|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасында көліктегі қызметті лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1095 қаулысы (ҚР Үкіметінің 24.11.01 ж. N 1232 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2005 ж. 19 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Көліктегі лицензиялау мәселелері жөніндегі қолданылып жүрген нормативтік құқықтық кесімдерді "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1095 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметiнің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар 1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат): көрсетілген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ережеде: 7-тармақтағы "лицензияның күшiне енген мерзiмi аяқталғанға дейiн" деген сөздер "лицензияны алғаннан кейiн" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: 1) реттiк нөмiрi 3-жолда 3-бағандағы: "темiржол", "темiржол жылжымалы составын, қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу" деген сөздер алынып тасталсын; "әуе" деген сөзден кейiн "және темiр жол" деген сөздермен толықтырылсын; 2) мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 40-жолмен толықтырылсын: "40. Қазақстан жолаушыларды, жүктерді темір жол Республикасының Көлiк көлігімен тасымалдау, темір жол және коммуникациялар жылжымалы составын, қауіпті жүктерді министрлiгi тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу". 3. "Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді, қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдауды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары және біліктілік талаптары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 желтоқсандағы N 1621 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 52, 506-құжат): 1) кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2200 Заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын. 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасында автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді, қауіпті жүктерді тасымалдауды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы ережеде: мәтiндегi "Көлiк, коммуникациялар және туризм" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "оның бөлiмшелерi" деген сөздер "оның аумақтық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақтың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "өтiнiш берушi лицензиялық алымды енгiзбесе"; 15-тармақтың г) тармақшасы алынып тасталсын; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "16. Заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе азаматтың кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқан кезде лицензияны қолданылу тоқтатылады. Лицензияны жоғалтқан кезде лицензиат көшiрмесiн алуға құқылы. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша он күннiң iшiнде лицензияның көшiрмесiн берудi жүргiзедi. Бұл ретте лицензиат лицензиялық алым төлейдi. Лицензиясы бар жеке тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бiр ай мерзiмде осы туралы лицензиарға жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетiлсе) өзгерген жағдайда, ол көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бiр айдың ішiнде лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi. Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтініш берген күннен бастап 10 күннiң ішiнде лицензияны қайта ресiмдейдi. Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым төленеді". 17-тармақтағы "лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін" деген сөздер "лицензияны алғаннан кейін" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктерді автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдаумен айналысатын субъектілерге қойылатын бiлiктілiк талаптарында: екінші абзацтағы "қоғамның" деген сөздің алдынан "жүргізушілердің белгіленген еңбек және демалыс режимін орындау және" деген сөздермен толықтырылсын; алтыншы абзацтағы "Көлік, коммуникациялар және туризм" деген сөздер "Көлік және коммуникациялар" деген сөздермен ауыстырылсын; сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "көлік құралының жүргізушісі ретінде кемінде үш жылдық үзіліссіз жұмыс өтілі, ал қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия алған кезде қауіпті жүктердің тасымалдарына рұқсат алу үшін арнайы дайындықтан өткені туралы куәлігі болуы тиіс. Жүктерді тасымалдау (қауiптiлерінен басқа) рұқсат етiлген ең үлкен салмағы 7,5 тоннадан аспайтын көлiк құрылымын жүзеге асырылатын жағдайларда, жүргiзушілердiң жасы 18-ден кем болмауы тиiс. Егер тасымалдарды ұйымдастыру технологиясымен көлiк құралын басқаруға екi жүргiзушi көзделген болса, онда оның бiреуi 21 жастан кiшi болмауы тиiс;". 4. "Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлігiнде жолаушылар мен жүк тасымалын лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы N 885 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 23, 203-құжат): 1) атауындағы және мәтiнiндегi "жүк" деген сөзден кейiн ", қауiптi жүктер" деген сөздермен толықтырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында теңiз және өзен көлiгiндегi жолаушылар мен жүк тасымалын лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы Ережеде: атауындағы "жүк" деген сөзден кейiн "қауiптi жүктер" деген сөздермен толықтырылсын; мәтiнiндегi "жүктердi" деген сөзден кейін ", қауiптi жүктердi" деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтағы "немесе патент (бұдан әрi - лицензия)" деген сөздер алынып тасталсын; 8-тармақта: мынадай мазмұндағы үшiнші абзацпен толықтырылсын: "қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған - ҚЖ"; алтыншы және жетiншi абзацтар алынып тасталсын; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "17. Лицензиялық алымның мөлшері мен оны төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленеді. Қызметтің тиiстi түрiмен айналысудың барлық кезеңіне лицензиялар беру лицензия беру сәтінде бір жолғы лицензиялық алым төлеумен жүзеге асырылады."; 18-тармақ "айлық мерзiмнен кешiктiрілмей" деген сөздерден кейін ", шағын кәсіпкерлік субъектілері үшiн - он күн мерзімнен кешіктірілмей" деген сөздермен толықтырылсын; 24-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Егер заң кесiмдерiнде өзгеше көзделмесе, мынадай:"; төртінші абзацтағы "лицензиар лицензияны қайтып алуы мүмкін" деген сөздер "лицензия сот тәртібімен қайтарылып алынуы мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын; 27-тармақтың екінші, үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: "Лицензияны жоғалтқан кезде лицензиат көшірмесін алуға құқылы. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша он күннің ішінде лицензияның көшірмесін беруді жүргізеді. Бұл ретте лицензиат лицензиялық алым төлейді. Лицензиясы бар жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бір ай мерзімде осы туралы лицензиарға жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетілсе) өзгерген жағдайда, ол көрсетiлген мәліметтердi растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бiр айдың ішінде лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап 10 күннiң ішінде лицензияны қайта ресiмдейдi. Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетілген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым төленеді."; 30-тармақта: төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "мемлекеттiк кеме тiзілімін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның қорытындысы болуы"; 36-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Мемлекеттiк органдар (лицензиарлар) мен олардың лауазымды тұлғалары лицензиялау туралы заңнаманы бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң кесiмдерінде белгіленген жауапкершiлiкте болады". 5. "Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды және жүктерді тасымалдауды лицензиялау туралы тәртіпті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 шiлдедегi N 714 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 24, 212-құжат): 1) атауындағы және мәтініндегі "жүктердi" деген сөзден кейін ", қауiптi жүктердi" деген сөздермен толықтырылсын; 2) кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2200 Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiпте: атауындағы және мәтініндегі "жүктердi" деген сөзден кейін ", қауiптi жүктердi" деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақтың екінші абзацындағы "екi және одан артық өз бетімен жүретін көлік құралдарына" деген сөздер "әрбір өз бетімен жүретін көлік құралына" деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Лицензиялық алымның мөлшері мен оны төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен анықталады"; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "12. Лицензияны жоғалтқан кезде лицензиат көшірмесін алуға құқылы. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша он күннің ішінде лицензияның көшірмесін беруді жүргізеді. Бұл ретте лицензиат лицензиялық алым төлейді. Лицензиясы бар жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бір ай мерзімде осы туралы лицензиарға жазбаша хабарлауға міндетті. Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері (егер ол лицензияда көрсетілсе) өзгерген жағдайда, ол көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бiр айдың ішінде лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиар лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап 10 күннің ішінде лицензияны қайта ресімдейді. Бұл ретте лицензиат лицензиялық алым төлейді. Лицензияны қайта ресімдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерде алым төленедi. Заңды тұлғаны қайта тiркеген кезде лицензия қолданылу мерзімі аяқталғанға дейiн күшiн сақтайды."; 18-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Лицензиар және оның лауазымды тұлғалары лицензиялау туралы заңнаманы бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң кесімдерімен белгіленген жауапкершілікте болады."; 19-тармақта: екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі" деген сөздер "лицензиар" деген сөзбен ауыстырылсын. 6. ҚР Үкіметінің 24.11.01 ж. N 1232 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред қара) 7. ҚР Үкіметінің 24.11.01 ж. N 1232 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |