|
|
|
Техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережесін бекіту туралы (2008.28.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 797 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2005.01.08. № 801 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.01.08. № 801 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және кодтау, өнiмдi каталогтау жүйесiн үйлестiру және дамыту, Қазақстан Республикасы жiктеуiштерiнiң бiрыңғай қорын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2005.01.08. № 801 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1 Қоса берiліп отырған Техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережесi бекітілсiн ҚР Үкіметінің 2005.01.08. № 801 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн (бұдан әрi - Депозитарий) құру және жүргiзу жөнiнде шаралар қабылдасын. ҚР Үкіметінің 2005.01.08. № 801 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi (бұдан әрi - Комитет) Депозитарий қызметiн ұйымдастыру жөніндегі уәкiлеттi орган болып белгiленсiн. 4. Мемлекеттік жiктеуiштердi (анықтамалықтарды) әзiрлеуге, бекітуге және жүргiзуге жауапты мемлекеттік органдар 2004 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде Комитетке олардың электронды және қағаз жеткiзушiлерде берiлуiн қамтамасыз етсiн. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегi № 926 қаулысымен бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.01.08. № 801 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуіштерiнiң депозитарийiн құру және жүргізу ережесi
Осы Техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратының мемлекеттік жiктеуiштерi депозитарийiнiң (бұдан әрi - Депозитарий) қызметiн ұйымдастырудың құқықтық негiздерiн және оны жүргiзу тәртібін белгiлейдi, Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу мен кодтау жүйесiн дамытуға мүдделi Депозитарий субъектілерi арасындағы өзара iс-қимыл тетiгiн айқындайды.
1. Негiзгi ұғымдар
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) Депозитарий - техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң жиынтығын бiлдiретiн, ведомствоаралық сипаты бар, олардың қалыптасуын, есепке алынуын, сақталуын, көкейкесті етiлген (бұдан әрi - көкейкесті ету) жағдайда ұсталуын қамтамасыз ететiн, Депозитарийдi пайдаланушылар мүддесiне ақпараттық және нормативтік қамтамасыз ететiн арнайы қор; 2) депозитарлық қызмет - техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуіштерiн әзiрлеу және қолдану саласында қалыптастыру, есепке алу, сақтау, көкейкесті ету, ақпараттық және нормативтік қамтамасыз ету жөніндегі Депозитарий субъектілерінің қызметi; 3) Депозитарийдiң жеткiзушілерi - техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiн әзiрлеуге, бекітуге және жүргізуге жауапты мемлекеттік органдар; 4) Депозитарийдiң пайдаланушылары - депозитарийдегі ақпаратты және жiктеуiштердi пайдалануға мүдделi жеке және заңды тұлғалар; 5) уәкiлетті орган - техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган.
2. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2008.28.04. № 396 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерi депозитарийi техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры негiзiнде құрылады және оның құрамдас бөлiгi болып табылады. ҚР Үкіметінің 2008.28.04. № 396 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Өзінің жұмысында Депозитарий осы Ереженi, техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын белгiлейтiн нормативтiк құжаттарды және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады. 4. Депозитарий қызметi мүдделi тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрамайтын бөлігінде қолжетiмдi, ашық және айқын болып табылады. 5. Қазақстан Республикасының экономикасы салаларында есепке алуға жататын статистикалық есептілік жүйесiнде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың түрлi ақпараттық жүйелерiнде пайдаланылатын техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерi депозитарлық қызмет объектілерi болып табылады. 6. Уәкiлеттi орган, Депозитарийдiң жеткiзушiлерi мен пайдаланушылары депозитарийдiң субъектілерi болып табылады.
3. Депозитарий жүргiзу тәртібі
7. Депозитарийдi жүргiзудi уәкiлетті орган жүзеге асырады. мемлекеттік органдар мен өзге де жеке және заңды тұлғалар; стандарттау жөніндегі халықаралық және өңiрлiк ұйымдар депозитарийдiң жиынтықтау көздерi болып табылады. 9. Жұмыстар жүргiзу және сақтау үшiн Депозитарийге техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеу мен кодтаудың бiрыңғай жүйесiнің стандарттарына сәйкес әзiрленген және бекітілген, нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгiленген талаптарға сәйкес iстерге ресiмделген техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерi мен оларға өзгерістер қабылданады. Жiктеуiштердің басқа санаттары шығарылған құжаттар түрiнде қабылданады. 10. Депозитарийдiң жеткiзушілерi құжаттарды көкейкесті түрде ұстау үшiн техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiн, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды Депозитарийге олар бекiтілгеннен кейiнгi екi апталық мерзiмiнен кешіктiрмей берудi қамтамасыз етеді. 11. Депозитарийге келiп түсетiн және ондағы бар барлық техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерi, сондай-ақ олар туралы анықтамалық ақпарат қатаң есепке алынуға тиiс. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiн есепке алу олардың сақталуын қамтамасыз ету және олардың қозғалысын, көкейкесті етілуi мен әрекет ету мерзiмдерiн бақылау мақсатында жүзеге асырылады. 12. Депозитарийде техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiн есепке алуға, қалыптастыруға және сақтауға жауапты тұлғалар айқындалады. 13. Депозитарийге осы Ереженiң 8-тармағында көзделген ұйымдар берген техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерi бақылау даналарына жатады және олар жұмыс iстеу үшiн берiлмейдi. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiнiң бақылау даналары мүдделi тұлғаларға берілетiн құжаттардан бөлек сақталады. Берiлуге жататын техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерінің даналары «Жұмыс даналары» мәртебесiне ие болады және жұмыс iстеу үшiн мемлекеттік және орыс тілдерiнде қағаз, ал ол болмаған жағдайда электронды жеткiзушілерде берiледi. 14. Белгіленген тәртiппен Депозитарийге келiп түсетiн техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен ресiмделедi. 15. Депозитарийдiң техникалық-экономикалық ақпаратының мемлекеттік жiктеуiштерi тәртібін уәкілетті орган белгiлейтін жиынтық және жеке есепке алынуға жатады. техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерінің эталондары мен бақылау даналарын құруды; ақпараттың дұрыстығы мен толықтығын, жаңа объектілердi жiктеу мен кодтауды қамтамасыз ету, техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiн жетiлдiру мақсатында оларға өзгерістер енгiзудi көздейдi. 17. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган арнайы үй-жай бөледi. Сақтау нормативтік құқықтық кесiмдер белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. 18. Депозитарийдегi техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерi толық мәтiндiк электронды дерекқорларда қалыптастырылады. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерi бойынша электронды дерекқорлар мемлекеттік және орыс тiлдерiнде қалыптастырылады. 19. Мүдделi тараптарға қызмет көрсету уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады. 20. Депозитарийдегi техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерi туралы ақпарат мемлекеттік стандарттардың жылдық және ай сайынғы ақпараттық сiлтеуiштерiнде жарияланады.
4. Депозитарий субъектілерiнiң жауапкершілігi
21. Депозитарий субъектiлерi оған берiлген және сақталатын техникалық-экономикалық ақпарат мемлекеттік жiктеуiштерiнiң көкейкестiлігі үшiн өзiнiң құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |