|
|
|
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 24 желтоқсандағы № 1307 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Бұрынғы ред. қара ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. № 1010 қаулысымен атауындағы және мәтіндегi "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі", "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің" және "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттігіне" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігі", "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттігінің" және "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттігіне" деген сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. № 1010 қаулысымен кiрiспе өзгертілді Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. № 1010 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігіне Төрағаның үш орынбасары, оның ішінде бір бірінші, болуға рұқсат етілсін. 3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) жүйесінде қосымшаға сәйкес Агенттіктің аумақтық органдарының бекітілген штат саны лимитінің шегінде мемлекеттік мекемелер құрылсын. 4. Агенттік заңда белгіленген тәртіппен бір айлық мерзім ішінде: 1) құрылған мемлекеттік мекемелердің құрылтай құжаттарын бекітсін және оларды әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары осы қаулыға сәйкес құрылатын мемлекеттік мекемелерді тіркеуге жәрдем көрсететін болсын. ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. № 1010 қаулысымен 6-тармақ алынып тасталды 6. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру жөніндегі" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: бөлім мен реттік нөмірі 227-жол мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігі 227 "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" ЖАҚ". 7. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 1999 жылғы 15 қарашадағы № 1713 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігі туралы Ереже ҚР Үкіметінің 10.07.01 ж. № 937 қаулысымен мәтіндегі "шаруашылық жүргiзушi субъектілер" деген сөздер "рынок субъектiлерi" деген сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 10.07.01 ж. № 937 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 05.08.02 ж. № 869 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. № 1010 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігі (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрамына кiрмейтiн, табиғи монополия субъектiлерiнiң және белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн реттеу, баға белгiлеу, бәсекелестiктi, бизнестi (кәсiпкерлiктi), тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды дамыту, тарифтiк саясат саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруға уәкiлеттi орталық атқарушы орган болып табылады. 2. Агенттiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Агенттiк заңды тұлға - мемлекеттік орган болып табылады, банкте шоттары, өзiнiң атауы мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жазылған бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi болады. Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Агенттiктiң, егер оған заңға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Агенттiк өзiнiң мемлекеттік өкiлеттігiнiң шеңберiнде, заңдарда белгiленген тәртiппен, бұйрықтар түрiнде Қазақстан Республикасының барлық аумағына мiндеттi күшi болатын актiлер шығарады. 5. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. № 1010 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Агенттiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Әуезов көшесi, 36. 7. Республикалық мемлекеттік органның толық атауы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігі. Агенттiктi құру туралы актi мен осы Ереже оның құрылтай құжаттары болып табылады. 8. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Агенттiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Агенттiкке заң актілерімен кiрiстер әкелетiн қызметтердi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер, белгiленген тәртiппен мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары ҚР Үкіметінің 10.07.01 ж. № 937; 05.08.02 ж. № 869; 16.09.02 ж. № 1010 қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді 9. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi: 1) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу; 2) монополиялық қызметтiң, рынокта үстем жағдайын терiс пайдаланудың алдын алу және оған жол бермеу, терiс пиғылды бәсекелестiктiң алдын алу және жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау; 3) тауар өндiру саласында бәсекелестiктi дамытуға мемлекеттік қолдау және жәрдем көрсету; 4) мемлекеттік органдар мен мемлекеттік кәсiпорындардың ақылы қызмет көрсетуiнiң тәртібін бақылау; 5) өз қызметiн мемлекеттік монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындардың қызметiн бақылау; 6) алынып тасталды 7) бәсекелестікті дамытуға, (шағын) кәсiпкерлiктi қолдауға, тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеуге, тарифтiк саясат және табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүйеге асыруға бағытталған орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың iс-қимылын үйлестіру; 8) кәсiпкерлiктiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру; 9) тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу әрi тарифтiк саясат және табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты әзiрлеу мен iске асыру. ҚР Үкіметінің 10.07.01 ж. № 937 16.09.02 ж. № 1010; 04.06.03 ж. № 527 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді 10. Агенттiк заңдарда белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттік регистрiн, Рынокта белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлердiң мемлекеттік тiзілiмiн, Мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттік регистрiн қалыптастыру және жүргiзу; 2) субъектiлердiң - табиғи монополияшылардың өнiмiне бағалар (тарифтер) немесе олардың шектi деңгейiн белгiлеу, сондай-ақ заңдарда белгіленген жағдайларда мемлекеттік органдардың қызмет көрсетулерiне арналған бағаларды реттеу; 2-1) уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеу; 2-2) табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтiк сметасын бекіту; 2-3) табиғи монополия саласында тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) белгiлеудiң кемсiтпеушiлiк әдiстерiн әзiрлеу, бекіту және қолдану; 2-4) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын қолдану тәжiрибесiн қорыту, осы негiзде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлейдi; 3) табиғи монополия субъектiлерiнiң шығындарын қалыптастырудың әдiстерi мен рәсiмдерiн әзiрлеу және енгізу олардың iс жүзіндегі шығыстарын бақылауды жүзеге асыру; 4) мемлекеттік ұйымдар монополиялық түрде жүзеге асыратын қызмет көрсетулерге бағалар белгiлеудiң есебi мен тәртiптерiнің методологиясын әзiрлеу; 5) шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындауды ұйымдастыру және үйлестiру; 6) республиканың аймақтарында шағын бизнестiң (кәсiпкерлiктiң) инфрақұрылымдарын қалыптастыруға және дамытуға жәрдемдесу; 7) табиғи монополиялардың, тауар рыногының жұмыс iстеуiне, бәсекелестiктi дамыту, баға белгiлеу, тұрғын үй-коммуналдық сала мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерiне қатысы бар заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актілер жобаларына сараптама жасауды жүзеге асыру; 8) рынок пен ондағы бәсекелестiктiң жай-күйi туралы баяндамалар, монополияға қарсы заңдар мен оларды қолданудың тәжiрибесiн жетілдiру туралы ұсыныстар дайындау және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдау; 9) өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгізу; 10) монополияға қарсы заңдар мен шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) қорғау саласындағы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру; 11) шағын бизнестiң (кәсiпкерлiктiң) жай-күйi мен оны мемлекеттік қолдаудың тиiмділігiне талдау жасау; 12) шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) дамытудың аймақтық бағдарламаларын зерделеу және талдау; 13) шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) қолдауға және дамытуға бағытталған мемлекеттік қаржы қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға қатысу; 14) өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметiне тексерулер жүргiзу; 15) табиғи монополия субъектiлерiн қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 16) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие, бәсекенi шектейтiн және монополистiк қызметтi жүзеге асыратын рынок субъектілерiн анықтау мақсатында талдау жүргiзу; 17) тауар және қаржы рыноктарында бәсекелестiктi дамыту жөніндегі шараларды әзiрлеу және iске асыру; 18) шет елдердiң мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылдар мен ынтымақтастықты ұйымдастыру, сондай-ақ Агенттiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу. 19) рынок субъектілерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актілердi өз құзыретiнiң аясында әзiрлеу және бекіту; 20) өз құзыретi шегiнде монополияға қарсы заңдарды бұзушылық туралы істердi қарау және олар бойынша шешiм қабылдау; 21) сатып алынуы шағын кәсiпкерлік субъектілерінен жүзеге асырылуға тиісті тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) түр-түрiнiң номенклатурасы және олардың көлемдерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу; 22) шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң мемлекеттік қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзiрлемелер мен технологияларды пайдалануына жеңiлдiктi жағдайлар жасау туралы ұсыныстар әзiрлеу; 23) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне байланысты проблемаларды шешуде орталық және жергілiктi мемлекеттік органдардың өзара iс-әрекеттерiн ұйымдастыру; 24) Үкiметке, шағын кәсiпкерлiктi қолдауды қамтамасыз ету мақсатында, оларға қатысы бар салық салу жүйесiн жетiлдiру қаржылық және несиелiк саясатты өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгізу; 25) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне мемлекеттік меншiктегi үйлердi, ғимараттарды, өндiрiстiк үй-жайлар мен өзге де мүлiктердi жеңiлдiкпен беру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 26) шағын кәсiпкерлiктi, оның субъектiлерiнiң сыртқы экономикалық қызметiн, олардың шағын кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесетiн шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын қоса алғанда, мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру; 27) Қазақстан Республикасының Президентiн және Yкіметін шағын кәсiпкерлiктi қорғау және мемлекеттік қолдау мәселелерi жөніндегі заңдарды бұзуға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабардар ету; 28) шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың салалық және аймақтық бағдарламаларын ұйымдастыру және үйлестiру; 29) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерi бойынша акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру; 29-1) мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердiң ақылы қызметтер көрсетуi тәртібін бекіту; 30) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің 10.07.01 ж. № 937; 04.06.03 ж. № 527 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді 11. Агенттiктiң өз құзыретiнiң шегiнде мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен: 1) табиғи монополия субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызмет көрсетулерiне) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелердiң көрсететiн қызметтерiне тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекітуге; 2) табиғи монополия субъектiлерiнiң Мемлекеттік тiзiлiмiнiң жергiлiктi бөлiмдерiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) өзгертуге берiлген өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзуге; 3) табиғи монополия субъектiсi өткiзетiн сатып алуға бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға; 3-1) табиғи монополия субъектiлерiнiң материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып алуын жүргiзу тәртібін белгiлеуге; 3-2) табиғи монополия субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызмет көрсетулерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындалуы мiндетті нұсқамаларды енгізуге; 3-3) табиғи монополиялар субъектiлерi тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарды әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Yкіметіне бекітуге ұсынуға; 3-4) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызмет көрсетулерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге бастамашылық жасауға; 3-5) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға; 3-6) табиғи монополия субъектiсiнiң қызмет көрсетулерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) қолданылу мерзiмiн кем дегенде алты айға белгiлеуге; 4) өз құзыретiнiң шегiнде орындау үшін мiндеттi шешiмдер беруге және нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға; 4-1) табиғи монополия саласында тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) белгiлеу жөніндегі нұсқаулықты белгiленген тәртiппен әзiрлеуге және бекітуге; 5) рынокта үстем (монополиялық) жағдайдың болуын анықтауға; 6) өз құзыретiнiң шегiнде тексерулер жүргiзуге және жолсыздықтар туралы iстердi қарауға және кінәлiлердi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға; 7) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға; 8) монополияға қарсы заңнаманы бұзудың нәтижесiнде алынған кiрiстi бюджетке аудару туралы, сондай-ақ тiкелей немесе бағалар мен тарифтердi уақытша төмендету арқылы залалды (немесе) шығынды өтеу туралы шешiм қабылдауға; 9) уақытша өтеушi (төмендетушi) бағалар мен тарифтер белгiлеу жолымен тұтынушыларға табиғи монополияның субъектiсi бағалар мен тарифтердi заңсыз көтерумен келтiрген шығындарды өтеу туралы шешiм қабылдауға; 10) бәсекенi дамытуға, монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындауға кедергi келтiретiн және заң актілерінде көзделген өзге де тәртiп бұзушылықтар үшiн рынок субъектiлерi мен олардың басшыларына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына айыппұл салу туралы шешiмдер қабылдауға; 11) мемлекеттік органдарға, олардың лауазымды адамдарына, рынок субъектілерiне тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын не тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiне, олардың басшыларына орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге; 12) Агенттiктiң мәжілiстерiнде мемлекеттік органдардың, тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын не тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң лауазымды адамдарын тыңдауға; 13) Агенттiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ресми түсiндiрулер беруге; 14) Агенттік қызметтерiнiң барлық бағыттары бойынша, оның ішінде тексерулер жүргiзуге көмек көрсету үшін ғалымдар мен мамандардың, Агенттік, Қазақстан Республикасының басқа да орталық атқарушы органдары мен ведомстволары, қоғамдық ұйымдар, халықаралық ұйымдар қызметкерлерiнен сараптамалық кеңестер құруға; 15) тексерістер мен сараптамалар өткізуге басқа да ұйымдардан мамандар тартуға; 16) мемлекеттік баға тәртібінiң, монополияға қарсы заңдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңдардың бұзылуын жою мақсатында сотқа талап-арыз беруге, оларды қарауға қатысуға; 17) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң тапсыруы бойынша халықаралық, шарттар мен келісімдерге қол қоюға; 18) өзiнiң өкiлеттіктерi мен функцияларының бiр бөлiгiн аумақтық органдарға беруге; 19) егер тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң пайда болуына жеткiзетiн болса, сондай-ақ тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға, таратуға әкеп соғатын болса, рынок субъектiлерiн құруға қорытынды беруге; 20) мемлекеттік органдарға монополияға қарсы заңдарды бұзатын олар қабылдаған актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге; 21) заңдарға қайшы келетiн материалдар мен нормативтiк құқықтық актілердi прокуратура органдарына жiберуге; 22) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызмет көрсетулерiне) бағаларды мемлекеттік реттеудi енгізу туралы шешiм қабылдауға; 23) рынок субъектілерінің жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестерді, пайларды) сатып алу кезінде және өзге де жағдайларды монополияға қарсы заңдардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; 23-1) табиғи монополия субъектiсiнiң акцияларды (үлестердi) сатып алуын, сондай-ақ оған табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырушы коммерциялық ұйымдарға оның өзге де нысандармен қатысуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; 23-2) табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарына жататын мүлiктi иелiктен шығаруға және онымен өзге мәмiлелер жасасуға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; 23-3) табиғи монополия субъектiсiнiң тасымалданатын немесе оларға берiлетiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өз тұтынуы үшiн емес сатып алуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; 23-4) табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi қызметке технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына жататын өзге қызметті жүзеге асыруын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасымен белгiленген қызметтi жүзеге асыруын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; 24) заңдармен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар. ҚР Үкіметінің 04.06.03 ж. № 527 қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды 11-1. Агенттiк заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) табиғи монополия субъектiсi тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) заңсыз көтеру және (немесе) тарифке (бағаға, алым ставкасына) нақты орындалмаған жұмыстардың құнын қосу арқылы келтiрген залалдарды тұтынушыларға өтеу үшiн уақытша өтемдiк тариф бекіту туралы шешiм қабылдауға; 2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуге немесе өзгертуге берген өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуды жазбаша негiздеуге; 3) табиғи монополия субъектiлерiнің Мемлекеттік тiзiлiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) бекітуге немесе өзгертуге берген өтiнiмдерiн қарау кезiнде тұтынушылардың немесе табиғи монополия субъектiсiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша жария тыңдаулар өткiзудiң қажеттiгiн айқындауға; 4) тұтынушыларды табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша, коммерциялық және өзге заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қамтитындардан басқа, қабылданған шешімдермен таныстыруға; 5) табиғи монополия субъектiлерiнiң Мемлекеттік тiзiлiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) өзгертуге берген өтiнiмдерiн қарау кезінде жария тыңдаулар өткiзуге; 6) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын, уақытша төмендету коэффициентiн ұсыну тәртібін айқындауға мiндеттi. 12. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Агенттiктiң мүлкi өзіне мемлекет берген мүлiктiң есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Агенттiктiң балансында көрсетілетін өзге де мүлiктен тұрады. 13. Агенттiкке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншікке жатады. 14. Агенттiктiң өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Агенттiкке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру 15. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Yкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. 16. Агенттiктiң төрағасы Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген міндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады. 17. Агенттiктiң төрағасы осы мақсатта: 1) бұйрықтарға қол қояды; 2) өзiнiң орынбасарлары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн белгiлейдi; 3) заңдарға сәйкес Агенттiктiң орталық аппаратының қызметкерлерi мен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен штат санының лимитi мен бөлінетін қаражаттың шегiнде оларды ұстауға арналған шығыстар сметасының шегінде орталық аппарат пен аумақтық органдардың штат кестесін, құрылымын бекітеді; 5) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді; 6) Агенттiктiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |