|
|
|
Жекешелендiруге жатпайтын мүлiктi ұлттық компанияларға беру ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 1045 Қаулысымен күші жойылды
«Акционерлік қоғамдар турады» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Жекешелендiруге жатпайтын мүлiктi ұлттық компанияларға беру ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1454 қаулысымен бекітілді Жекешелендiруге жатпайтын мүлiкті ұлттық компанияларға беру ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жекешелендiруге жатпайтын мүлiктi ұлттық компанияларға беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi және жекешелендiруге жатпайтын мүлiктi (бұдан әрi - Мүлiк) ұлттық компанияларға берудiң тәртібі мен шарттарын реттейдi. 2. Мүлiктiң тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiмен бекiтіледі. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет), республикалық немесе коммуналдық мемлекеттік меншiкке билiк етуге уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган), ұлттық компания акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - Мемлекеттік басқару органы) және ұлттық компания (бұдан әрі - Алушы) осы Ережемен реттелетiн қатынастардың субъектілерi болып табылады. 4. Мүлiкті Алушыға беру туралы шешімді Үкімет қабылдайды. 5. Беруге жататын Мүлiктiң тізбесін, оны берудiң шарттарын белгiлеудi, сондай-ақ Үкiметтің тиiстi шешiмiнiң жобасын дайындауды Уәкiлетті органмен келісім бойынша Мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады. 2. Жекешелендiруге жатпайтын мүлiктi ұлттық компанияларға беру тәртібі мен шарттары 6. Алушыға: Мүлiк жалға (мүлiктiк жалға) немесе иелiктен шығару құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға; Мүлiк меншiкке: жарғылық капиталын төлеуге Мүлiктi иелену мен пайдалану құқықтары берiлуi мүмкiн. Мүлiктi Алушыға өзге шарттарда беру Алушының шаруашылық жүргiзушi субъектi ретiнде одан әрi жұмыс iстеуiнiң, Мүлiктiң бухгалтерлiк есебiн тиiсiнше жүзеге асырудың, Мүлiкке одан әрi билiк ету қажеттілігімен байланысты iрi инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың, сондай-ақ мемлекет үшiн ерекше әлеуметтiк, экономикалық маңызы бар өзге де жобаларды жүзеге асырудың мүмкiн болмауына әкеп соқтыратын айрықша жағдайларда Мүлiк Алушының меншiгiне берiледi. Мүлiк Алушының меншiгiне: Қазақстан Республикасының меншігіне жаңа эмиссияның акцияларын кейiннен бере отырып Алушының жарғылық капиталын берiлетiн Мүлiк құнының сомасына көбейту; Алушы акцияларының мемлекеттік пакетiн Жекешелендiруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесiне енгізу шарттарында берiледi. 7. Мүлiкті жалдау немесе сенiмгерлiк басқару мерзiмiн, сондай-ақ өтеу шарттарын Үкiмет айқындайды. 8. Мүлiктi беру Уәкiлеттi орган мен Алушының арасында тиiстi шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады. Мүлiктi жалға алу (мүлiктiк жалдау) шарты мен Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады. 9. Мүлiктi не Мүлiкке берiлетiн құқықтарды бағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды заңнамада белгіленген тәртiппен Уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 10. Мүлiктi Алушыға беру туралы шарт (осында және бұдан әрi жалға алу және сенiмгерлiк басқару шарттарын қоса алғанда): 1) Мүлiкке билiк ету жөніндегі құқықтық өкiлеттiктердiң толық тiзбесiн қоса алғанда Алушының құқықтарын; 2) Алушының: Мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету; Мүлiктi мақсаты бойынша пайдалану; Мүлiкке билiк етудi тек Үкiметтiң жазбаша келісімiмен жүзеге асыру; шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмде Мүлiктiң қаржылық және материалдық-техникалық жай-күйi туралы Уәкiлеттi орган алдындағы мерзiмдi есептілігі жөніндегі мiндеттерiн қамтуы тиiс. Мүлiктi беру туралы шарт, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де ережелердi қамтуы мүмкiн. 11. Мүлiкті Алушыға беру туралы шарттың тиiстi дәрежеде орындалуына бақылауды Уәкiлетті орган жүзеге асырады. 12. Алушыға берiлген Мүлiкке арналған құқықтарды мерзiмiнен бұрын қайтарып алу туралы шешiмдi, не осындай құқықтар берiлген мерзiмдi ұзарту туралы шешiмдi Үкiмет қабылдайды. 13. Мүлiкке арналған құқықтарды Алушыға беру туралы шарт, оның қолданысы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда, осы шартты iске асырумен байланысты шығындарды, Уәкілеттi органға қолданылатын айыппұлдық немесе өзге де санкцияларды өтеу шарттарын қамтымайды. 14. Мүлiкке арналған құқықтарды Алушыға беру туралы шарттың қолданысын тоқтату үшін негiздеме: оның белгіленген қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы; Алушы беру шарттарын орындамаған жағдайда Уәкілеттi органның бiр жақты тәртiппен шартты бұзуы; Yкiметтiң Мүлiкке арналған құқықтарды қайтарып алу туралы шешiмi; соттың шешiмi; Алушының өзiне берілген Мүлiкке арналған құқықтарды iске асырудан негiздемелi түрде бас тартуы; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздемелер болуы мүмкiн.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |