|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан (2006.15.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 Қаулысымен күші жойылды
Көліктегі лицензиялау мәселелері жөніндегі қолданылып жүрген нормативтік құқықтық кесімдерді "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінiң 2001 жылғы 21 тамыздағы № 1095 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметiнің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. ҚР Үкіметінің 2006.15.03 № 168 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: 1) реттiк нөмiрi 3-жолда 3-бағандағы: "теміржол", "теміржол жылжымалы составын, қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу" деген сөздер алынып тасталсын; "әуе" деген сөзден кейiн "және темір жол" деген сөздермен толықтырылсын; 2) мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 40-жолмен толықтырылсын: "40. Қазақстан жолаушыларды, жүктерді темір жол Республикасының Көлiк көлігімен тасымалдау, темір жол және коммуникациялар жылжымалы составын, қауіпті жүктерді министрлігі тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу". 3. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 19 қаңтардағы № 29 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4. "Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлігiнде жолаушылар мен жүк тасымалын лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы № 885 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 23, 203-құжат): 1) атауындағы және мәтiнiндегi "жүк" деген сөзден кейiн ", қауiптi жүктер" деген сөздермен толықтырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында теңiз және өзен көлiгiндегi жолаушылар мен жүк тасымалын лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы Ережеде: атауындағы "жүк" деген сөзден кейiн "қауiптi жүктер" деген сөздермен толықтырылсын; мәтiнiндегi "жүктердi" деген сөзден кейін ", қауiптi жүктердi" деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтағы "немесе патент (бұдан әрi - лицензия)" деген сөздер алынып тасталсын; 8-тармақта: мынадай мазмұндағы үшiнші абзацпен толықтырылсын: "қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған - ҚЖ"; алтыншы және жетiншi абзацтар алынып тасталсын; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "17. Лицензиялық алымның мөлшері мен оны төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленеді. Қызметтің тиiстi түрiмен айналысудың барлық кезеңіне лицензиялар беру лицензия беру сәтінде бір жолғы лицензиялық алым төлеумен жүзеге асырылады."; 18-тармақ "айлық мерзiмнен кешiктiрілмей" деген сөздерден кейін ", шағын кәсіпкерлік субъектілері үшiн - он күн мерзімнен кешіктірілмей" деген сөздермен толықтырылсын; 24-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Егер заң кесiмдерiнде өзгеше көзделмесе, мынадай:"; төртінші абзацтағы "лицензиар лицензияны қайтып алуы мүмкін" деген сөздер "лицензия сот тәртібімен қайтарылып алынуы мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын; 27-тармақтың екінші, үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: "Лицензияны жоғалтқан кезде лицензиат көшірмесін алуға құқылы. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша он күннің ішінде лицензияның көшірмесін беруді жүргізеді. Бұл ретте лицензиат лицензиялық алым төлейді. Лицензиясы бар жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бір ай мерзімде осы туралы лицензиарға жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетілсе) өзгерген жағдайда, ол көрсетiлген мәліметтердi растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бiр айдың ішінде лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап 10 күннiң ішінде лицензияны қайта ресiмдейдi. Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетілген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым төленеді."; 30-тармақта: төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "мемлекеттік кеме тiзілімін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның қорытындысы болуы"; 36-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Мемлекеттік органдар (лицензиарлар) мен олардың лауазымды тұлғалары лицензиялау туралы заңнаманы бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң кесiмдерінде белгіленген жауапкершiлiкте болады". 5. "Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды және жүктерді тасымалдауды лицензиялау туралы тәртіпті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 шiлдедегi № 714 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 24, 212-құжат): 1) атауындағы және мәтініндегі "жүктердi" деген сөзден кейін ", қауiптi жүктердi" деген сөздермен толықтырылсын; 2) кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2200 Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiпте: атауындағы және мәтініндегі "жүктердi" деген сөзден кейін ", қауiптi жүктердi" деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақтың екінші абзацындағы "екi және одан артық өз бетімен жүретін көлік құралдарына" деген сөздер "әрбір өз бетімен жүретін көлік құралына" деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Лицензиялық алымның мөлшері мен оны төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен анықталады"; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "12. Лицензияны жоғалтқан кезде лицензиат көшірмесін алуға құқылы. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша он күннің ішінде лицензияның көшірмесін беруді жүргізеді. Бұл ретте лицензиат лицензиялық алым төлейді. Лицензиясы бар жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бір ай мерзімде осы туралы лицензиарға жазбаша хабарлауға міндетті. Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері (егер ол лицензияда көрсетілсе) өзгерген жағдайда, ол көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бiр айдың ішінде лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиар лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап 10 күннің ішінде лицензияны қайта ресімдейді. Бұл ретте лицензиат лицензиялық алым төлейді. Лицензияны қайта ресімдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерде алым төленедi. Заңды тұлғаны қайта тiркеген кезде лицензия қолданылу мерзімі аяқталғанға дейiн күшiн сақтайды."; 18-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Лицензиар және оның лауазымды тұлғалары лицензиялау туралы заңнаманы бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң кесімдерімен белгіленген жауапкершілікте болады."; 19-тармақта: екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі" деген сөздер "лицензиар" деген сөзбен ауыстырылсын. 6. ҚР Үкіметінің 24.11.01 ж. № 1232 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред қара) 7. ҚР Үкіметінің 24.11.01 ж. № 1232 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |