|
|
|
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 3 қыркүйек N 1305 "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ереже бекітілсін. 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1305 қаулысымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) "Білiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi. 2. Мемлекеттiк аттестациялау (бұдан әрi - аттестациялау), меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдары ұсынатын бiлiм беру қызмет көрсетулерiнiң бiлiм берудiң тиiстi деңгейiнiң жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкестiгiн мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм болып табылады. 3. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялаудың негiзгi принциптерi объективтiлiк, мiндеттілiк, мерзiмдiлiк және жариялылық болып табылады. 4. Аттестациялау бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi. 2. Мемлекеттiк аттестациялауды жүргiзудiң тәртiбi 5. Қазақстан Республикасының бiлiм саласындағы орталық атқарушы органдары мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының білім беру басқармалары (департаменттерi) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдарына сәйкес меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына аттестациялауды жүргізуді ұйымдастырады. 6. Орта кәсiптiк, жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарын аттестациялауды өздерiнiң құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдары ұйымдастырады. Жалпы бастауыш, негiзгi жалпы және жалпы орта, бастауыш кәсiптiк білім беретiн бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс бiлiм беру ұйымдарын аттестациялауды облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм беру басқармалары (департаменттерi) ұйымдастырады. 7. Бiлiм беру ұйымдары бес жылда бiр реттен артық аттестацияланбайды. 8. Аттестациялаудың бағдарламалары мен нысандарын, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдарын (филиалдарын) аттестациялау кезiнде қажеттi құжаттардың тiзбесiн қарауында бiлiм беру ұйымдары бар мемлекеттiк органдардың қатысуымен өздерiнiң құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдары әзiрлейдi және бекiтедi. 9. Аттестациялауды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдары мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм беру басқармалары (департаменттерi) өз құзыреттерiне сәйкес Аттестациялық комиссия құрады. Аттестациялық комиссияның құрамы мен ол туралы ереженi бiлiм саласындағы тиiстi мемлекеттiк органдар бекiтедi. 10. Аттестациялық комиссияның құрамына: 1) қарауында бiлiм беру ұйымдары бар мемлекеттiк органдардың өкiлдерi; 2) мемлекеттiк емес бiлiм беру ұйымдарының өкiлдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жетекшi педагогикалық қызметкерлерi енгiзiледi. 11. Аттестациялық комиссия аттестациялауды бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдар, сондай-ақ облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм беру басқармалары (департаменттерi) бекiтетiн бiлiм беру ұйымын аттестациялау кестесiне сәйкес, әр бiлiм беру ұйымы үшін 10 күннен аспайтын мерзімде жүргізеді. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдары мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм беру басқармалары (департаменттерi) аталған мерзiмдi, Аттестациялық комиссияның дәлелді өтiнiшiнiң негiзiнде, үш күннен аспайтын мерзiмге ұзарта алады. 12. Аттестациялау кестелерi бiлiм беру ұйымдарына аттестациялау басталардан үш ай бұрын хабарланады. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялаудың бекiтiлген кестелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiле алмайды. 13. Аттестациялау кестелерiне сәйкес аттестациялауға жататын бiлiм беру ұйымдары аттестациялау басталғанға дейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдарына және (немесе) облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм басқармаларына (департаменттеріне) құжаттар ұсынады. 14. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялауды жүргiзуге арналған шығыстар бiлiм беру ұйымдары құрылтайшыларының есебiнен жүзеге асырылады. 15. Аттестациялық комиссияның шешiмi шешiм шығарылғаннан кейiн екi күннен кешiктiрiлмей бiлiм беру саласындағы тиiстi мемлекеттiк органдардың бұйрығымен бекiтiлуге жатады. Аттестациялық комиссия мынадай дәлелдi шешiмдер қабылдауға құқылы: 1) аттестациялау 2) аттестацияламау. Аттестациялық комиссияның шешiмiн бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк органдар қайта қарай алмайды. 16. Бiлiм беру сапасының бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес еместiгi туралы куәландыратын бiлiм беру ұйымын аттестацияламау фактiсi, бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру үшiн негiз болып табылады. 17. Бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдардың жанынан, аттестацияланатын бiлiм беру ұйымдарының апелляциясын қарауға құқығы бар, республикалық аттестациялық комиссиялар құрылады. 18. Аттестациялық комиссияның шешіміне білім беру ұйымдары заңдарда белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін. 19. Шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық білім беру ұйымдарының филиалдарын аттестациялау, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |