|
|
|
Қазақстан Республикасында «электрондық үкiмет» қалыптастырудың ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрi сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңiнен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында «электрондық үкiмет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн. 3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi жарты жылда бір рет, есептi кезеңнен кейiнгі айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелсiн. 6. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 10, 108-құжат; 2003 ж., № 44, 472-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |