|
|
|
Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы (2005.07.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 360 Бұйрығымен күші жойылды
ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005.07.09. № 345 Бұйрығымен атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 19-бабының 12-тармақшасына және 433-бабының 2-тармағына сәйкес, «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңына, «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңына сәйкес Бұйырамын: ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005.07.09. № 345 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелерінің, кедендерінің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төрағаның міндетін атқарушы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |