|
|
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысы (ҚР Үкіметінің 14.01.00 ж. N 74; 12.10.00 ж. N 1521; 03.11.00 ж. N 1665; 20.12.00 ж. N 1863; 21.08.01 ж. N 1095; 17.07.02 ж. N 794; 19.08.02 ж. N 916; 12.09.02 ж. N 995 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 22 шілдедегі N 724 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiп отырған Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн. ҚР Үкіметінің 20.12.00 ж. N 1863; 09.06.03 ж. N 541 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне төрт, оның iшiнде бір бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн. ҚР Үкіметінің 03.11.00 ж. N 1665; 19.08.02 ж. N 916 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Бекiтiлген штат саны лимитінің шегiнде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы ведомстволары: Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi; Азаматтық авиация комитетi құрылсын. 4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен: Қазақстан Республикасының Үкiметiне құрылған ведомстволардың ережелерi мен құрылымын бекiту және Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн; осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын. 5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы Ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 12.10.00 ж. N 1521; 03.11.00 ж. N 1665; 19.08.02 ж. N 916; 12.09.02 ж. N 995 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) көлiк, ақпараттық және коммуникациялық кешенде басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiктiң мынадай ведомстволары: Көлiктiк бақылау комитетi, Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi, Азаматтық авиация комитетi, Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегі комитет, Аэроғарыш комитетi болады. 2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнің актiлерiне, өзге де нормативтік құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Министрліктiң, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен бұйрықтармен ресiмделетiн, Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар шешiмдер қабылдайды. 5. Министрлiктiң ережесi мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 6. Министрлiктің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 49. 7. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" мемлекеттiк мекемесi. 8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлiкке заң актілерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, мұндай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Министрлiктiң негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары ҚР Үкіметінің 14.01.00 ж. N 74; 12.10.00 ж. N 1521; 12.09.02 ж. N 995 қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді және толықтырылды 10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi: 1) көлiк, ақпараттық және коммуникациялық кешендi дамытудың стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 2) заңдарда белгiленген тәртiппен көлiк, ақпараттық және коммуникациялық кешен қызметiн мемлекеттiк реттеудi және үйлестiрудi жүзеге асыру; 3) көлiк, ақпараттық жүйелер, байланыс және ақпараттандыру қызмет көрсету рыногын қалыптастыруға қатысу және кәсiпкерлiкке, шағын және орта бизнеске мемлекеттiк қолдау көрсету; 4) ақпараттандыруға, тасымалдауларға және байланыс қызмет көрсетулерiне мемлекеттiк мұқтаждықтардың қажеттерiне болжамдар жасау және уақытында сапалы қамтамасыз ету; 5) көлiк пен байланыс қызмет көрсетулерiн тұтынушылардың құқығы сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысу; 6) көлiк пен байланыс және ақпараттандыру саласында заңдардың орындалуын қамтамасыз ету; 7) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және жобалау жұмыстарына мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыруға, сондай-ақ олардың көлiк және байланыс және ақпараттандыру салаларындағы кадрларды оқытуға, даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға қатысу болып табылады; 8) халықаралық трафикті есепке алуды жүзеге асыру. 9) ғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу. ҚР Үкіметінің 12.10.00 ж. N 1521; 03.11.00 ж. N 1665; 21.08.01 ж. N 1095; 17.07.02 ж. N 794; 12.09.02 ж. N 995 11-тармақ өзгертілді 11. Министрлiк заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады; 1) ақпараттандыру жүктердi, жолаушыларды тасымалдауға және байланыс қызмет көрсетулерiне қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк саясат пен стратегияны iске асыру; 2) Үкiметтiң шешiмi бойынша көлiк, ақпараттық және коммуникациялық кешеннiң заңды тұлғалары акцияларының мемлекеттiк үлестерi мен пакеттерiн иелену және пайдалану жөнiндегi функцияларын жүзеге асыру; 3) көлiктiк және ақпараттық, коммуникациялық қызметтi жүзеге асыратын объектiлердi жекешелендiру мәселелерiн шешуге қатысу; 4) өз құзыретiнiң шегiнде көлiк, ақпараттық және коммуникациялық кешеннiң дамуы мен жұмыс iстеуiнiң маңызды мәселелерi бойынша ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыру; 5) өз құзыретінің шегiнде көлiк, ақпараттық және коммуникациялық кешеннiң қызметiне байланысты нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама ұйымдастыруға қатысу; 6) өз құзыретiнiң шегiнде техникалық шарттар мен өзге нормативтердi бекiту, сертификаттау жүргiзу, сондай-ақ көлiк, ақпараттық және коммуникациялық кешенде белгiленген нормативтердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру; 7) көлiк пен коммуникациялар, ақпараттандыру қызметтерін көрсету, қызмет көрсету рыногын қалыптастыруға қатысу; 8) мемлекеттiк тапсырысты орналастырады, мемлекеттiк тапсырысқа бөлiнген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға қатысу; 9) әуе кеңiстiгiн, радиожиiлік спектрін, ақпараттық жүйелер мен желілерді пайдалануды, телекоммуникациялар желiсiнiң, почта байланысының жұмысын, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың жұмысын бақылауды жүзеге асыру; 10) Министрлiктің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және қабылдау; 11) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы көлiк, ақпараттық және коммуникациялық кешенiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеудi және үйлестiрудi жүзеге асыру; 12) көлiк, ақпараттық және коммуникациялық кешенде мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру; 13) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандарын ақысыз негiзде, ал мемлекеттiк қызметкер болып табылмайтын мамандарды ақылы негiзде сараптамалар мен консультациялар жүргiзу үшiн тарту; 13-1) өз құзыретiнiң шегiнде Министрлiктiң жыл сайынғы жұмылдыру жоспарларын әзiрлеу; 13-3) аэроғарыш қызметi саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзедi; 13-4) "Байқоңыр" ғарыш айлағы объектiлерiн тиiмдi пайдалану жөніндегi iс-шараларды әзiрлеу мен iске асыруды үйлестiредi. 14) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру. 12. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен: 1) жеке және заңды тұлғалардан Министрлiктiң құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша қажеттi ақпараттар, материалдар, анықтамалық деректердi сұратуға; 2) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныс енгiзуге; 3) көлiк, ақпараттық және коммуникациялық кешенге кiретiн республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң уәкiлеттi органы болуға, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға; 4) Yкiметтiң шешiмдерi бойынша көлiк, ақпараттық және коммуникациялық кешеннiң заңды тұлғалары акцияларының мемлекеттiк үлестерi мен пакеттерiне иелiк етуге және пайдалануға; 5) өзiнiң қарауындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң басшыларын iрiктеудi және тағайындауды жүзеге асыруға, заңдарға сәйкес бiрiншi басшылармен келiсiмшарттар жасауға; 6) өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық ұйымдарда көлiк, ақпараттық және коммуникациялық кешеннiң мүдделерiн бiлдiруге, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша халықаралық шарттарды дайындауды және жасасуды жүзеге асыруға; 7) Министрлiк ведомстволарының мiндеттерi мен функцияларына сәйкес келмейтiн бұйрықтарын тоқтатуға және хаттарын керi қайтарып алуға; 8) мемлекеттiк сатып алу процесiнде тапсырысшы болуға; 9) өзiне заңдармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 3. Министрліктің мүлкі 13. Министрлiктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. 14. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Министрлiкке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру 16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Министр басқарады. Министрдің оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) болады. 17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады әрi басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi. 18. Министр осы мақсатта: 1) вице-министрлердiң, Министрлiктің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттiктерiнiң шеңберiн айқындайды; 2) заңдарға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады; 3) заңдарда белгiленген тәртiппен Министрлiк қызметкерлерiн көтермелеу, материалдық көмектер көрсету, тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi; 4) Министрлiктің бұйрықтарына қол қояды; 5) Министрлiктiң құрылымын, штат кестесiн және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 6) Мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктің атынан өкiлдiк етедi; 7) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 19. Министрлiктiң консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi. 5. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату 20. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi 1. "Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 355 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 12, 112-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 11-тармағы. 3. "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1334 қаулысының 2-тармағының 3) тармақшасы. 4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 5 қазандағы N 1522 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |