|
|
|
ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен күші жойылды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің (бұдан әрi - Министрлiк) өз құзыретiнің шегiнде құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады. Комитеттiң негiзгi мiндетi құқықтық көмектi, құқықтық түсiндiру жұмыстарын және халыққа заңгерлiк қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты iске асыру болып табылады. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кесiмдерiне, осы Ережеге және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттілiк берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар. 4. Комитет өз құзыретіндегi мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен бұйрықтар шығарады. 5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының ?кіметі бекiтедi. 6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 45. 7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлермен оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуiне тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер келтiретiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары 10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен: ҚР Үкіметінің 2005.02.06. № 549 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялар: аумақтық әдiлет органдарының құқықтық көмектi, құқықтық насихатты ұйымдастыру және заңгерлiк қызмет көрсету мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестірудi; мемлекеттік органдардың заң қызметтерiмен құқықтық насихат және жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру мәселелерi бойынша жұмысты үйлестiрудi және өзара iс-қимыл жасауды; Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң, ведомстволық бағынысты ұйымдарының құқықтық насихат және заңнаманы түсiндiру мәселелерi жөніндегi жұмысын үйлестiрудi; әдiстемелiк және түсiндiру материалдарын әзiрлеудi, құқық қолдану практикасын қорытуды және реттеудi, сондай-ақ құқықтық түсiндiру жұмыстарын ұйымдастыруды, халыққа құқықтық қызмет көрсету мен заң қызметiн көрсетудің проблемалық мәселелерi жөнiндегі iс-шараларды ұйымдастыруды; нотариустық қызметпен айналысу құқығына берiлетiн лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзудi; адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзудi; аумақтық әдiлет органдарының халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсету мәселелерi жөніндегі әрекеттерiне, сондай-ақ нотариустар мен адвокаттардың олар ұсынған қызметтердiң сапасы мәселелерi жөніндегі әрекеттерiне шағымдарды қарауды; өз құзыретiнiң шегiнде құқықтық көмектi және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды; өз құзыретiнiң шегiнде құқықтық көмектi ұйымдастыру және заңгерлiк қызмет көрсету, құқықтық түсiндiру жұмыстары, құқықтық оқыту және тәрбиелеу мәселелерi бойынша мемлекеттік органдармен, үкiметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасауды; әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудың өткізілуін ұйымдастыруды; стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етудi; өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетудi; оған басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi; азаматтар мен заңды тұлғалардың Әдiлет министрлігінiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды; ҚР Үкіметінің 2005.02.06. № 549 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) бақылау функцияларын: аумақтық әдiлет органдарының халыққа құқықтық көмектi ұйымдастыру және заңгерлік қызмет көрсету саласында заңдылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөнiндегі қызметін; халыққа нотариаттық және адвокаттық қызмет көрсету сапасын, соның ішінде нотариустар мен адвокаттардың лицензияларын қайтарып алуды, қолданысын тоқтата тұруды және тоқтатуды; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен адвокаттық және нотариустық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады. 11. Комитеттің заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) өз құзыретiнің шегiнде халыққа құқықтық көмектi ұйымдастыру және заңгерлік қызмет көрсету саласында нормативтік құқықтық кесiмдер қабылдауға; 2) өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдiруге ұсыныстар дайындауға; 3) заңнамада белгіленген тәртiппен мемлекеттік органдардағы құқықтық насихат пен жалпыға бірдей құқықтық оқыту жөніндегі жұмыстың жай-күйіне тексерiстердi жүзеге асыруға; 4) құқықтық көмектi ұйымдастыру және заңгерлік қызметтер көрсету, сондай-ақ олардың нотариустар мен адвокаттардың кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруының заңдылығына бақылауды жүзеге асыруы мәселелерi бойынша аумақтың әдiлет органдарына әдістемелік көмек көрсетуге; 5) заңнамада белгiленген тәртіппен аумақтық әділет органдарынан, нотариаттық палаталар мен адвокаттар алқаларынан, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан ақпарат пен материалдар, сондай-ақ құқықтық көмектi ұйымдастыру және заңгерлік қызметтер көрсету үшiн қажетті басқа да мәліметтерді сұратуға және алуға; 6) өзiнiң құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктер беруге; ҚР Үкіметінің 2005.02.06. № 549 қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 7) нотариустық (адвокаттық) қызметпен айналысу құқығына берiлген лицензияларды керi қайтарып алу туралы республика соттарына талап-арыз беруге және аумақтық әділет органдарына сот органдарында лицензиярдың мүдделерін білдiрудi тапсыруға; 8) құқықтық көмектi ұйымдастыру және заңгерлік қызметтер көрсету мәселелерi бойынша халықаралық шарттар жасасу және оларға қосылу туралы ұсыныстар eнгізуге; 9) кеңестер, семинарлар, конференциялар өткiзуге, сондай-ақ халықаралық конференциялар мен кеңестерде өзiнің құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасын білдiруге және олардың жұмысына қатысуға; 10) құқықтық тақырып бойынша баспа қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар. 12. Комитеттің жедел басқару құқығында республикалық меншiкке жататын оқшауланған мүлкі болады. Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерімiнде көрсетілетiн өзге де мүлiктен тұрады. 13. Комитеттің өзiне бекітілген мүлiктi өздiгiнен иелiктен айыруға немесе өзге тәсiлдерiмен иелiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамалық кесiмдерде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелік ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру 14. Комитетті Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 15. Комитет төрағасы комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады. 16. Осы мақсатта Комитеттің төрағасы: 1) өзiнiң орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiктерiн белгілейдi; 2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерiн көтермелейдi, оларға тәртiптік жаза қолданады және алып тастайды; 4) бұйрықтарға қол қояды; 5) Комитеттiң құрылымдық бөлімшелерi туралы ереженi бекiтедi; 6) Комитеттi мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бiлдiредi; 7) өз құзыретіне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 17. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитетінің құрылымы Басшылық Заң қызметiн ұйымдастыру басқармасы Құқықтық түсiндiру жұмыстары бөлімi Лицензиялау және әділет аттестаттау комиссиясы қызметін қамтамасыз ету бөлімі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |