|
|
|
Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу ережесін бекіту туралы (2007.31.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009.02.03 № 235 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу ережесi бекітілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiн ведомстволық бақылау туралы ереженi бекіту жайында» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 2 қыркүйектегi № 773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 34, 398-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 12 қазандағы № 1320 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 32, 406-құжат); 3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістердiң 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат). 3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1246 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу тәртібін белгiлейдi. ҚР Үкіметінің 2007.31.07. № 651 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасында iшкi бақылауды iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлетті орган және iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асырады және мемлекеттік қаржы бақылау объектiлерiнiң қаржылық есептіліктi жасау және беру сенiмділiгi, бухгалтерлiк есеп жүргiзу, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын, мемлекеттің активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерліктерін, мемлекеттік мекемелердiң олардың иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), байланысты гранттарды iске асыруынан алынатын ақшаны пайдалану негiзділiгi мен тиiмділігі бөлiгiнде заңнама талаптарын сақтауын тексеру мақсатында жүргiзіледi. 3. Iшкi бақылау жүргiзу ережесi iшкi бақылау субъектілерi мен объектілерiнің орындауы үшiн мiндетті. 4. Осы Ережеде мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады: ҚР Үкіметінің 2007.31.07. № 651 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) бақылау ауқымы - бақылауға жататын мәселелердiң тiзбесiн, бақылаумен қамту кезеңiн және оның ұзақтығын қамтитын бақылау көлемi; ҚР Үкіметінің 2007.31.07. № 651 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері - бюджет процесіне қатысушылар, мемлекеттің қатысуы бар субъектілер, бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар; 3) бақылау субъектілерi - iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган, iшкi бақылау қызметтерi; 4) бақылау iс-шарасы (бақылау) - бақылау объектiсiнiң қызметін заңнамаға сәйкестiгі мен жасалған шаруашылық және қаржы операцияларының тиiмділігі, олардың бухгалтерлiк есеп пен есептілікте көрсетiлу дұрыстығы тұрғысынан құжаттамалық және iс жүзiнде тексеру жөніндегі мiндетті бақылау iс-әрекеттерiнiң жүйесi; 5) ревизор - бақылау iс-шарасын жүзеге асыратын бақылау субъектiсiнiң қызметкерi, сондай-ақ бақылау iс-шарасына қатысуға тартылатын өзге ұйымның маманы; 6) тексеру тобы - бақылау iс-шарасына қатысуға тартылған өзге де ұйымдардың мамандарын қоса алғанда бақылау субъектiсiнiң екi және одан көп қызметкерi; 7) ҚР Үкіметінің 2007.31.07. № 651 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9) ҚР Үкіметінің 2007.31.07. № 651 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 10) бақылаудың жеке бағдарламасы - нақты бақылау объектiсiнiң бақылау iс-шарасын жүргiзу кезiнде тексеруге жататын мәселелердiң тiзбесi. 5. Осы Ережеде пайдаланылатын басқада ұғымдар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде анықталатын мағыналарда қолданылады. Iшкi бақылау субъектiлерi мен объектілерi ҚР Үкіметінің 2007.31.07. № 651 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Iшкi бақылау құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады: жергілiктi атқарушы органдарды бақылау; мемлекеттік мекемелердi бақылау; мемлекеттік кәсiпорындарды бақылау; байланысты гранттарды, мемлекеттiң активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерліктерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғаларды бақылау; бюджет қаражатын алушыларды бақылау. 7. Жергілiктi атқарушы органдарды тексеру кезiнде олардың бюджет заңнамасын сақтау мәселелерi бақылауға ұшырайды. Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілеттi орган осы бақылау тобының субъектiсi болып табылады. Әкiмдердiң аппараттары және бюджеттік жоспарлау және тиiсті әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктiң бюджетiн атқару жөніндегі жергілiктi уәкiлетті органдар бақылау объектілерi болып табылады. 8. Мемлекеттік мекемелердi тексеру кезiнде мемлекеттік мекемелер қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгі бақылауға ұшырайды. Осы бақылау тобының субъектілерi: барлық мемлекеттік мекемелер үшiн - iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілеттi орган; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тиiстi мемлекеттік органның орталық аппаратының және оның ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерi үшiн - iшкi бақылау қызметтерi болып табылады. Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер бақылау объектілерi болып табылады. 9. Мемлекеттік кәсiпорындарды тексеру кезiнде iшкi бақылауға жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік кәсiпорындардың қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне бақылауға ұшырайды. Осы бақылау тобының субъектілерi барлық мемлекеттік кәсіпорындар үшін iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілеттi орган, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсiпорындар үшін орталық мемлекеттік органдардың iшкi бақылау қызметтерi болып табылады. Мемлекеттік кәсiпорындар бақылау объектілерi болып табылады. ҚР Үкіметінің 2007.31.07. № 651 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Байланысты гранттарды, мемлекеттiң активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерліктерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғаларды тексеру кезiнде байланысты гранттарды, мемлекеттің активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды мақсатты және негіздi пайдалану мәселелерi бақылауға ұшырайды. Осы бақылау тобының субъектілерi барлық жеке және заңды тұлғалар-пайдаланушылар үшін iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган; әкiмшілерi не уәкілетті органдары тиiсті орталық басқару органдары болып табылатын байланысты гранттарды, мемлекеттiң активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерліктерін пайдаланушылар үшiн орталық мемлекеттік органдардың iшкi бақылау қызметтерi болып табылады. Байланысты гранттар, мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, мемлекеттің кепілгерліктерін және мемлекеттің активтерiн алған жеке және заңды тұлғалар бақылау объектілерi болып табылады. 11. Бюджет қаражатын алушыларды тексеру кезiнде бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi мәселелері бақылауға ұшырайды. Осы бақылау тобының субъектілерi: iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган - барлық бюджет қаражатын алушылар үшiн; iшкi бақылау қызметтері - орталық басқару органдары және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары үшiн. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, бюджет қаражатын пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржы қызметтерiн, оның iшiнде бюджет қаражатын игерудiң барлық сатысында азаматтық-құқықтық мәмілелер негiзiнде көрсететін тұлғалар бақылау объектілерi болып табылады. 3. Бақылау iс-шараларын жоспарлау 12. Бақылау мақсаттарына сапалы және уақытылы қол жеткiзудi неғұрлым үнемдi, өнiмдi және тиiмдi тәсiлмен қамтамасыз ету бақылау іс-шараларын жоспарлау процесiнiң негізiн қалаушы шарт болып табылады. 13. Жоспарлау процесi мынадай сатылардан тұрады: тексеруге жататын бақылау объектiлерiнiң қызметiн алдын ала зерделеу; бақылау ауқымын және бақылау мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажеттi еңбек ресурстары көлемiн мiндетті түрде көрсете отырып, бақылау iс-шараларының егжей-тегжейлi жоспарын әзiрлеу. 14. Бақылау iс-шараларын жоспарлау бақылау объектiсiн таңдау кезiнде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде көзделген тәуелсiздiк және объективтiк қағидаттарында жүзеге асырылады. 15. ҚР Үкіметінің 2007.31.07. № 651 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2007.31.07. № 651 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 16. Кешендi бақылауды жоспарлау Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде белгіленген кезеңділiк негізiнде жүзеге асырылады. Тақырыптық бақылауды жоспарлау тиiстi өкiлдi және атқарушы органдардың бастамашылық мәселелерi, тапсырмалары мен сұрау салулары, азаматтардың өтiнiштерi және басқа негіздемелердiң негізiнде жүзеге асырылады. Бақылау iс-шараларының жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар бақылау субъектiсi басшысының бұйрығымен ресiмделедi. Жоспардан тыс бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, оған уәкілеттік берiлген мемлекеттік органдардың тапсырмалары немесе сұраулары, депутат сауалдары, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiмдерi, өтiнiштерi, шағымдары бойынша жүргізiледi. Iшкi бақылау субъектілерiнiң бақылау iс-шаралары жоспарларында бақылау объектілерi, бақылау жүргізу мерзiмi және бақылау материалдарын iске асыру нысаны көрсетiледi. Бақылау объектiлерiн бiрнеше iшкi бақылау субъектілерiнiң бақылау iс-шараларының жоспарларына бiр уақытта енгізген кезде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 143-бабының 4-тармағына сәйкес iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлетті органның басшылығымен бiрлескен бақылау жүргiзiлуi мүмкiн. ҚР Үкіметінің 2007.31.07. № 651 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 17. Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн мыналардың: республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару жөніндегі орталық және жергілiкті уәкілеттi органдар беретiн өткен кезеңдердегі республикалық және жергілiкті бюджеттердiң атқарылуы есептерiн талдау деректерiнiң; Iшкi бақылау қызметтерiнiң бақылау iс-шаралары жоспарлары жобаларының; Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның бақылау iс-шаралары жоспарының жобасы бойынша Есеп комитетiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссияларының ұсыныстары негізiнде бақылау iс-шараларының жоспарын қалыптастырады. Тиiсiнше үйлестiрудi қамтамасыз ету және бақылау жүргізуде қайталануды болдырмау мақсатында iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілеттi органның Бақылау iс-шаралары жоспарының жобасы жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 қарашасынан кешiктiрiлмей Есеп комитетіне жiберіледi. Есеп комитетiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссияларының жоспарланатын жылы тексеруге жататын бақылау объектiлерiн мемлекеттік қаржы бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары арасында бөлу туралы және бiрлескен бақылау iс-шараларының тiзбесi туралы ұсыныстарын ескере отырып бақылау iс-шараларының жоспарын iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілеттi органның басшысы бекiтедi. Бақылау iс-шараларының бекiтілген жоспары ақпараттандыру үшiн Есеп комитетiне - республикалық бюджет объектілерi бойынша, мәслихаттардың тексеру комиссияларына - тиiстi жергілiктi бюджеттердiң объектілерi бойынша жiберiледi. ҚР Үкіметінің 2007.31.07. № 651 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 18. Ішкi бақылау қызметтерiнiң алдағы жылға арналған бақылау iс-шаралары жоспарларын қалыптастыру: орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының республикалық бюджетті атқаруын сипаттайтын есептi деректерi мен басқа да материалдарының талдануы; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде анықталатын бақылау мерзiмділігінiң негiзiнде жүзеге асырылады. Жоспарлау сатысында бақылау iс-шараларының мүмкiн қайталануының алдын алу мақсатында iшкi бақылау қызметтерi жоспарының жобасы жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 қарашасынан кешiктірілмей iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға келісуге жiберіледi. Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның бақылау объектілерiн iшкi бақылау субъектілерi арасында бөлу туралы және бiрлескен бақылау iс-шараларының тiзбесi туралы ұсыныстарын ескере отырып жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан кешiктiрілмей iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға жiберіледi. 4. Iшкi бақылау жүргiзуге қойылатын негiзгі талаптар 19. Iшкi бақылау iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн үлгілiк бақылау бағдарламаларының негізiнде жүзеге асырылатын кешендi немесе тақырыптық бақылау түрiнде жүргізіледi. ҚР Үкіметінің 2007.31.07. № 651 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 20. Кешендi бақылау нақты кезеңде бақылау объектiсiнiң барлық мәселелер бойынша бүкіл қызметінiң бағдарламалық мәселелерiн қамтиды. ҚР Үкіметінің 2007.31.07. № 651 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 21. Тақырыптық бақылау нақты кезеңде бақылау объектісiнiң жекелеген мәселелер жөніндегі қызметiн қамтиды. 22. Бақылау басталғанға (бақылау объектiсiне барғанға) дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей бақылау субъектiсi бақылау объектiсiнде жұмыс жоспарын және жеке бақылау бағдарламасын бекiтедi. 23. Бақылау объектiсiнде жұмыс жоспары бақылауға жататын бақылаудың тақырыбы мен мiндеттерiн, бақылау объектiсiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесiн, бақылау iс-шаралары бағыттарының басымдылығын, еңбек шығындарын ұйғаратын бақылаудың ауқымы туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс. 24. Бақылау объектiсiнде жұмыс жоспары олар орын алған нақты кезеңдi белгілеу үшiн бақылау объектiсiндегі бұзушылықтар және олардың жалпы сомасы туралы қосымша алынған ақпараттың негiзiнде бақылау жүргiзу процесiнде өзгертiлуi және (немесе) толықтырылуы мүмкiн. 25. Iшкi бақылау жүргiзу тәртібі туралы талаптардың орындалуын тиiсiнше қадағалауды ұйымдастыру мақсатында iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган: iшкi бақылау қызметтерiнiң мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын, осы Ереженi, Қазақстан Республикасының iшкi бақылау рәсiмдерiн регламенттейтiн басқа нормативтiк құқықтық кесiмдерiн сақтауын, олардың бақылау объектілерiн тексеру мерзiмділігі мен толықтығын қамтамасыз етуiн бақылауды жүзеге асырады; тексерушілердiң бақылау актілерінде көрсетiлген қорытындыларының және қаржылық тәртiп бұзушылықтардың жолын кесу және алдын алу жөнiнде қабылданған шаралардың заңнамаға сәйкестігін және құқық бұзушылық белгілерi бар бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына беру толықтығын тексередi; жоспарлардың Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң кешендi тексерулер мерзiмділігiнiң сақталуы және есептерде жүргізiлген бақылау нәтижелерiнiң көрсетілу дұрыстығы туралы талаптарының орындалуы тұрғысынан орындалуын бақылайды. 5. Iшкi бақылау жүргiзу тәртібі 26. Бақылау субъектiсi басшысының бақылау iс-шараларын тағайындау туралы бұйрығы iшкi бақылау жүргізу үшiн негiз қызметiн атқаратын құжат болып табылады. Бұйрық мiндеттi тәртiппен мыналарды: бақылау объектiсiнiң атауын; бақылау тағайындау үшiн негiздерге сiлтеменi; бақылау түрiн; тексеру тобын басқаратын тұлғаны көрсете отырып бақылау жүргiзуге тартылатын тексерушілер туралы мәлiметтердi; бақылау жүргiзу мерзiмi мен кезеңiн қамтуы тиiс. 27. Бақылау объектiсiн тексеруге өткен бақылауды жүргiзген бақылау субъектiсiнiң қызметкерлерi тартылуы мүмкiн. Тексеру тобының құрамы, әдетте өзге ұйымдардың тартылған мамандарын қоса алғанда екi және одан көп тексерушілерiнен қалыптастырылады. 28. Тексеру тобының мүшелерi жоспарланған көлемде және белгiленген мерзiмде бақылау бағдарламасын орындауда кедергілердiң жоқтығы туралы жазбаша растама бередi. ҚР Үкіметінің 2007.31.07. № 651 Қаулысымен 29-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 29. Бақылау объектілерiнде бақылауды тағайындау туралы бұйрықтар (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларды қоспағанда) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетiнде және оның аумақтық бөлiмшелерiнде мiндетті тiркеуге ал одан әрі есептен алуға жатады. 30. Бақылау жүргiзу мерзiмi алдағы жұмыстардың көлемiн, қойылған мiндеттердi, тексеру тобы мүшелерiнiң санын, сондай-ақ бақылау актiсiне қол қоюға қажет уақытты ескере отырып белгiленедi және 30 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс. Объективтi себептер болған кезде бақылау жүргізу мерзiмi бақылау iс-шарасын басқаратын тексерушiнiң дәлелдi ұсынысы бойынша бақылау субъектiсi басшысының бұйрығы негізiнде ұзартылады. ҚР Үкіметінің 2007.31.07. № 651 Қаулысымен 31-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 31. Кешендi бақылау жүргiзу кезiнде жекелеген мәселелердi бақылау тағайындауға бұйрықпен көзделген кезеңде басқа бақылау субъектiсi тексерген жағдайда кешендi бақылау тағайындаған басшы мынадай шешiмдер қабылдайды: актіде бақылау субъектiсiнiң атауын, бақылаудың көрсетiлген мәселелердi, және анықталған бұзушылықтардың сомасын қамту кезеңiн тақырыптық бақылауда қамтылған мәселелер мен тексермеу. Бұл ретте анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасына алдыңғы бақылауда белгіленген бұзушылықтар енгiзілмейдi; бақылау актілерi мемлекеттік қаржы бақылау стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда, бақылау субъектiсiнiң басшысы тағайындалған кешендi бақылаудың ауқымымен белгіленген кезеңдегi мәселелерді бақылау жоспарына қамтылған тексеру туралы шешiм қабылдайды. Келтiрiлген шешiмдердiң кез келгенiн қабылдаған кезде бақылау iс-шаралары кешен ретiнде жiктеледi. ҚР Үкіметінің 2007.31.07. № 651 Қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 32. Бақылау iс-шарасына басшылық ететiн тексерушi бақылау жүргізу басталар алдында: бақылау субъектiсiнiң басшысы анықтайтын тәртiппен бақылауға жататын мәселелердi тексеру тобының мүшелерiне бекіту тiзбесiн бекiтедi; бақылау объектiсiнiң басшысына бақылауды тағайындау туралы бұйрықты көрсетедi, оны Жұмыс жоспарымен таныстырады және бақылау объектiсiнде бар келушiлердi есепке алу кiтабында тексеру тобы (тексерушiнiң) мүшелерiнiң лауазымын, аты-жөнi мен бақылау мақсаттарын көрсете отырып тексеру жүргізу фактiсi туралы белгi жасайды; бақылау объектiсiнiң лауазымды тұлғаларына тексеру тобының мүшелерiн таныстырады; мынадай деректердi: бақылау жүргiзу мерзiмдерiн; тексерiлетiн мәселелердiң тiзбесiн; тексеру тағайындаған бақылау субъектiсiнiң байланыс телефонының нөмiрiн; тексерушi және оның орналасқан жерi туралы деректердi қамтитын жүргiзiлген бақылау туралы ақпаратты хабарлама түрiнде арнайы оқшауланған орындарда орналастырады. 33. Бақылау объектiсiнiң басшысы бақылау жүргізуге кедергi жасамайды, оның ауқымын шектемейдi, тексеру тобының мүшелерiн жұмыс орындарымен, бақылау жүргізу үшiн қажеттi барлық сұрау салынатын ақпаратпен қамтамасыз етедi және оның растығына, объективтiлiгi мен толықтығына жеке жауап бередi. 34. Бақылау объектiсiнде бухгалтерлiк есеп болмаған немесе тиісті емес жүргізген кезде тексеру тобының мүшелерi бұл туралы тиiстi актi жасайды, бұл туралы бақылау iс-шарасына басшылық жасайтын тексерушi бақылау тағайындаған лауазымды тұлғаға баяндайды. Бақылау субъектiсiнiң басшысы бақылау объектiсiнiң басшысына және бақылау объектiсiн басқару органының функциясын жүзеге асыратын жоғары тұрған органға бұл жұмысты аяқтау мерзiмiн анықтай отырып бақылау объектiсiнде бухгалтерлiк есепті қалпына келтiру туралы талабы бар жазбаша өкiм жiбередi және бақылауды уақытша тоқтату туралы шешiм қабылдайды. Одан әрi бақылауды жүргiзу бақылау объектiсiнде бухгалтерлiк есеп қалпына келтiрілгеннен кейiн жүзеге асырылады. 35. Бақылау субъектiсi қызметкерлерi бақылау жүргізу кезiнде: бақылау объектілерiнде нормативтiк сипаттағы құжаттаманы, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын, кiрiстер мен шығыстар сметаларын, қаржылық есептердi, бухгалтерлiк, банктiк, кассалық және басқа құжаттарды, ақша қаражаты мен басқа материалдық құндылықтардың болуын тексередi; бақылауға байланысты мәселелер жөнiнде қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiндiрулердi сұратады және алады; бақылау объектiлерiнде бақылау объектiсi өкiлдерiнiң қатысуымен өндiрiстiк, қоймалық және басқа үй-жайларды қарауды жүргізедi, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтердi түгендеудi, бақылау өлшемдерiн ұйымдастырады; белгіленген тәртiппен бақылауға қатысуға басқа мемлекеттік органдардың мамандарын, аудиторларды немесе аудиторлық ұйымдарды және сарапшыларды тарту туралы мәселе қояды; бақылау субъектiсiнiң құзыретiне енетiн өзге iс-әрекеттердi жүзеге асырады. 36. Бақылау iс-шараларын жүзеге асыру кезiнде бақылау субъектілерi тиісті ақпараттық технологияларды пайдалана алады. Ақпараттық технологияларды қолдану және бақылау актiсiнде нәтижелерiн көрсету әдiстемесiн iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайды. 37. Бақылауға қатысуға басқа мемлекеттік органдардың мамандарын, аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдарды және сарапшыларды тарту қажеттілігі болған кезде бақылау iс-шарасына басшылық ететiн тексерушi бақылау тағайындаған лауазымды тұлғаға немесе бақылау объектiсiмен бiрыңғай әкiмшілiк-аумақтық бiрлiкте орналасқан тиісті аумақтық бөлiмшенiң басшысына жазбаша хабарлама жiбередi. Онда басқа мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды және сарапшыларды тарту жөніндегі ұсыныстардың негiздемесi айтылады. Бұл ретте бақылау субъектiсiнiң штатында бақылау объектілерi өз қызметiнде пайдаланатын технологиялар саласында арнайы білiмi бар мамандардың болмауы басты өлшем болып табылады. Бақылау субъектiсiнiң басшысы көрсетiлген хабарламаны алған кезде тиісті мемлекеттік органға, аудиторға немесе аудиторлық ұйымға, сарапшыға тексеруге жататын мәселелердi және маманды тарту қажет мерзiмдi көрсете отырып жазбаша сұрау салу жiбередi. 38. Сұрау салуда көрсетілген мерзiмде мамандарды бөлу мүмкiн болмаған жағдайда iшкi бақылауға мамандар тартылатын бақылау субъектiсiнiң және мемлекеттік органның басшылары оларды бақылау субъектiсiнiң қарамағына iссапарға жiберудiң нақты мерзiмiн келiседi. ҚР Үкіметінің 2007.31.07. № 651 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 39. Мыналар бақылау жүргiзу барысында негiзгi бағыттар болып табылады: құрылтай, тiркеу, жоспарлы, есеп, бухгалтерлiк және басқа құжаттарды жүргiзілген операциялардың заңдылығы мен дұрыстығын белгілеу мақсатында олардың нысаны мен мазмұнына сәйкестігін тексеру; бюджет қаражатын, байланысты гранттарды, мемлекеттің активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдалану тиiмділігін тексеру; бухгалтерлiк есепте көрсетiлген жасалған операциялардың бастапқы құжаттардың деректерiне сәйкестiгiн, оның iшiнде оларда көрсетiлген ақша қаражатын және материалдық құндылықтарды алуды және берудi, iс жүзiнде орындалған жұмыстарды (көрсетiлген қызметтердi) тексеру; мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiнiң сақталуын, оның iшiнде конкурстық құжаттаманың жасалған шарттары ережелерiнiң, қойылған тауарлардың, қызметтердi сапалық және сандық сипаттамалары ұқсастығының және орындалған жұмыстардың, жасалған шарттардың ережелерiне сәйкестiгiн, сондай-ақ басқа мәселелердi тексеру; материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының бар-жоғы мен қозғалысын, шығындарды қалыптастыру дұрыстығын және алынған тауарларды, қызметтердi есепке қою толықтығын, орындалған (алынған) жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер көлемiнiң, ассортиментiнiң және сапасының растығын тексеру; жүргізілген операциялардың бухгалтерлiк есеп пен есептілікте көрсетiлу растығын тексеру, оның iшiнде: бухгалтерлiк есеп тiркелiміндегі жазбаларды бастапқы құжаттардың деректерiмен; есептi деректердi бухгалтерлiк есеп деректерiмен салыстыру. 40. Егер бақылау барысында үшiншi тұлғалармен есеп айырысулар және басқа қаржы құжаттарының растығын тексеру мүмкiндігі болмаса, сондай-ақ берiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) бағасының нақтылығына күдiк болса, берушiлерге қарсы бақылау жүргізiледi, оған белгіленген тәртiппен бұйрық ресiмделедi. 41. Бақылау барысында тексеру тобының мүшелерi жеке бақылау бағдарламаларына қатаң сәйкес бақылау жоспарына енгiзілген барлық мәселелердi тексередi. 42. Бақылау iс-шарасы аяқталғаннан кейiн бақылау актiсi жасалады. Бақылау актiсiнде алдыңғы бақылаудың нәтижелерi, бақылау объектiсiнiң бұрын анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылдаған шаралары туралы мәлiметтер, сондай-ақ осы бақылаудың нәтижелерi көрсетіледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |