|
|
|
Автомобиль көлiгi саласында лицензиялау ережесін, соның iшінде
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлiгi саласында лицензиялау ережесi, соның iшiнде лицензиаттарға қойылатын білiктілiк талаптары бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
?кіметінiң 2005 жылғы 19 қаңтардағы № 29 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігі саласында лицензиялау ережесі, соның ішінде лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Автомобиль көлiгi саласында лицензиялау ережесi, соның ішінде лицензиаттарға қойылатын біліктілiк талаптары (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi және "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңдарына сәйкес әзiрлендi. 2. Ереже Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдауға, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауға лицензиялар беру тәртібі мен шарттарын белгілейдi. 3. Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны уәкілеттi орган (бұдан әрi лицензиар) бередi. 4. Біліктілiк деңгейi осы Ереженiң талаптарына сәйкес келетiн жеке және заңды тұлғалар автомобиль көлiгi саласында лицензиялау субъектілерi болып табылады. 2. Лицензиялауға жататын қызметтің түрлерi 5. Автомобиль көлігi саласында лицензиялауға қызметтің мынадай түрлерi жатады: 1) қауiптi жүктердi тасымалдау; 2) жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдау. 3. Лицензияларды берудiң тәртібі 6. Жеке және заңды тұлғалар лицензия алу үшiн лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) белгіленген үлгiдегi өтiнiш; 2) өтiнiш берушiнiң осы Ереженiң 23-тармағында көрсетілген білiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар; 3) лицензиялық алымның енгiзiлгенiн растайтын құжаттар; 4) заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелгені туралы куәлiктiң көшiрмесi; 5) жеке кәсiпкердің мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi және жеке кәсiпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаның жеке куәлiгiнiң көшiрмесi. 7. Лицензия беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешiмдi лицензиар барлық қажетті құжаттармен бiрге өтiнiшті алған күннен бастап бiр ай мерзiмнен, ал шағын кәсiпкерлiк субъектілерi үшiн он күн мерзiмнен кешіктірмей қабылдайды. Өтініш берушiнің лицензиялау туралы ұсынған құжаттарын қарау кезiнде сараптама жүргізiледi. 8. Қызметтің мәлiмделген түрiне және тасымалдардың ерекшелiктерiне байланысты лицензиялар мынадай белгiлермен белгiленедi: 1) жүктердi халықаралық тасымалдауға арналғаны - "Жүк"; 2) жолаушыларды халықаралық тасымалдауға арналғаны - "Ж"; 3) жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауға арналғаны - "ЖүкЖ"; 4) қауіпті жүктердi тасымалдауға арналғаны - "ҚЖ". Қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған лицензияда қауiптi жүктің түрi (сыныбы), сондай-ақ оның қолданылуының аумақтық аясы көрсетіледi: Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдарға арналған; халықаралық тасымалдарға арналған. 9. Лицензиялық алымды заңды және жеке тұлғалар лицензия алғанға дейiн енгiзедi. Оның мөлшерi мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленедi. 4. Лицензияның бар екенiн растайтын құжаттарды ресiмдеу 10. Әрбiр көлiк құралына лицензия ресiмдеумен бiр мезгілде автомобиль көлігімен қауiптi жүктердi тасымалдауға, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауға арналған лицензияның (бұдан әрi есептік құжат) бар екенін растайтын құжат ресімделедi. Есептік құжат осы көлiк құралын лицензияланатын қызметке пайдалануға рұқсат беретiн куәлiк те болып табылады. 11. Есептiк құжат автомобиль-тартқышқа жеке және тiркемеге жеке беріледi. Бiр тұлғаға қызметтің екi түрiне лицензиялар беру кезінде - көлiк құралына берiлген лицензияға сәйкес келетiн екi есептiк құжат ресiмделедi. Есептiк құжаттарды беру ақысыз жүзеге асырылады. 5. Лицензияларды қайта ресiмдеу 12. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес лицензиясын жоғалтқан жағдайда лицензиаттың телнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтінiші бойынша он күннің iшiнде лицензияның телнұсқасын берудi жүргiзедi. Бұл ретте лицензиат лицензиялық алым төлейдi. 13. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда ол көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiсті құжаттарды қоса бере отырып, бiр ай мерзiмде лицензиарды жазбаша түрде хабардар етедi. Бұл құжаттар жеке тұлғаның лицензиялық iсiне тiгiледi. 14. Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi өзгерген жағдайда ол осы мәлiметтердi растайтын тиiсті құжаттарды қоса бере отырып, бiр айдың iшiнде лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруi тиiс. Лицензиар лицензиат тиiсті жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күннiң iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi. Бұл ретте лицензиат лицензиялық алым төлейдi. 15. Лицензияларды қайта ресiмдеген кезде көлiк құралына арналған есептiк құжаттар да қайта ресiмделедi. 6. Лицензияның қолданылу шарттары 16. Лицензияның қолданылу шарттары, соның ішінде лицензия беруден бас тарту, лицензияның қолданысын тоқтату, лицензияны қайтарып алу және оның қолданысын тоқтата тұру тәртібі "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңымен реттеледi. 17. Лицензия қатаң есептілік бланкiсi болып табылады, бағалы қағаз деңгейiнде қорғанымдық дәрежесi, есептiк сериясы, нөмiрi болады және баспаханалық тәсiлмен дайындалады. Оның берiлуi заңды тұлғаға сенiмхат бойынша, жеке тұлғаға - жеке куәлiгi көшiрмесiнiң негiзiнде жүзеге асырылады. 18. Лицензиялық құжаттардың бланкілерiн есепке алу лицензиар белгілеген қатаң есептілік бланкiлерiн есепке алу және сақтау жөніндегі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. 19. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшiн төленген алымның сомаларын қайтару жүргiзiлмейдi. 20. Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауіпті жүктердi халықаралық тасымалдауды лицензиясыз не лицензиялық нормалар мен ережелердi бұза отырып жүзеге асыру "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілiкке әкеп соқтырады. 21. Лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен лицензиялық нормалар мен шарттардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады. 22. Лицензияның қызметiн тоқтатуға байланысты даулар заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледi. 23. Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдау жөнiндегі қызметті лицензиялау кезiнде өтiнiш берушiге қойылатын біліктілiк талаптары: 1) меншік құқығындағы, жалдау шарты немесе сенiмхат негiзіндегі автокөлiк құралының; 2) жолаушыларды немесе қауiптi жүктi тасымалдау кезiнде көлiк құралының жүргiзушiсiнде тиiсті санаттағы жүргiзушi ретiндегі кемiнде 3 жыл үзіліссіз жұмыс өтілінің; 3) автокөлiк құралының жолаушылар мен тамақ өнiмдерiн, сондай-ақ тасымалдануы автокөлiк құралының қолданылып жүрген заңнамалар мен нормативтерде белгіленген санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестігiн талап ететiн жүктердi тасымалдауға жарамдылығы туралы санитарлық паспорт түріндегі санитарлық қадағалау органдары қорытындысының; 4) жүргiзушiнi қауiптi жүктi тасымалдауға жiберу туралы куәлiктiң (қауiптi жүктердi тасымалдауға лицензия алу үшiн); 5) автокөлiк құралын қауiптi жүктi тасымалдауға жiберу туралы куәлiктiң (қауiптi жүктердi тасымалдауға лицензия алу үшiн); 6) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгіленген сақтандырудың мiндеттi түрi шартының болуын қамтиды. Үкiметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы № 29 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң күші жойылған кейбір шешімдерiнің тiзбесi 1. "Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгімен қауiптi жүктердi тасымалдауды, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары және біліктiлiк талаптары туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 желтоқсандағы № 1621 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 1996 ж., № 52, 506-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жолаушылар көлiгi мәселелерi жөніндегі кейбір шешiмдерiне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 наурыздағы № 251 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 9, 62-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 желтоқсандағы № 1621 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы № 277 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 10, 82-құжат). 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметті лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы № 1095 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 388-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы. 5. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 21 қарашадағы № 1165 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 44, 474-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы ?кіметінің кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |