|
|
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467 қаулысы (ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. N 952 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы N 1237 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетi (бұдан әрі - Комитет) таратылсын. 2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттi таратуды жүзеге асырсын, Министрлiкке берiлетiн ұйымдастыру техникасы мен автокөлiктi қоспағанда, оның мүлкін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне берудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын. 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн. 4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасында әскери-техникалық құралдар мен eкі рет қолданылатын өнiмдердi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 657 қаулысы; 2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн 43-тармағының өзгертулері (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж. N 35, 327-құжат); 3) "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрі сату жөнiндегi лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiліктілiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 11 шілдедегi N 763 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 233-құжат). 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен басып күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру 1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттi берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 1-жолда: "Өкiлеттiк берiлген орган" деген 2-бағандағы "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі "Лицензияланатын қызметтiң түрлерi" деген 3-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Қару-жарақ пен оның оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы элементтер мен олардың приборларын, егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса, сондай-ақ құрастыру, iске қосу, пайдалану, сақтау, жөндеу және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда арнайы материалдар мен оларды өндiруге арналған жабдықтарды, әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды (азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды қоспағанда) әзiрлеу, өндiру және сату Босаған әскери-техникалық құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекция жасау, экспонатқа қою"; "Өкілеттік берiлген орган" деген 2-бағанда: peттiк нөмiрi 6-жолдағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын; реттік нөмiрi 14-жолдағы "Энергетика" деген сөз алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 25-жолдағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 29-жол алынып тасталсын. ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. N 952 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды 2. "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының ұлттық бөлiгiн жасақтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 17 қазандағы N 1541 қаулысына: Мемлекетаралық комиссияның ұлттық бөлiгi құрамына: Метте - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық Виталий Леонидович компаниясы" ААҚ-ның президентi енгiзілсiн. "Әбдiрахманов Есiркеп Оңланбекұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің Қорғаныс өнеркәсiбi комитетi төрағасының орынбасары" және "Литвинов Михаил Константинович - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегi комитетi басқармасының бастығы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Әбдiрахманов Есiркеп Оңланбекұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігi Технологияларды дамыту департаментінің директоры" және "Литвинов Михаил Константинович - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi ТМД iстерi жөнiндегi комитетiнiң төрағасының орынбасары"; көрсетiлген құрамнан Ринат Сұлтанұлы Жиенбаев шығарылсын. 3. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнің тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2006 жылға дейiн жекешелендiруге, оның ішінде жекешелендiрудің алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнің тiзбесiнде: 1-тармақтағы "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетінің," деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің," деген сөздермен ауыстырылсын. 4. "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрi сату жөнiндегi лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 шiлдедегi N 763 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 233-құжат): 2-тармақтағы "Экономика және сауда министрлiгiнің Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрi сату жөнiндегi қызмет түрiнiң лицензияры болып табылады". 5. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат): 3-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тізбесiнде: "Акционерлік қоғамдар" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 10-жол алынып тасталсын; 6. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 қазандағы N 1220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 41, 414-құжат): 1-тармақтың 5)-тармақшасы алынып тасталсын. 7."Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 43 қаулысына: Қазақстан Республикасының Қорғаныс өнеркәсiбi кешенi мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсін: Метте - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық Виталий Леонидович компаниясы ААҚ-ның президентi, хатшы, Меркель - Қазақстан Республикасының Иоган Давидович Әдiлет бiрiншi вице-министрi. көрсетiлген құрамнан Ринат Сұлтанұлы Жиенбаев, Боран Ғизатұлы Рақымбеков, Болат Бидахметұлы Жәмiшев шығарылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенi мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ережеде: 8-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсiбi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |