Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы (2006.07.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 2006.07.01 № 112- III ҚР Конституциялық заңымен актінің нысаны мен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2007.04.06. № 258-III ҚР Заңымен күші жойылды
2006.07.01 № 112- III ҚР Конституциялық заңымен кіріспе алып тасталды (бұр. ред. қара)
Жалпы ережелер 1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы; 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы; 3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнi болып табылады. 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының бейнесi (сызба және түрлi-түстi бейнелерi қоса берiледi). 2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесi (ақ-қара және түрлi-түстi бейнелерi қоса берiледi). 3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнiнiң музыкалық редакциясы мен мәтiнi (қоса берiледi). 3-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнiн қастерлеуге мiндеттi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнiн қорлауға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы 4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тiк бұрышты көгiлдiр түстi мата. Туды сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тiк жолақ көктеп өтедi. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнесi алтын түстес. Тудың енi мен ұзындығының қатынасы - 1:2. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|