске асырылды. 1-кезең қорытындысы Қазақстан Республикасында Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2000-2001 жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеу мен іске асыру арқылы елде Нашақорлыққа қарсы күрес жүйесiнiң негiзгі буындарын құру болып табылған 2000-2001 жылдарды қамтиды. Айталық, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар республикалық бюджеттен 2 млн. АҚШ долларына жуық сомада техника, жабдық, материалдар түрiнде нақты қолдау алды. Консультативтiк-кеңесу мәртебесi болған бұрынғы Есiрткiге бақылау жасау жөніндегі мемлекеттік комиссияның орнына Әдiлет министрлігінiң құрамында Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі комитет мемлекеттік ведомство түрiнде құрылды. Әрбiр облыста, Астана және Алматы қалаларында әкiмдердiң орынбасарлары басқаратын Комитетке есеп беретiн нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі өңiрлiк комиссиялар жұмыс iстей бастады, бұл жергiлiктi жерлерде есiрткiге қарсы жұмыстарды ретке келтiруге мүмкiндiк бердi. Стратегияның екiншi кезеңi құрылған буындарды нығайтуға бағытталған, осы кезеңдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 8 шiлдедегi № 736 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрлендi және ол аяқталу сатысында. Білім және ғылым министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бiрлесiп, балалар, жасөспiрiмдер мен жастар арасында темекi шегудiң, нашақорлықтың алдын алу бойынша көп сатылы білім беру бағдарламасын әзiрледi. Республиканың өңiрлерiнде наркологиялық диспансерлердiң құрылымында нашақорлықтың таралуының жаңа үрдiстерiн ескере отырып, наркологиялық қызметтердi жетiлдiру жөніндегі жұмыстар жалғасуда, кәмелетке толмағандарды емдеу үшiн тұрақты бөлiмшелер құрылуда. Iшкi iстер министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі комитетi Денсаулық сақтау министрлігімен, Білім және ғылым министрлігімен бiрлесiп, есiрткi картасын әзiрледi, онда есiрткi трафигiнiң бағыттары мен нашақорлыққа ұшыраған өңiрлер егжей-тегжейлi көрсетiлген. Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес проблемаларына арналған мерзiмдi журнал шығарылды және өтеусiз негiзде таратылуда. Нашақорлықты емдеу мен оның алдын алуға мамандандырылған мемлекеттік емес мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл нығаюда. Iшкi iстер министрлігінiң, Қорғаныс министрлігінiң, Кедендiк бақылау агенттiгiнiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң арнайы бөлiмшелерiн, кинологиялық қызметтерiн ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық тұрғыдан нығайту жүзеге айырылуда. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласына халықаралық ұйымдар мен донор елдердiң қаражатын тарту жөніндегі жұмыстар жалғасуда, оның iшiнде "Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Америка Құрама Штаттары Үкіметі арасындағы есiрткiнi бақылау және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумға" қол қойылды. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң әсiресе соңғы жылдары шиеленiсе түскен проблемалары Азия мен Еуропадағы жүрiп жатқан әскери-саяси сипаттағы жаhандық процестерге, түрлi елдердегi қылмыстық күштердiң жеке әлеуметтiк проблемаларды есiрткiмен заңсыз сауданың, дiни фанатизм мен экстремизмнiң, халықаралық терроризмнiң өрiстеуiн арандату арқылы шешуге толассыз ұмтылуына да байланысты. Географиялық орналасуы, көлiк инфрақұрылымының қарқынды дамуы, көптеген шектес мемлекеттермен шекараның "ашықтығы" және бiздiң мемлекетiмiздiң iшкi әлеуметтiк-экономикалық жағдайының тұрақтылығы Қазақстанның Оңтүстiк-Батыс, Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiнен Ресейге, әрi қарай Еуропаға есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың транзитi үшiн "көлiк дәлiзiне" айналуына ықпал еттi. Қолданылып отырған шараларға қарамастан, республикадағы есiрткi ахуалы күрделi күйiнде қалуда және тұрақты келеңсiз серпiнмен сипатталады. Есiрткiнiң заңсыз айналымының көлемi мен Қазақстанда оларды терiс пайдаланудың ауқымы өсе түсуде, бұл тек халықтың денсаулығына ғана қатер тiгiп қоймай, сонымен бiрге экономикалық, саяси және әлеуметтiк жағдайды, мемлекеттiң жүргiзiп отырған экономикалық реформаларының процесiн тұрақсыздандыруға әкеп соғады. Айталық, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі комитеттiң деректерiне сәйкес республикада 2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды терiс пайдаланатын 45505 адам профилактикалық есепте тұр, оның 1927-ci кәмелетке толмағандар және 4420-сы әйелдер. 2003 жылғы 1 қаңтарда 47241 адам осы есепте тұрды, оның 1722-ci кәмелетке толмағандар және 4700-ci әйелдер. Есiрткiнiң жастар арасында таралуы ерекше алаңдаушылық туғызады. Балалар мен жасөспiрiмдер нашақорлығы ұлғайып отыр. Жоғарыда көрсетiлген статистикалық және өзге де деректердi талдау өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда, тiркелген есiрткi қылмыстарының саны 5,4% азайғанын (2002 жылдың 6 айында - 7226 қылмыс, 2003 жылдың 6 айында - 6837 қылмыс) көрсетедi, сату мақсатынсыз есiрткiнi заңсыз сатып алу мен сақтау фактiлерiн тiркеу жағдайы 11% төмендедi. Есiрткi қылмысының азаю себептерiнiң бiрi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 259-бабының 1-бөлiгiнде көзделген қылмыстарды ашуды бағалау есебiнен алып тастау болды. Мұның мақсаты құқық қорғау органдарының ұйымдасқан топтармен немесе қылмыстық қоғамдастықтармен, есiрткiнi өткізуге, сондай-ақ контрабандалық әкелуге байланысты есiрткi қылмыстарына қарсы күрестi күшейту болды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы өткізумен байланысты тiркелген есiрткi қылмыстарының саны өткен жылмен салыстырғанда 59 фактiге көбейiп, 2441 қылмысты құрайды. Сонымен бiрге есептi кезең 2002 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда тiркелген есiрткi қылмыстары мына облыстарда: Ақмола облысында 18,7%, Қарағанды облысында 14,2%, Солтүстiк Қазақстан облысында 9,5% өскенi байқалды. Заңсыз айналымнан алынатын есiрткi көлемiнiң ұлғаюы, өткізумен байланысты қылмыстардың тұрақты өсу үрдiсi, осы ұлғаю себептерiнiң бiрi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы "ауыр" есiрткiлердiң транзитi болып табылатынын растайды, ол тиiсiнше елдiң iшіндегі есiрткiге тәуелдi адамдар санының өсуiне тiкелей әсер етедi. Есiрткi рыногында жүрiп жатқан қарқынды құрылымдық қайта құрудың салдарынан есiрткiнiң дәстүрлi каннабистiк тобын героин, апиын сияқты қымбат және денсаулыққа анағұрлым қауiптi есiрткiлер ығыстырды. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасында есiрткi ахуалы: есiрткiге тәуелдi адамдарға алдын алу, емдеу және оңалту көмегiнiң жеткiлiксiз дамуымен; есiрткiнiң заңсыз айналымына байланысты қылмыстар санының көбеюiмен; Қазақстан аумағын "көлiк дәлiзi" ретiнде пайдаланудың жалғасуымен, соның салдарынан есiрткiнiң анағұрлым қауiптi түрлерiнiң (героин, апиын және синтетикалық есiрткiлер) контрабандасы мен транзитiнiң ұлғаюымен; есiрткiнi тұтынушылар жасының төмендеуiмен сипатталады. Республикадағы есiрткi уытының бетiн қайтару барлық қоғамдық және мемлекеттік институттарды нақты жұмылдырғанда ғана мүмкiн болмақ. 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасында нашақорлықтың одан әрi таралуына қарсы тиiмдi мемлекеттік және қоғамдық iс-қимылдың толық ауқымды жүйесiн қалыптастыру және есiрткi бизнесiне қарсы күрес болып табылады. Бағдарламаның аса маңызды мiндеттерiнiң қатарында: - нашақорлықтың алдын алу, одан емдеу жүйесiн жетiлдiрудi және есiрткiге тәуелдi адамдарды оңалту жүйесiн құруды; - есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл тетiгiн жетiлдiрудi; - есiрткiнiң заңсыз айналымын және оларды терiс пайдалануды бақылау саласында халықаралық ынтымақтастықты жетiлдiрудi; - есiрткiге қарсы насихатты жетiлдiрудi; - нашақорлықпен ауыратындарды емдеу, оңалту және әлеуметтiк қалпына келтiрудiң жаңа тұжырымдамалары мен әдiстерiн практикаға кеңiнен енгізудi; - құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi түрлi мақсаттағы өнеркәсiп өнiмдерге қайта өңдеу технологиясының ғылыми негiздерiн әзiрлеудi атап көрсеткен жөн. 5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi Осы Бағдарламаны iске асыру мыналарға: есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы, олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл саласында мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттік саясат пен стратегияны әзiрлеуге және iске асыруға; республикалық және өңiрлiк деңгейде әрi БАҚ арқылы есiрткiге қарсы iс-шараларды жүргiзу жолымен қоғамдық иммунитеттi қалыптастыруға;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |