|
|
|
Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың ерікті түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 2000 жылғы 24 мамырдағы № 243 Қаулысы
Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 243 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сақтандыру заңнамасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді: 1. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың ерiктi түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап 10 күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың ерiктi түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың ерiкті түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, облыстық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
Ұлттық Банк Төрағасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 мамырдағы № 243 бекітілген
Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың ерiктi түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртiбi туралы ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрi - сақтандыру ұйымдары) құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiн және оларды ерiктi түрде қайта құру мен таратуға рұқсат беру тәртiбiн белгiлейдi.
1. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар оларды әдiлет органдарында тiркеуден өткiзгенге дейiн сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) алдын ала мiндеттi түрде келiсiлуi тиiс. 2. Сақтандыру ұйымын ерiктi түрде қайта құру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) және тарату уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатымен жүзеге асырылады. 2-тарау. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беру тәртiбi
3. Сақтандыру ұйымы құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беру үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) еркiн нысанда жазылған өтiнiш; 2) сақтандыру ұйымының уәкiлеттi органының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (Жарғыға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес) шешiмi; 3) сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың бұрынғы құрылтай құжатына қосымша түрiндегi немесе жаңа редакциядағы құрылтай құжаты ретiнде (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) ресiмделген, нотариат куәландырған үш данасы. Құрылтай құжатқа өзгерiстер мен толықтырулардың не жаңа редакциядағы құрылтай құжатының бiрiншi парағының жоғарғы сол жағында мынадай жазу болуы тиiс: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiлдi. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төрағасы (Төрағаның орынбасары)»___"_____________». Түзетiп не қосып жазылғаны, сызылған сөздер мен өзге де расталмаған түзетулерi бар құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар қарауға қабылданбайды. 4. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беру туралы мәселенi уәкiлеттi мемлекеттiк орган құжаттар толық ұсынылған күннен бастап бiр айдың iшiнде қарауы тиiс. 5. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулардың бiр данасы сақтандыру ұйымының iсiне тiгiледi және уәкiлеттi мемлекеттiк органда сақталады. Қалған даналары мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн өтiнiш берушiге қайтарылады. 6. Құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың бiрiншi парағына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы (Төрағаның орынбасары) қол қояды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мөрiмен бекiтiледi. 7. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беруден мынадай негiздемелердiң бiреуi бойынша бастартылуы мүмкiн: 1) енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың нәтижесiнде кредиторлардың құқығы бұзылса; 2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмесе; 3) осы Ереженiң 3-тармағында көзделген барлық құжаттар ұсынылмаса. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымына бастарту себебiнiң негiздемелерiн көрсете отырып, құрылтай құжатына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беруден бастарту жөнiнде жазбаша хабарлайды.
3-тарау. Сақтандыру ұйымына ерiктi түрде қайта құрылуға рұқсат беру тәртiбi туралы
8. Сақтандыру ұйымын ерiктi түрде қайта құруға рұқсат алуға өтiнiш беру үшiн (осы Ережеге № 1 қосымша) осы сақтандыру ұйымының уәкiлеттi мемлекеттiк органының ерiктi түрде қайта құрылу туралы (Жарғыға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес) шешiмi негiз болып табылады. 9. Сақтандыру ұйымын ерiктi түрде қайта құруға уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатын алу үшiн берiлетiн өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлуi тиiс: 1) сақтандыру ұйымының уәкiлеттi органының ерiктi түрде қайта құрылу туралы шешiмi; 2) сақтандыру ұйымы жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн басқа сақтандырушыға (қайта сақтандырушыға) беру туралы не мұндай мiндеттемелердiң жоқ екендiгi туралы құжаттар; 3) сақтандыру ұйымдарын қайта құрудың нәтижесiнде жасалған болжамды қорытынды баланс; 4) қайта құрудың жоспар-кестесi және қайта құру кезеңiндегi сақтандыру ұйымының қызметiн басқару тәртiбi; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiлген және ресiмделген: бiрiктiру, қосу және қайта ұйымдастыру нысанымен қайта құру кезiнде - өткiзу актiсi немесе бөлу немесе бөлiп шығару нысанымен қайта құру кезiнде - бөлу балансы. 10. Сақтандыру ұйымын ерiктi түрде қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу өтiнiшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган құжаттар толық келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс. 11. Қайта құрылатын сақтандыру ұйымының барлық кредиторларына алда болатын қайта құрылу туралы жазбаша хабарлануы тиiс. Кредиторлардың талап қоюы үшiн заңнамаларда белгiленген мерзiм өткеннен кейiн уәкiлеттi мемлекеттiк органнан ерiктi түрде қайта құрылуға рұқсат алған сақтандыру ұйымы мемлекеттiк тiркеу үшiн әдiлет органдарына өтiнiш беруге мiндеттi. 12. Қайта құрылатын сақтандыру ұйымына сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына уәкiлеттi мемлекеттiк орган бұрын берген лицензия (оған қосымшалар) қайтарылуы тиiс (бөлiп шығару нысанында қайта құрылу жағдайын қоспағанда). Қосылу нысанында қайта құрылу кезiнде бұрын қосылған сақтандыру ұйымына берiлген лицензия қайтарылуы тиiс. 13. Сақтандыру ұйымын ерiктi түрде қайта құруға рұқсат беруден уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздер бойынша бас тартады: 1) болжанатын қайта құрудың нәтижесiнде кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келетiн болса; 2) болжанатын қайта құрудың нәтижесiнде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң ең аз деген шарттарын және уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтi құқықтық кесiмдерiмен белгiленген сақталуы мiндеттi болып табылатын нормалар мен лимиттердi бұзатын болса; 3) осы Ереженiң 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаса, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмесе. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандырушы ұйымға оның ерiктi түрде қайта құрылуына рұқсат беруден бастартқаны жөнiнде бастарту негiздемелерiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
4-тарау. Сақтандыру ұйымына ерiктi түрде таратылуға рұқсат беру тәртiбi
14. Сақтандыру ұйымын ерiктi түрде таратуға рұқсат алуға өтiнiш (осы Ережеге N 2 қосымша) беру үшiн осы сақтандыру ұйымының уәкiлеттi мемлекеттiк органының оның ерiктi түрде таратылуы туралы (Жарғыға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес) шешiмi негiз болады. 15. Ерiктi түрде таратылуға рұқсат беру туралы өтiнiшке мыналар қоса берiлуi тиiс: 1) сақтандыру ұйымының уәкiлеттi органының ерiктi түрде таратылуы туралы шешiмi; 2) сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мiндеттемелердiң бар екендiгi және осы мiндеттемелердiң заңды мұрагерлерi (сақтандыру портфелiн беру кезiнде) туралы ерiктi түрде тарату жөнiнде шешiм қабылданған күнгi ақпараттары бар құжаттар; 3) сақтандыру ұйымының банктер мен басқа да қаржы ұйымдарының алдындағы мiндеттемелерi туралы ақпараты бар құжаттар; 4) сақтандыру ұйымының уәкiлеттi мемлекеттiк органының ерiктi түрде тарату туралы шешiм қабылдаған күнгi сақтандыру ұйымының өз мiндеттемелерiн орындау бойынша меншiктi қаражатының жеткiлiктi екендiгiн куәландыратын аудиторлық қорытындымен бекiтiлген баланстық есеп; 5) сақтандыру ұйымын ерiктi түрде таратудың, оны жүзеге асыру талаптары мен мерзiмi көрсетiлген жоспары. 16. Сақтандыру ұйымын ерiктi түрде таратуды жүргiзуге рұқсат алу өтiнiшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Ереженiң 15-тармағында аталған барлық қажеттi құжаттар түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс. 17. Сақтандыру ұйымы ерiктi түрде таратылуға жазбаша рұқсатты алған күннен бастап сақтандыру мәмiлелерiн жүзеге асыруды тоқтатуға мiндеттi және 5 күндiк мерзiм iшiнде сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына бұрын берiлген лицензияны (оған қосымшаны) уәкiлеттi мемлекеттiк органға қайтаруы тиiс. 18. Сақтандыру ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ерiктi түрде таратылуға рұқсатын алғаннан кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен сақтандыру ұйымының мүлкi мен iсiн басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлетiн тарату комиссиясын тағайындайды. 19. Тағайындалған тарату комиссиясы сақтандыру ұйымының ерiктi түрде таратылуы туралы, сондай-ақ оның кредиторларының талап қою тәртiбi мен мерзiмi туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ресми басылымдарында ақпарат жариялайды. 20. Талап қою мерзiмi таратылу туралы жарияланған сәттен бастап екi айдан кем болмауы тиiс. 21. Ерiктi түрде таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясы мемлекеттiк органның сұратуы бойынша өз қызметi туралы мәлiметтi және таратылатын сақтандыру ұйымына қатысты деректердi беруге мiндеттi. 22. Тарату комиссиясы сақтандыру ұйымының тарату балансын бекiтiлгеннен кейiн 10 күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органға ұсынуға мiндеттi. 23. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымын ерiктi түрде таратуға рұқсат беруден мынадай негiздемелер бойынша бастартады: 1) болжамды ерiктi түрде тарату нәтижесiнде кредиторлардың мүддесi бұзылса; 2) осы Ереженiң 15-тармағында көзделген барлық құжаттар ұсынылмаса; 3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес келмесе. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган оның ерiктi түрде таратылуына рұқсат беруден бастарту туралы сақтандыру ұйымына жазбаша хабарлайды.
24. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес шешiледi.
Төраға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 мамырдағы N 243 қаулысымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың ерікті түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртібі туралы ережеге N 1 қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы ___________ мырзаға Сақтандыру қайта сақтандыру ұйымын ерікті түрде қайта құруды жүргізуге рұқсат алуға Өтініш ____________________________________________________________ (өтініш берушінің атауы) _____________________________"_____"___________ жылғы N_____ (өткізілген жері) құрылтай жиналысының шешіміне сәйкес _______________________ ____________________________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының фирмалық атауы, ____________________________________________________ ерікті оның мекен-жайы көрсетіледі) түрде қайта құрылу жүргізуге рұқсат беруді сұрайды. Сақтандыру қайта сақтандыру ұйымын ерікті түрде қайта құруды жүргізуге рұқсат алуға берілген осы өтінішті ресімдеуге құқық берілген уәкілетті тұлға болып табылатын ____________ (аты-жөні және ____________________________________________________________ аталған өкілеттіктер алу негізіне сілтеме) ____________________________________________________________ ____________________________________________________________ (осы тұлғаның атқаратын қызметі және үйінің мекен-жайы) Құрылтайшылар өтінішке қоса берілген құжаттардың және ақпараттардың дұрыстығына, сондай-ақ сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға қосымша ақпараттар мен осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын құжаттардың уақытылы тапсырылуына жауап береді. Қосымшалар (жіберіліп отырған құжаттардың атап көрсетілген тізімі, олардың әрқайсысы бойынша данасының және парағының саны): _________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан өтініш беруге уәкілетті тұлғаның қолы, күні, ұйым үшін - құжатты тіркеу күні) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 мамырдағы N 243 қаулысымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың ерікті түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртібі туралы ережеге N 2 қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы ___________ мырзаға Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату жүргізуге рұқсат алуға Өтініш ____________________________________________________________ (өтініш берушінің атауы) _____________________________"_____"___________ жылғы N_____ (өткізілген жері) құрылтай жиналысының шешіміне сәйкес _______________________ ____________________________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының фирмалық атауы, ____________________________________________________ ерікті оның мекен-жайы көрсетіледі) түрде тарату жүргізуге рұқсат беруді сұрайды. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату жүргізуге рұқсат алуға берілген осы өтінішті ресімдеуге құқық берілген уәкілетті тұлға болып табылатын ____________ (аты-жөні және ____________________________________________________________ аталған өкілеттіктер алу негізіне сілтеме) ____________________________________________________________ ____________________________________________________________ (осы тұлғаның атқаратын қызметі және үйінің мекен-жайы) Құрылтайшылар өтінішке қоса берілген құжаттардың және ақпараттардың дұрыстығына, сондай-ақ сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға қосымша ақпараттар мен осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын құжаттардың уақытылы тапсырылуына жауап береді. Қосымшалар (жіберіліп отырған құжаттардың атап көрсетілген тізімі, олардың әрқайсысы бойынша данасының және парағының саны): _________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан өтініш беруге уәкілетті тұлғаның қолы, күні, ұйым үшін - құжатты тіркеу күні)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |