|
|
|
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi аумақтық органдарын қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1369 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы Әдiлет департаменттерi болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мемлекеттiк мекемелерiнiң - аумақтық органдарының тiзбесiнде 1-16-тармақтардағы "басқармасы" деген сөз "департаментi" деген сөзбен ауыстырылсын; 2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi N 784 қаулысында : көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесiнде: "Лауазымы" деген бағанда "Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әдiлет басқармаларының бастықтары, облыстар, Астана қаласы, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармаларының бастықтары, Әдiлет министрлiгiнiң "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң директоры" деген жолдың "әдiлет басқармаларының" деген сөздерi "әдiлет департаменттерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбi туралы ережеде: 5-тармақтың үшiншi абзацында "әдiлет басқармаларының" деген сөздер "әдiлет департаменттерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1369 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |