|
|
|
«Тағам институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
«Республикалық меншiктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Тағам институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қайта құру жолымен жарғылық капиталындағы мемлекеттiң жүз пайыздық акциялар пакетiмен «Қазақстан Республикасының тағам институты» жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрi - «Тағам институты» ЖАҚ) қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) «Тағам институты» ЖАҚ қызметiнiң мәнi: салауатты өмiр салты мен дұрыс тамақтанудың медициналық-биологиялық және әлеуметтiк проблемалары бойынша iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi жүргiзу; тамақтану дәрежесiн бағалау және халықтың әр жастағы жыныстық, әлеуметтiк және кәсiптiк топтарына арналған негізгі тағамдық өнiмдер мен олардың құрамдас бөлiктеріндегі физиологиялық қажеттiлiктердiң нормаларын әзiрлеу; тағамдардың арнайы емдiк-профилактикалық өнiмдерi мен балалар тағамдары өнiмдерiн, асқа салынатын биологиялық белсендi қосындыларды әзiрлеу деп көздей отырып, оның жарғысын бекiтсiн; 2) «Тағам институты» ЖАҚ-ын мемлекеттік тiркеуден кейiн, белгiленген тәртiппен, шығарылған жарғылық капиталдың жалпы көлемiнің 25 пайызы мөлшерiнен кем емес сомаға акциялардың қосымша эмиссияларын шығару жолымен, оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың қосымша эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншiктегi жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-техникалық саладағы ұйымдарды акционерлік қоғамдарға қайта ұйымдастыру ережелерiмен сәйкес келтiрсiн; 3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген шаралар орындалғаннан кейiн, мемлекеттік акциялар пакетiн 50 пайыз мөлшерiнде сатуды жүзеге асырсын; 4) «Тағам институты» ЖАҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне берсiн; 5) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3) «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулыға 2-қосымшадағы: «Алматы қ.»бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-6-жолмен толықтырылсын: «123-6. Тағам институты» ЖАҚ». 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |