|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қарашадағы № 1403 қаулысының күші жойылған деп тану туралы (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеті жарғы» республикалық заң әдебиеті баспасы туралы» 1996 жылғы 19 қарашадағы № 1403 қаулысының күші жойылған деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсандағы № 1348 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер 1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Республикалық заң әдебиеті баспасы мен апталық заң газетін құру туралы» 1994 жылғы 27 қаңтардағы № 107 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 5, 51-құжат): 2-9-тармақтардың күші жойылған деп танылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2005.22.04. № 378 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 1999.09.21. № 1433 қаулысымен 4-тармағының күші жойылды 5. ҚР Үкіметінің 29.04.99 ж.№ 499 қаулысымен 5-тармағының күші жойылды
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |