|
|
|
«Өндірістік-пайдалану бірлестігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Өндірістік-пайдалану бірлестігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (одан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін; 2) Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |