|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі N 357 қаулысы (ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2005 ж. 9 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" N 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 14 сәуiрдегi N 357 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер 1. "Кеден брокерi туралы ереженi бекiту туралы"іҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 сәуiрдегi N 556 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 16, 130-құжат): 2-тармақта: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кеден брокерi туралы ережеде: мәтiндегi "Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң", "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi", "Кеденкомы", "Кеденкомның" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi", "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiнiң"і деген сөздермен ауыстырылсын. 2. "Темiр жол көлiгiмен тасымалданатын транзиттiк тауарларды кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 наурыздағы N 258 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 9, 75-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы темiр жол көлiгiмен тасымалданатын транзиттiк тауарларды кедендiк ресiмдеудiң тәртiбiнде: мәтiндегi "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. "Қазақстан Республикасының кеден органдарын материалдықтехникалық қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 849 қаулысында: кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы"ізаң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын; 1, 2-тармақтарда: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң", "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi"ідеген сөздер "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң", "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен 4-тармақ күші жойылды 4. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде: 10-бөлiмдегi "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi"ідеген жол "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген жолмен ауыстырылсын. 5. "Кеден брокерi ретiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 27 маусымдағы N 959 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 322-құжат): 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi", "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын. 6. "Қазақстан Республикасының кеден қызметiн реформалау бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қарашадағы N 1746 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 49-50, 573-құжат): 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кеден қызметiн реформалау бағдарламасында: Қазақстан Республикасының кеден қызметiн реформалау жөнiндегi iс-қимылдардың жоспарында: мәтiнде "Орындау үшiн жауаптылар", "Аяқтау нысаны" деген бағандардағы "ҚР МКМ КК", "ҚР МКМ" деген сөздер "ҚР КБА" деген сөздермен ауыстырылсын. 7. "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 31 мамырдағы N 741 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 19, 249-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзу ережесiнде: 5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының орталық кеден органы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi (бұдан әрi ҚР КБА)" деген сөздермен ауыстырылсын. 8. "Астана - жаңа қала" арнаулы экономикалық аймақ аумағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң кеден және салық органдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 469 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 12, 124-құжат): тақырып мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң кеден органын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық органын құру туралы"; 1, 3-тармақтарда: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң", "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң", "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң", "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi"ідеген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Астана - жаңа қала"ікеденi туралы ережеде: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Астана - жаңа қала" кеденi туралы ереже"; мәтiнде: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiне (бұдан әрi - Комитет)", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң", "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiне (бұдан әрi - Агенттiк)", "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 4 және 6-тармақтарда: "Комитет", "Комитетiн", "Комитеттiң" деген сөздер тиiсiнше "Агенттiк", "Агенттiгiн", "Агенттiктiң" деген сөздермен ауыстырылсын. 9. "Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шартқа қатысушы мемлекеттердiң экономикасына құрылымдық қайта құру жүргiзудiң 2000-2005 жылдарға арналған негiзгi бағыттарын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 маусымдағы N 681 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шартқа қатысушы мемлекеттердің экономикасына құрылымдық қайта құру жүргiзудiң 2000-2005 жылдарға арналған негiзгi бағыттарын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында: "Жауапты орындаушылар" деген бағанда: "Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету" деген бөлiмнiң реттiк нөмiрлерi 1.1., 1.2., 1.3., 1.4-жолдарында: "Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi" деген сөздер "Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын. 10. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Семей" кеденi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Қордай" кеденi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Бейнеу" кеденi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Өскемен" кеденi" мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 маусымдағы N 688 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 19, 207-құжат): тақырыпта және мәтiнде: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң", "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Семей" кеденi туралы, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Қордай" кеденi туралы, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Бейнеу" кеденi туралы ережелерде: тақырыптардағы және мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiн", "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiмен", "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiне", "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiн", "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiмен", "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiне", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң басшысымен келiсiм бойынша" деген сөздер алынып тасталсын. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 14 сәуiрдегi N 357 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi 1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден қызметi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 16 маусымдағы N 532 қаулысы. 2. "Кеден Ынтымақтастығы Кеңесiне жыл сайын мүшелiк жарна енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 19 наурыздағы N 220 қаулысы. 3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi кеден органдарының дербес атағы бар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысына еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстеме ақы төлеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 сәуiрдегi N 329 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 14, 171-құжат). 4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 523 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 18, 153-құжат). 5. "Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 мамырдағы N 694 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 18, 199-құжат). 6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 44-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат). 7. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 тамыздағы N 1195 қаулысы. 8. "Қазақстан Республикасының Кеден органдарының жұмысындағы елеулi кемшiлiктер туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 11 сәуiрдегi N 427 қаулысы. 9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 сәуiрдегi N 427 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 4 қыркүйектегi N 1084 қаулысы. 10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 сәуiрдегi N 427 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 сәуiрдегi N 492 қаулысы. 11. "Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 қазандағы N 1226 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 41, 397-құжат). 12. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 4 қазандағы N 1226 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 1003 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 28, 252-құжат). 13. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 қазандағы N 1226 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 897 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 32, 228-құжат). 14. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Кинологиялық орталығы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 15 ақпандағы N 230 қаулысының 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 6, 68-құжат). 15. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 5 мамырдағы N 786 қаулысы. 16. "Кеден одағының iстерi жөнiндегi үкiметтiк органды белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қаңтардағы N 34 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 1, 10-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |