|
|
|
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысы N 245 қаулысы (ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. N 2010; 22.12.01 ж. N 1671; 11.06.03 ж. N 561 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. N 185 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. N 1671; 11.06.03 ж. N 561 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесі бекітілсін. 2. Төлеушілер 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейін жинақтаушы зейнетақы қорларына есептеген, бірақ олар аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес аударуға жатады. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1-қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың Ережесі ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. N 1671 қаулысымен тақырыбы өзгерді; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 561 қаулысымен тақырыбы және мәтіндегі сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. N 1671 қаулысымен 1-тармақ өзгерді; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 561 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Осы Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрлендi және мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агенттердiң (бұдан әрi - агенттер) мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына есептеуiнiң, ұстап қалуының (қоса есептеуiнiң) және аударуының тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды. ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. N 1671 қаулысымен 2-тармақ өзгерді; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 561 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар агент ретiнде өздерiнiң орналасқан (тұратын) жерi бойынша салық органдарында есепке алынуға жатады. ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. N 2010; 22.12.01 ж. N 1671; 11.06.03 ж. N 561 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын агенттер қызметкерлерге төленетін кірiстен ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейдi және ұстап қалады, және оларды қызметкер ұсынған зейнетақы шарты көшiрмесiнiң негiзiнде жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады. Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейдi және оларды өзiнiң пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады. Республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметте, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында 10 жылға жетпейтiн қызмет стажы бар әскери қызметшiлер мен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн мiндетті зейнетақы жарналарын есептеу және аудару "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. N 1671 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 561 (бұр. ред. қара) қаулысымен 3-1-тармақ өзгертілді 3-1. Ұстап қалынған мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына: заңды тұлғалар (заңды тұлғалардан - ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерден басқа) және жеке кәсiпкерлер (шағын бизнес субъектiлерi мен шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ адвокаттар мен жеке нотариустар жалдамалы қызметкерлерге төлейтін табысынан - кiрiстер төленген айдан кейiнгi айдың бесi күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде; жеке кәсiпкерлер (патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi мен шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ адвокаттар мен жеке нотариустар өз пайдасына - есептiден кейiнгi айдың бесiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде; заңды тұлғалар - ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлер арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары - Салық кодексiнде көзделген тәртiппен және мерзiмдерде; арнаулы салық режимiн жеңiлдетiлген декларация негiзiнде қолданатын шағын бизнес субъектiлерi - есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесi күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде; арнаулы салық режимiн патент негiзiнде қолданатын жеке кәсiпкерлер, - Салық кодексiнде патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде төлеуге мiндетті. ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. N 1671 қаулысымен 4-тармақ толықтырылды; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 561 (бұр. ред. қара) қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма қол емес төлемдер жасау жолымен агентт жүргізеді. Банктерде шоттары жоқ жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен нотариустар міндетті зейнетақы жарналарын, оларды кейiннен осы Ереженiң 7-тармағында белгiленген тәртiппен тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшiн банкке қолма-қол ақшамен салады. ҚР Үкіметінің 23.12.99 ж. N 2010 қаулысымен тараудың атауы өзгерді 2. Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың мөлшерi мен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың тәртiбi ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. N 2010 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. N 1671 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 561 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және төлеу мынадай ставкалар бойынша жүзеге асырылады: заңды тұлғалар, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар қызметкердiң төлем көзiнен салық салынуға жататын ай сайынғы кiрiсiнiң он пайызы мөлшерiнде. Бұл ретте, мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы кiрiс ең төменгі айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс; жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар өзiнiң пайдасына - мәлiмдейтiн кiрiсiнiң он пайызы мөлшерiнде, бiрақ ең төменгi жалақының он пайызынан кем емес және ең төменгi айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен артық емес. ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. N 2010 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. N 1671 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 561 қаулысымен 6-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 561 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Мiндетті зейнетақы жарналарын, оның iшiнде берешектi зейнетақы шарты қолданылатын жинақтаушы зейнетақы қорына аудару Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас Алматы филиалында ашылған N 413609816, МФО 190501109, тағайындау коды "010" банктік шоты арқылы жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 561 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 8. Жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Орталықтың шотына түскен күннен бастап, үш банктік күннің ішінде, солардың міндетті зейнетақы жарналары пайдасына аударылатын жеке тұлғалардың тізімімен қоса, форматы МТ-102 электронды төлем тапсырмасымен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылады. Атына жарналар аударылатын жинақтаушы зейнетақы қорының деректемелерi мен атауы сәйкес келмеген және/немесе форматы MT-102 тiзiмде көрсетiлген салымшының тiркелген әлеуметтік жеке коды болмаған кезде зейнетақы жарналары агенттiң шотына қайтарылады. ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. N 2010; 11.06.03 ж. N 561 қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 9. Заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша үш данада қағазға шығарылған төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен тізімінің бірінші данасы банкте қалады, төлем тапсырмасының екінші және үшінші даналары мен тізімнің бір данасы банктің қабылдағаны туралы белгімен агенттке қайтарылады. Агенттiң банкі міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы аударған жағдайда агент банкке агенттiң банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары мен филиалдарының бөлімшелеріне ұсынатын төлем тапсырмасының қағазға шығарылған төртінші данасын және жеке тұлғалар тізімінің үшінші данасын қосымша тапсырады. Жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: әлеуметтік дербес кодын, тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жарнаның сомасын және ол үшін міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді (айды, жылды) қамтуы тиіс. Егер тегі, аты, әкесінің аты өзгерсе, онда жеке тұлғаның әлеуметтік дербес код берілуі үшін тіркеу кәртішкесінде толтырған бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармаған жағдайда аудару жеке тұлғалардың тізімі қоса беріле отырып, форматы МТ-102 төлем тапсырмасын қалыптастыру арқылы әр ай үшін жеке жүргізіледі. Агенттер міндеттi зейнетақы жарналары аударылатын кезеңдi қағазға жасалатын төлем тапсырмаларында "Төлемнiң мақсаты" деген бағанда, ал форматы МТ-102 электронды төлем тапсырмаларында форматта көзделген "ММГГГГ" жеке жиегiнде көрсетедi. ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. N 2010 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. N 1671; 11.06.03 ж. N 561 қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 10. Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар жинақтаушы зейнетақы қорына өз қызметкерлерiнiң кiрiсiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары сомаларын аударған (банкке қолма-қол енгiзген) кезде төлем құжаттарында тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларының деректемелерiн, ал олармен қоса берiлетiн тiзiмдерде қызметкерлерге тағайындалған әлеуметтiк дербес кодтарды, олардың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған айы-күнiн, жарнаның сомасын және мiндеттi зейнетақы жарнасы төленiп отырған кезеңдi (ай, жыл) көрсетуi тиiс. Егер тегi, аты немесе әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, жаңасымен бiр уақытта әлеуметтiк дербес кодты беру үшiн тiркеу кәртiшкесiне енгiзiлген бұрынғы тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар өзiнiң пайдасына, оның iшiнде, банктегі банктiк есеп шотының нөмiрiн, зейнетақы шартының нөмiрi мен жасалған күнiн мiндеттi зейнетақы жарналарын банкке аудару немесе төлеу кезiнде төлем құжаттарын өзi туралы ғана мәлiметтердi көрсете отырып толтырады. ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. N 2010 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. N 1671 қаулысымен 11-тармақ алып тасталды 11. алып тасталды ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 561 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 12. Банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар агенттердiң банктiк шоттарынан есептен шығарылған күнi Орталық арқылы аударады. Банктердiң Орталыққа ақша аударуы төлем жүйесiндегi жұмыстар үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тiзiмдерiмен бiрге электронды төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады. Қызметкерлерінің саны елу адамнан астам заңды тұлға осы Ереженің 9-тармағындағы талаптарды орындаудан басқа, банкке жоғарыда көрсетілген форматта электрондық көздегі жеке тұлғалардың тізімімен бірге төлем тапсырмасын ұсынады. ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 561 қаулысымен 3-бөлім жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3. Агенттердiң, салымшылардың (алушылардың) және жинақтаушы зейнетақы қорларының мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару кезiнде қателер байқалған жағдайдағы iс-әрекеттерiнiң тәртiбi 13. Салымшы (алушы) төленген мiндеттi зейнетақы жарналарының жекелеген сомаларының болмауын байқаса, зейнетақы төлемдерiн немесе жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы деректер алған кезде, тиiстi деректердi алу және жол берiлген қателердi түзету шараларын қабылдау үшiн жинақтаушы зейнетақы қорына кез келген уақыттағы аударылған мiндетті зейнетақы жарналары туралы төлем құжаттарының көшiрмесiн және төлем құжаттарына қоса берілген, өзiнiң жеке басына қатысты жеке тұлғалар тiзiмiнiң көшiрмесiн өзiне беруi жөнiнде агентке жазбаша өтiнiш жiбередi. 14. Агент заңнамада белгiленген тәртіппен таратылған және тарату процесi аяқталған жағдайда, салымшы (алушы) Орталық мемлекеттiк мұрағатқа, ал тарату өндiрiсi барысында тарату комиссиясына өтiнiш жасайды, олар оған құжаттардың расталған көшiрмелерiн бередi. Салымшы (алушы) алған мұрағаттық төлем құжаттарының көшiрмелерiн өтiнiшпен қоса жинақтаушы зейнетақы қорына жібередi. 15. Мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын есептеу кезiнде, төлем тапсырмаларында, жеке тұлғалардың тiзiмiнде қателер байқалған жағдайда, сондай-ақ салымшының (алушының) немесе жинақтаушы зейнетақы қорының қателер байқалғаны туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейiн, агент үш банктiк күн iшiнде тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорына қателердiң түзетiлуi туралы өтiнiшпен жүгiнуi тиiс. Өтiнiшке осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растама және салымшының (алушының) өтiнiшi қоса беріледi. Мiндеттi зейнетақы жарналарын қолма-қол ақшамен төлеудi жүзеге асыратын агенттер, анықтама-растамаға банктік түбiртектердiң көшiрмесiн қоса бередi. 16. Қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруға арналған өтiнiште: салық төлеушiнiң атауы мен тiркеу нөмiрi (СТН), агенттiң банктік шоты, төлем құжаттарының көшiрмелерi, қате жiберiлген жеке тұлғалардың тiзiмдерi, басқа жинақтаушы зейнетақы қорына арналған мiндетті зейнетақы жарналарының сомалары есептелген жағдайда зейнетақы шартының көшiрмесi, өткiзiлген күнi мен қайтару себебi көрсетiледi. Өтiнiшке басшының, бас бухгалтердiң қолы қойылған және мөрмен расталған болуы тиiс. 17. Жинақтаушы зейнетақы қоры агенттердiң немесе салымшылардың (алушылардың) өтiнiшi негiзiнде он банктік күн iшiнде өтінiште көрсетілген барлық деректемелер бойынша зейнетақы жарналарының түсiмiн тексередi. Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың (алушылардың) әлеуметтiк жеке кодында, тегiнде, атында, әкесiнiң атында ауытқушылық болған жағдайда дерекқорға өзгерiстер енгiзедi, бiр салымшының (алушының) бiрнеше жеке шоттары болған кезде оларды бiрiктiредi. 18. Агентке қызмет көрсетуші банк электронды төлем тапсырмаларын осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес ресiмдеу кезiнде қате жiберген жағдайда, банк "Төлемдер мен ақша аударымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жiберiлген қателердi реттеу жөнiнде шаралар қабылдайды. 19. Қызмет көрсететiн банктiң кiнәсiнен қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруға арналған өтiнiште: салық төлеушiнiң атауы мен тiркеу нөмiрi (СТН), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), банктiк сәйкестендiру коды (БСК), төлем құжаттарының көшiрмелерi, өткiзiлген күнi мен қайтару себебi көрсетiледi. Өтiнiш басшының, бас бухгалтердiң қолы қойылған және мөртаңбамен расталған болуы тиiс. 20. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын Орталықтың банктiк шоты арқылы, жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен қайтаруды жүргiзедi, төлемнiң тағайындау коды "032". 21. Агент салық салуға жатпайтын жекелеген төлем түрлерiн салымшының (алушының) кiрiсiне енгiзуге байланысты артық есептелген және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын келесi аударымдарды реттеу жолымен түзетедi. 22. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын алғаннан кейiн ақша түскен күннен бастап үш банктік күн iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуды жүргiзедi. 23. Банк қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары Орталықтан келiп түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде, мiндеттi зейнетақы жарналарының қайтарылғаны туралы агенттi хабардар етуге тиiс. 4. Міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытылы аудармағаны үшін өсімақы төлеудің тәртібі ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 561 қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 24. Кiрiс іс жүзінде төленген және салымшы оны алған кезде агенттiң уақытында ұстап қалмаған (қоса есептемеген) және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын салық органдары өндiріп алады немесе агенттер кешiктiрiлген күн үшiн (Орталыққа төлем жасау күнiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмақымен мiндеттi зейнетақы жарналарын салымшылардың пайдасына аударуы тиiс. Кірістерді төлейтін заңды және жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшін жауапкершілікте болады. ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 561 қаулысымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 25. Агенттер мiндеттi зейнетақы жарналарын уақытында ұстап қалмағаны (қоса есептемегенi) және аудармағаны үшiн өсімақы төлеудi зейнетақы шарты қолданылатын жинақтаушы зейнетақы қорына Орталықтың банктік шоты арқылы жүргiзедi, төлемнiң тағайындау коды "019". ҚР Үкіметінің 23.12.99 ж. N 2010 қаулысымен 26-тармақ өзгерді және толықтырылды 26. Төлеушiлер мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытында аудармағаны үшiн өсiмақы төлеудi мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге арналған осы Ереженің 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді. Агент банкке "төлем тағайындамасы" бағанында "кезеңге (айға/жылға) арналған міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармағаны үшін өсімақы" деп және тағайындау кодын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының пайдасына өсімақы сомасының аударылғандығы туралы қағазға шығарылған төлем тапсырмасын тапсырады. Әрбір төлем тапсырмасы, оған қоса берілетін жеке тұлғалар тізімі даналарының саны, сондай-ақ оларды беру мен сақтаудың тәртібі мен мерзімдері осы Ереженің 2-тарауында міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін белгіленген шарттарға ұқсас. Агенттер өсімақыны уақытында аудармаған жағдайда, аудару жеке тұлғалардың тізімін қоса, әрбір ай үшін жеке-жеке МТ-102 нысанында төлем парағын ресімдей отырып жүргізіледі. 27. Қызметкерлерінің саны елу адамнан асатын агент өсімақы төлеу кезінде банкке осы Ережелердің 9-тармағында сипатталған форматта қағаздағы және электрондық көздегі жеке тұлғалардың қоса беру арқылы төлем тапсырмасын ұсынады. 28. Төлем тапсырмасына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша "жарна сомасы" бағанын қоспағанда, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу кезіндегі жеке тұлғалардың тізімі үшін осы Ереженің 9-тармағында көзделген деректемелерді қамтиды. Жарна сомасының орнына өсімақының тиісті сомасы көрсетіледі. Жеке тұлғалардың тізімдерінде агент олар үшін зейнетақы жарналарын уақытында аудармаған салымшылар/алымшылар ғана көрсетіледі. ҚР Үкіметінің 23.12.99 ж. N 2010 қаулысымен 29-тармақ алынып тасталды 29. алынып тасталды 30. Банктер агенттер төлем тапсырмаларын көрсеткен кезде "төлем тағайындамасы" бағанында - "кезеңге (айға/жылға) арналған міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармағаны үшін өсімақы" деп және "019" төлем тағайындамасы кодын көрсете отырып, жеке тұлғалардың тізімін қоса беріп, Орталық арқылы форматы МТ - 102 электрондық төлем тапсырмаларымен жинақтаушы зейнетақы қорларына өсімақы аударады. ҚР Үкіметінің 1.06.03 ж. N 561 қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 31. Орталық ақшаны жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытында аудармағаны үшiн тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларына кешiктiрiлген әр күн үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде (төлеу күнiн қоса) өсiмақы төлейдi. Орталық өсiмақы төлеу үшiн агенттiң төлем тапсырмасы негiзiнде әрбiр жеке тұлға бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезiнде жеке тұлғалардың тiзiмдерi үшiн осы Ереженiң 9-тармағында көзделген, деректемелері бар, "жарна сомасы" бағанын қоспай, жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса отырып, форматы MT-102 электронды төлем тапсырмасын қалыптастырады. Жарна сомасының орнына тiзiмге сәйкес әрбiр жеке тұлға бойынша бөлiнген өсімақы сомасы көрсетiледi. 32. Жинақтаушы зейнетақы қорларының келіп түскен өсімақының сомаларынан комиссиялық сыйақы алуы зейнетақы шарттарының негізіне сәйкес жүзеге асырылады. 33. Жинақтаушы зейнетақы қорлары алынған өсімақыны жеке тұлғалардың тізімдеріне сәйкес салымшылардың дербес зейнетақы шоттарына есептейді. 34. Жеке тұлғалардың тізімі қоса берілместен аударылған өсімақы агентке қайтаруға жатады, келесі аударым кезінде өсімақының сомасы кешіктірілген күндердің санына өседі. 5. Міндетті зейнетақы жарналарының аударылуына бақылау жасау ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. N 561 қаулысымен 35-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 35. Міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытында аударылуына, сондай-ақ өсімақы мен айыппұлдардың төленуіне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық қызметі органдары жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. N 561 қаулысымен 35-1-тармақпен толықтырылды 35-1. Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек қалыптасқан кезде салық органдары агентке хабарлама жiберiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде әр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектiң жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмiн салық органына ұсынудың қажеттiгi туралы жазбаша хабар (хабарлама) жiбередi. Агент сонымен бiр мезгiлде, пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек өндiрiлетiн жеке тұлғалардың тiзiмiн оларды агенттiң банкіне ұсыну үшiн әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша қалыптастырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |