Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы (2007.15.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығымен күші жойылды
Ішкі істер министрінің 08.09.04 ж. № 521 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда жазылды (бұр. ред. қара) Көлік құралдарын жүргізу құқығы куәліктерін және көлік құралдарын тіркеу туралы құжаттарды дайындау, беру және есебін жүргізу процесін автоматтандыру, сондай-ақ оларды қолдан жасаудан қорғауды күшейту мақсатында Бұйырамын: ҚР Ішкі істер министрінің 2005.17.11. № 639 Бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының аумағында: 1) көлік құралдарын басқару құқығының куәлік үлгісі (жүргізу куәлігі) (№ 1 қосымша) қолданысқа енгізілсін. 2005 жылғы 10 желтоқсанға дейін берілген жүргізуші куәліктері олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін көлік құралдарын басқару құқығын растайды деп белгіленсін; 2) Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәлік үлгісі (№ 2 қосымша) қолданысқа енгізілсін. ҚР Ішкі істер министрінің 2007.15.03. № 105 бұйрығымен 3) тармақшамен толықтырылды 3) жүргізуші куәлігі талонының үлгісі (талон) (4 қосымша). Талон әкімшілік жазаларды және заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды тіркеу құралы болып табылады деп белгіленсін. Талон алып қоюға жатпайды, оның ішінде жүргізуші куәлігін алып қою кезінде, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырған жағдайда да алынбайды. 2. Жүргізуші куәліктерін және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді әзірлеуде қолданылатын Қазақстан Республикасы облыстарының әріптік кодтарының тізбесі (№ 3 қосымша). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|