|
|
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі туралы (2011.02.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1144 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755 қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күші бар Жарлығының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы 1999 жылдың 7 сәуірінен қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755 қаулысымен тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі
1. Қалалық, аудандық, желілік және кенттік ішкі істер басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің, пункттерінің) бастықтары мен олардың жедел жұмыс жөніндегі және тергеу жөніндегі орынбасарлары 2. Тергеу (анықтау) және әскери тергеу департаменттерінің, бас басқармаларының, басқармаларының, қызметтерінің (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) бастықтары және бастықтарының орынбасарлары 3. Ішкі істер органдарының айрықша маңызды істер жөніндегі аға тергеушілері, айрықша маңызды істер жөніндегі тергеушілері, аға тергеушілері, тергеушілері, кіші тергеушілері, тергеушілердің көмекшілері, бас мамандары, аға инспекторлары мен инспекторлары, тергеу бөлімшелерінің, арнаулы полиция бөлімшелерінің жүргізуші-қызметкерлері, әскери тергеу бөлімшелерінің аға офицерлері, офицерлері және жүргізуші-қызметкерлері 4. Барлық органдардың және бөлімшелердің айрықша маңызды істер жөніндегі аға анықтаушылары, айрықша маңызды істер жөніндегі анықтаушылары, аға анықтаушылары, анықтаушылары, анықтау инспекторлары мен жүргізуші-қызметкерлері, сондай-ақ анықтаушылардың функцияларын тікелей жүзеге асыратын бөлімдердің, бөлімшелердің бастықтары, әскери полицияның аға офицерлері, офицерлері және жүргізуші-қызметкерлері 6. Қазақстан Республикасының ІІМ жанындағы «Сұңқар» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің командирі мен оның орынбасарлары, штаб бастығының орынбасары, аға инспекторы, кезекші бөлімнің бастығы, кезекшінің көмекшісі, бөлім бастығы, қопарғыш-инспекторы, бөлімше бастығы, мерген-шабуылшысы, қопарғыш-шабуылшысы, байланысшы-шабуылшысы, атқыш-шабуылшысы, автоброндытанк, арттехқару-жарақ, медициналық қызметтерінің бастықтары, жүргізуші-қызметкері, техник-байланысшысы ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755 қаулысымен 7-тармақ толықтырылды 7. Ішкі істер министрлігі бөлімшелерінің, Астана қаласы ішкі істер басқармасының, Алматы қаласы ішкі істер бас басқармасының, облыстардың ішкі істер бас басқармаларының (басқармаларының), көліктегі ішкі істер басқармаларының, қалалық, аудандық, желілік және кенттік ішкі істер бөлімдерінің (бөлімшелерінің, пункттерінің) мынадай қызметтері: криминалдық полиция Күзетке алу орындары департаментi Тоғызыншы департамент арнаулы техника жедел-криминалистикалық қызмет криминалдық барлау «Интерпол» ұлттық орталық бюросы ішкі қауіпсіздік арнайы полиция Әскери полиция департаменті Әскери-тергеу департаменті департаменттерінің, бас басқармаларының, басқармаларының, қызметтерінің (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) бастықтары және бастықтарының орынбасаралары, айрықша маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілдері, айрықша маңызды істер жөніндегі жедел уәкілдері, аға жедел уәкілдері,жедел уәкілдері, кіші жедел уәкілдері, жедел уәкілдерінің көмекшілері, аға учаскелік инспекторлары, учаскелік инспекторлары, бас криминалистері, аға криминалистері, криминалистері, техниктері мен жүргізуші-қызметкерлері ҚР Үкіметінің 04.04.03 ж. № 321 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Ішкі істер министрлігінің, Астана қаласы ішкі істер басқармасының, Алматы қаласы ішкі істер бас басқармасының, облыстардың ішкі істер бас басқармаларының (басқармаларының), көліктегі ішкі істер басқармаларының, қалалық, аудандық, желілік және кенттік ішкі істер бөлімдерінің (бөлімшелерінің, пункттерінің), мамандандырылған күзет қызметi Республикалық бас басқармасының, облыстық (қалалық) басқармаларының, қалалық және аудандық бөлiмдерiнiң (бөлiмшелерiнiң) Жедел басқару орталығының бастығы, оның орынбасарлары, жедел қимылдау басқармасының, бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы, оның орынбасары, кезекші бөлімнің бастығы және оның орынбасарлары, жедел қимылдау басқармасы бастығының көмекшілері - жедел кезекшісі, жедел кезекшілері, аға инспектор-кезекшілері, инспектор-кезекшілері, ЭЕМ техниктері, «02» операторлары, жедел қимылдау басқармалары мен кезекші бөлімдері кезекшілерінің көмекшілері және жүргізуші-қызметкерлері ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755 қаулысымен ; 2011.02.08. № 900 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда 9. Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы және оның жедел іздестіру жұмысы, анықтау, қылмыстық-атқару инспекциясы, ішкі қауіпсіздік қызметі, режим, қадағалау және күзет жөніндегі орынбасарлары, ҚАЖ комитеті аумақтық органдарының бастықтары және олардың жедел іздестіру жұмысы, анықтау, ішкі қауіпсіздік қызметі, режим, қадағалау және күзет жөніндегі орынбасарлары, Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің және оның аумақтық органдарының жедел басқармасы (бөлімі, бөлімшесі), режим, қадағалау және күзет басқармасы (бөлімі, бөлімшесі), «А» бөлімшесінің, қылмыстық-атқару инспекциясы бөлімінің (бөлімшесінің) бастықтары және бастықтарының орынбасарлары, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, аға жедел уәкіл, жедел уәкіл, кезекші бөлім бастығы, аға кезекші-инспектор, кезекші-инспектор. ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда 10. Жедел-iздестiру жұмысы, режим, қылмыстық жазалауды орындау жөніндегі бастықтар мен олардың орынбасарлары, жедел және режимдiк бөлiмдердiң (бөлiмшелердiң), режим және күзет бөлiмi бақылау қызметi бөлiмiнiң бастықтары мен бастықтардың орынбасарлары, аса маңызды iстер жөніндегі аға жедел уәкiлдер, аға жедел уәкiлдер, жедел уәкiлдер, аға анықтаушылар, анықтаушылар, бастықтардың көмекшi кезекшiлерi, бастықтардың кезекшi көмекшiлерiнiң орынбасарлары, жасақтар, нарядтар, қарауылдар бастықтары, корпус бойынша аға, аға бақылаушылар, бақылаушылар, аға инспекторлар, режим және күзет бөлiмiнiң инспекторлары, пост полицейлерi, жүргізушi қызметкерлер, кезекшi инспекторлар, түзету мекемелерiнiң, тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының, белгiлi бiр тұратын жерi жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлушiлердiң кезекшiлерi. 11. Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінде: жеке мамандандырылған және арнаулы батальондарда, роталарда, взводтарда, бөлімшелерде жеке батальондарда, роталарда, взводтарда батальондарда, роталарда, взводтарда, бөлімшелерде жедел қимылдау батальондарында, роталарында, взводтарында арнаулы мақсаттағы роталарда, взводтарда айрықша мақсаттағы отрядтарда, роталарда және взводтарда айдауыл қызметі роталарында, взводтарында, бөлімшелерінде моторландырылған взводтарда, бөлімшелерде патрульдік-күзет қызметінің батальондарында, роталарында, взводтарында, бөлімшелерінде көлік полициясының роталарында, взводтарында, бөлімшелерінде, топтарында ішкі істер органдарының ғимараттарын күзету бөлімшелерінде санитарлық және табиғат қорғау қызметінің бөлімшелерінде полиция топтарында, учаскелерінде, жылжымалы пункттерінде және бақылау бекеттерінде қызмет өткеріп жатқан, қаржы-шаруашылық, кадр қызметтерінің, психологиялық жеңілдету бөлімшелерінің (топтарының) хатшылықтардың қызметкерлерін қоспағандағы саптық бөлімшелер: командирі, командирдің орынбасары мен көмекшісі, штаб бастығы және штаб бастығының көмекшісі, бөлім, бөлімше бастығы және бастығының орынбасары, кезекші бөлімнің, орталықтандырылған күзет пунктінің, техникалық бөлімнің, ветеринарлық қызметтің бастығы, аға инспектор-кезекші, аға инспектор, аға мемлекеттік автоинспектор, аға инженер, инспектор-кезекші, инспектор, мемлекеттік автоинспектор, инженер механик, кіші инспектор, полицей, техник, старшина, нұсқаушы, катер командирі, мерген, қопарғыш, аға жауынгер, шабуылшы топтың жауынгері, ветеринарлық фельдшер, кезекші
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |