|
|
|
Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383 қаулысы (ҚР Үкіметінің 03.08.00 ж. N 1184; 20.03.01 ж. N 372; 22.12.03 ж. N 1294; 23.06.04 ж. N 691 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1370 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ қайталама ресурстарды ұтымды пайдалану, қайталама қара және түсті металдар рыногын реттеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетiне салықтық түсiмдердi арттыру, қоршаған ортаны қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiліп отырған: 1) 1-қосымшаға сәйкес Заңды тұлғалардың қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялаудың ережесi (бұдан әрi Ереже); 2) ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. N 691 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 20.03.01 ж. N 372 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. N 691 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. N 691 қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен: 1) 2004 жылғы 15 шілдеге дейiн Лицензиаттардың қызметін Ережеде көзделген талаптарға сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қабылдасын; 2) 2004 жылғы 15 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiмен және Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiмен (қаржы полициясы) өзара iс-қимыл тәртiбін әзiрлесiн және бекiтсiн. ҚР Үкіметінің 20.03.01 ж. N 372 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1294 (бұр. ред. қара); 23.06.04 ж. N 691 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетi "заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату" қызметі түрі бойынша электронды мониторингін жүргізуді, мониторинг бойынша ақпаратты ай сайын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне және Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiне (қаржы полициясы) және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне бере отырып, қамтамасыз етсін. 4. 3-қосымшаға сәйкес өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілетiн кейбiр Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының және Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткеннен кейін күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383 қаулысына 1-қосымша Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегі қызметін лицензиялаудың ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегі қызметiне лицензиялар берудiң тәртiбi мен шарттарын айқындайды. ҚР Үкіметінің 20.03.01 ж. N 372; 22.12.03 ж. N 1294 (бұр. ред. қара); 23.06.04 ж. N 691 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату саласындағы қызметiн лицензиялауды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi (бұдан әрi - Лицензиар) жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1294 қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Осы Ереженiң әрекетi қызметiнiң мәнi қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату болып табылмайтын заңды тұлғаларда жинақталған түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сатуға қолданылмайды. 2. Негізгі ұғымдар ҚР Үкіметінің 20.03.01 ж. N 372 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау) - заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жеке және/немесе заңды тұлғалардан сатып алу (жинау) жөнiндегі қызметi. 4. Түстi және қара металдардың сынықтарын қайта өңдеу - металл сынықтарын тиiстi стандарттардың талаптарына сәйкес металлургиялық өндiрiстердегi металл шихталар ретiнде жарамды жағдайға дейiн дайындау. 5. Түстi және қара металл сынықтарын сақтау - сынықтар мен қалдықтарды жауапты сақтау жөнiндегi арнайы алаңдарды, қоймаларды ұйымдастыру және пайдалану. 6. Металлургиялық қайта жасау - түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қайта өңдеудің металлургиялық пештерде қайта құюды қамтитын түрлерi. ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1294 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Қайталама түстi қорытпалар - түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын құйымдар, құймалар және құйындылар түрінде қайта өңдеу өнімі. ҚР Үкіметінің 20.03.01 ж. N 372 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда 8. Түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пункті - негізгі өндірістік базаның (бас ұйымның, филиалдың (өкілдіктің)) аумағында орналасқан ретте жеке және/немесе заңды тұлғалардан және одан тысқары орналасқан ретте тек жеке тұлғалардан түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын сатып алуға арналып, осы ережеге сәйкес ұйымдастырылған және жабдықталған өндіріс алаңы. 3. Лицензия берудің тәртібі мен шарттары 9. Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметке лицензия бiлiктiлiк деңгейi белгiленген талаптарға сәйкес келетiн заңды тұлғаға (бұдан әрi - Лицензиат) берiледi. 10. Лицензияның "лицензияның ерекше шарттары" бағанында лицензия берiлген қызметтің (металлургиялық қайта жасауды қамтитын және қамтымайтын) түрi (түрлерi) көрсетіледi. ҚР Үкіметінің 20.03.01 ж. N 372; 22.12.03 ж. N 1294 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді 11. Лицензия Лицензиаттың орналасқан жерi көрсетiле отырып, бiр данада ресiмделедi. Негізгі өндірістік база заңды тұлғаның аумақтық тіркелген жері бойынша орналасуға тиіс. Қабылдау пункттерi тек Лицензиаттың негiзгi өндiрiстiк базасы немесе филиалы (өкiлдiгi) орналасқан облыста, Астана және Алматы қалаларында ғана ашылуы мүмкiн. Лицензиар оң шешiм қабылдағаннан кейiн қабылдау пункттері олардың орналасқан жерi көрсетіліп, Лицензияға қосымшамен ресімделеді. 12. Лицензия қатаң есептегі құжат болып табылады және Лицензиатта сақталады. 13. Лицензиат Лицензия алу үшiн Лицензиарға Заңның 16-бабында көзделген құжаттарды ұсынады. ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1294 қаулысымен 13-1-тармақпен толықтырылды 13-1. Ұсынылған құжаттар парақ саны көрсетiлiп тiгiлген, мөрмен бекiтiлген, заңды тұлғаның бiрiншi басшысы қол қойған болуы тиiс (құжаттардың көшiрмелерi нотариалды куәландырылған болуы тиiс). 14. Лицензияны алуға арналған өтiнiш оны беру кезiнде, барлық қажеттi құжаттар болған жағдайда Лицензиардың мiндеттi тiркеуiне жатады. Лицензия беру туралы өтiнiште өтiнiш берушiнiң орналасқан жерi, сондай-ақ оның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң заңды мекен-жайы көрсетiлуi тиiс. 15. Өтiнiш берушi Лицензия алу үшiн Лицензиарға ұсынылатын құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыстығы мен толықтығы үшiн жауаптылықта болады. 16. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. N 691 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 17. Өтiнiш берушi ұсынған құжаттардағы мәлiметтердi тексеру қажет болған жағдайда Лицензия беру туралы шешiм тексеру жүргiзiлгеннен кейiн, бiрақ Лицензиар өтiнiштi тiркеген күннен бастап 30 күннен кешiктiрiлмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - 10 күннен кешiктiрiлмей қабылданады. 18. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен шұғылдану құқығына арналған алымның мөлшерi, оны төлеудің тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгiленедi. ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1294 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 19. Заңды тұлғаны қайта тiркеген, мекен-жайы, банктiк және басқа да деректемелерi өзгерген кезде, сондай-ақ заңды тұлғаның атауы өзгерген кезде Лицензиат ол туралы Лицензиарға 30 күннiң iшiнде хабарлауға мiндеттi. ҚР Үкіметінің 20.03.01 ж. N 372 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда;ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1294 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 20. Лицензиат қызметтің осы түрімен айналысатын филиалдар (өкілдіктер) ашқан жағдайда Лицензиат филиалдардың (өкілдіктердің) осы Ереженің 21, 22-тармақтарымен айқындалған біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тапсырады. Лицензиар оң шешiм қабылдағаннан кейiн филиалдар (өкілдiктер) олардың орналасқан жерiн көрсете отырып, Лицензияға қосымшамен ресімделедi. ҚР Үкіметінің 03.08.00 ж. N 1184 қаулысымен 20-1, 20-2-тармақтармен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1294 қаулысымен 20-1, 20-2-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара) 20-1. алынып тасталды 20-2. алынып тасталды 4. Біліктілік талаптары ҚР Үкіметінің 20.03.01 ж. N 372 қаулысымен 21-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1294 қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. N 691 қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 21. Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу жөнiндегi қызметке (металлургиялық қайта жасауды қамтымайтын) Лицензия алуға үміткер заңды тұлғаларда мыналар болуы тиiс, оның iшiнде меншiк құқығында: 1) өрт қауiпсiздiгi, тау-кен-техникалық және экологиялық қадағалау талаптарына жауап беретiн санитарлық және құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келетiн мамандандырылған өндірiстiк база; 2) жер учаскесi (ұзақ мерзiмдi жалға алу құқығында пайдаланылуы мүмкiн). Аумақ қоршалған, күзетiлетін және мынадай мөлшерлерде болуы тиiс: түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 400 шаршы метр; қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемінде 1000 шаршы метр. Аумақ автокөлiк үшiн кiрме жолдармен және кiрме темiр жолдармен қамтамасыз eтілуi тиiс. Сынықты жинау (дайындау), сақтау және қайта өңдеу орны асфальтталуы немесе онда қатты жабынды болуы тиiс; 3) санитарлық және өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап беретiн жұмыс iстейтiн қызметкердi орналастыру үшiн қызметтiк үй-жай; 4) кемiнде 50%-i тiркелген және тау-кен-техникалық қадағалау саласындағы уәкілеттi органдар қызметтерiнің тиiстi рұқсаты бар электромагниттiк шайбамен не грейферлiк қапсырулармен жарақталуы тиiс кемінде жүк көтергiштiгi 5 тонна стационарлық немесе ұтқыр жүк көтергiш жабдық, сондай-ақ жүк көтергiш крандарды пайдалануға Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi берген мемлекеттiк лицензияның болуы; 5) қара металдар сынығын отпен кесуге арналған жабдық, оның iшiнде қысыммен жұмыс iстейтiн сосудтарды пайдалануға Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi берген мемлекеттiк лицензия болған кезде қысыммен жұмыс iстейтiн сосудтар (репициенттер); 6) оттегі және пропан бар баллондарды сақтауға арналған орын; 7) қара металдардың салмағы жеңiл сынығын, су пышақтарды пакеттеуге арналған прес, жоңқаны сорттауға және ұсақтауға арналған қондырғы; 8) кәсiпорындардан және ұйымдардан металл сынықтарын дайындау үшiн автокөлiк (КАМАЗ-дар, МАЗ-дар, автокрандар мен басқа да автокөлік); 9) таразы шаруашылығы (автомобиль, темiр жол таразылары) және мемлекеттiк тiркелiмге енгiзiлген, тиiстi орган тексерген басқа да метрологиялық жабдық; 10) қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын және қорытпаларды топтары, түрлерi, маркалары мен сорттары бойынша бөлек сақтауға арналған контейнерлер немесе алаңдар; 11) түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын сақтауға арналған жабық үй-жайлар не қалқалар; 12) сынықтар мен қалдықтарды сорттауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар арнайы алаңдар немесе өндiрiстiк үй-жайлар; 13) өрт қауiпсiздігінің мiндеттi талаптарына жауап беретiн (МЕМСТ 12.1.004-76) және өрт сөндiру құралдарымен жарақталған өндiрiстiк объектiлер; 14) өрт cөндipу құралдарымен жарақталған түстi және қара металдардың жарылыс қаупi бар сынықтарына арналған қойма; 15) мемлекеттiк тiркелiмге енгiзiлген және тиiстi орган тексерген қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтары радиациясының деңгейiн өлшеуге арналған дозиметрлiк жабдық; 16) МЕМС-тардың талаптарын орындауды қамтамасыз ететiн пайдаланатын жабдықпен жұмыс iстеуге арналған бiлiктi қызметкер және металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату мәселелерiне қатысты нұсқаулықтар; 17) аудиторлық ұйым растаған кемiнде 80 000 (сексен мың) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi қысқа мерзімдi активтер; 18) заңды тұлға мен филиалдарды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшiрмесi; 19) Лицензиат бекiткен Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау және қайта өңдеу жөнiндегi нұсқаулық; 20) электронды мониторинг желiсiне қосуға және оны бас ұйым үшiн жүргiзуге арналған компьютерлiк техника мен тиiстi бағдарламалық қамтамасыз ету; 21) стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы уәкiлеттi органның түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау және қайта өңдеу шарттары бойынша тексеру актiсi. 22. Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу (металлургиялық қайта жасауды қамтитын) жөніндегі қызметке Лицензия алуға үмiткер заңды тұлғаларда: 1) меншiк құқығындағы металлургиялық қайта жасауды қамтамасыз ететiн мамандандырылған өндiрiстiк ғимараты, құрылысты, жабдықтарды қамтитын өндiрiстік-техникалық базасы; 2) Мемстандарттың талаптарына сәйкес келетiн өнiмдердi дайындауды қамтамасыз ететiн технологиялық регламентi, техникалық жағдайлары; 3) келiсiлген және белгiленген тәртiппен бекiтiлген қайталама металдарды ұқсату жөнiндегi цехтың жұмыс жобасы, балқыту пешiне арналған техникалық құжаттамалары, мемстандарттың тексеру актiсi; 4) еңбектің қауiпсiздiгi мен шығарылатын өнiмнің сапасын бақылауды қамтамасыз ететiн қызметтерi, бөлiмшелерi немесе жауапты адамдары; 5) шығарылатын өнiмнiң сапасын бақылау жөнiндегi өлшеу аспаптары; 6) балқымалар журналын, бұйымдарды таңбалау жүйесiн, өнiмдердің тиелетiн (автомобиль, контейнер, вагон) партияларына орау парақтарын ресiмдеу тәртiбiн қамтитын дайын өнiмдi, оны тиеудi, сатуды құжаттауға мүмкiндiк беретiн есепке алу жүйесi. Шығарылған өнiмнiң сапасын (сапа сертификаты, сапа төлқұжаты, орау жапсырмасы), тауарлық таңбасын растайтын құжаттары болуы тиiс. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. N 691 қаулысымен 22-1-тармақпен толықтырылды 22-1. Түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пункттерiн ашқан кезде заңды тұлғаларда мыналар болуы тиiс: 1) қолма-қол ақшамен жұмыс iстеу үшiн ыңғайластырылған үй-жай (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальды жады бар бақылау-кассалық аппараты); 2) мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, тиiстi орган тексерген таразы шаруашылығы; 3) қабылдау пунктiнiң Лицензиатқа тиесiлi екендiгiн растайтын құжаттар (лицензияның нотариалды расталған көшiрмесi); 4) қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiгi, лицензияның номерi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайшасы; 5) кемiнде 200 шаршы метр, бiрақ 500 шаршы метрден аспайтын алаңы. Қабылдау пункті адамдар тұратын тұрғын үйлердiң аумағына орналаспауы тиic. 5. Лицензиаттың міндеті ҚР Үкіметінің 20.03.01 ж. N 372; 22.12.03 ж. N 1294 (бұр. ред. қара); 23.06.04 ж. N 691(бұр. ред. қара) қаулыларымен 23-тармақ өзгертілді 23. Лицензиат Лицензиарға жыл сайын есептiден кейiнгi жылдың 15 наурызынан кешiктiрмей жыл қорытындысы бойынша Лицензиар бекiткен нысан бойынша есеп бередi. Лицензиат Лицензиарға жыл сайын Лицензиар бекiткен нысан бойынша есептіден кейінгi жылдың 15 наурызынан кешіктiрмей жылдың қорытындылары бойынша қызметi туралы есептi ұсынады. Тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күннен кешiктiрмей Лицензиат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетi бекiткен нысандар бойынша электронды мониторинг жүргiзу үшiн есептi Қаржы министрлiгiнің Салық комитетiне ұсынады. Ай сайын, есептiден кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей Лицензиат тiркеу орны бойынша салық комитетiне сынық тапсырушының тегiн, атын және әкесiнiң атын, сынық тапсырушының СТН-ін, тапсырылған сынықтың санын, беруге арналған соманы және Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес ұсталған табыс салығының сомасы мен басқа да салықтарды төлеудi көрсете отырып, түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын дайындау туралы есептi ұсынады (электронды тасымалдаушыда). 24. Лицензиат сынықтар мен қалдықтардың қозғалысын тiркейтiн құжаттар мен есептердi 5 жыл бойы сақтауды қамтамасыз етуге мiндеттi. ҚР Үкіметінің 20.03.01 ж. N 372 қаулысымен 25-тармақ толықтырылды 25. Лицензиаттың осы Ережеге қосымшаға сәйкес, тәртiпке сәйкес жеке адамдардан қара және түстi металдардың сынықтарын қабылдауды жүзеге асыруға құқығы бар. Лицензиат түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын экспортқа тиеуді тек Лицензияда көрсетілген негізгі өндірістік базаның немесе филиалдардың (өкілдіктердің) аумағынан ғана жүзеге асыруға міндетті. Қайталама түсті қорытпаларды ерекше жағдайларда: "металлургиялық бөліністі қоса алғанда" деген жазуы бар Лицензия негізінде тең жүзеге асырылсын. 6. Лицензияның қолданылуын қайтарып алу және тоқтата тұру 26. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, қайтып алу, жарамсыз деп тану, сондай-ақ беруден бас тарту Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 27. Лицензияны тоқтата тұрудың себептерi Лицензиар мен басқа да құзiреттi мемлекеттiк органдар жасаған тексеру актiсiнде жазылуы тиiс. ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1294 қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. N 691 қаулысымен 28-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 28. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), қайта өңдеуді және сатуды тоқтатады, салық органының және Лицензиардың өкілдерiмен бiрлесiп үш күн iшінде сынықтар мен қалдықтардың қалдығын түгендеу актісiн жасайды. 29. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерінің жойылғанын Лицензиар мен басқа да құзіретті мемлекеттік органдардың қатысуымен комиссия растауы тиіс. 30. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерінің жойылғаны туралы Лицензиардың жазбаша хабарлауынан кейін Лицензияның қолданылуы жаңартылады. Жазбаша хабарламаға тексеру актісі қоса беріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383 қаулысына 2-қосымша ҚР Үкіметінің 20.03.01 ж. N 372; 22.12.03 ж. N 1294 (бұр. ред. қара)қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді Лицензиялық талаптар Түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пункттерiн ашқан кезде Лицензиат бұл туралы Лицензиарды қабылдау пунктiнiң заңды мекен-жайын хабарлай және лицензияға қосымша ала отырып, алдын ала құлақтандыруға мiндеттi. Қабылдау пунктiнiң: - қолма-қол ақшамен жұмыс iстеу үшiн ыңғайластырылған үй-жайы (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальды зердесi бар бақылау-кассалық аппараты) болуы; - тексеруден өткiзген таразылармен жабдықталуы; - қабылдау пунктiнiң Лицензиатқа тиесiлi екендiгiн растайтын құжаттары (лицензияның нотариалдық расталған көшiрмесi) болуы; - қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiгi, лицензияның нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайшасы болуы; - адамдар тұратын тұрғын үйлердiң аумағына орналаспауы және кемiнде 200 шаршы метр, бірақ 500 шаршы метрден көп емес алаңы болуы тиiс. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр күшi жойылған шешiмдерi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн қаулыларының тiзбесi 1. "Заңды тұлғалардың қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялау тәртiбiн бекiту туралы" ҚР Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 969 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 34, 313-құжат;). 2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегi N 969 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 5 ақпандағы N 98 қаулысы. 3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 1998 жылғы 29 қыркүйектегi N 969 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 5 шiлдедегi N 924 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы. 4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегi N 969 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегi N 1500 қаулысы. 5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай шешiмдеріне өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат;) аталған қаулыға 4-қосымшада: "Өңделмеген қайталама 760120910, 760120990, алюминий қорытпалар: 7603-7616 (тек қайталама кесек түрiнде, қорытпалар) басқалар және олардан жасалған бұйымдар деген жолдар алынып тасталсын;" 2) "Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызметін бақылауды күшейту жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 23 қаулысында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi ТМД СЭҚ ТН кодтары бойынша: 7601 20 910, 7601 20 990, 7606 11 990, 7606 12 500, 7606 12 990, 7606 91 000, 7606 92 000, 7616 99 100 түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ қолданыста болған рельстердi, темiр жол төсеніші мен жылжымалы құрамның элементтерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан контрабандалық әкетудiң жолын кесу мақсатында тек қана темiр жол көлiгімен экспортқа рұқсат етiлсiн. Түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ қолданыста болған рельстердi темiр жол төсенiшi мен жылжымалы құрамның элементтерiн транзиттік өткiзу кезiнде кеден декларацияларында әкелiнген жүктің нақты салмағы белгіленсiн және әкету кезiнде iлеспе құжаттардың жүктiң нақты мөлшерiне сәйкестігін бақылау күшейтiлсiн.";
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |