2001 жылғы 15 ақпандағы
бекітілді ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды Бұрынғы редакцияларды қара Кедендік брокерлердің тауарлар мен көлік құралдарын кедендік 26.12.02 ж. № 160 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 556 қаулысымен бекiтілген Кедендiк брокер туралы ережеге сәйкес әзiрлендi және кедендiк брокердiң тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу жөніндегі операцияларының есебiн жүргiзудiң және олар бойынша есептiлiктiң тәртібін айқындайды. 2. Кедендiк брокердiң тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу жөніндегі барлық операциялары (бұдан әрi - операциялар) не оның кеден iсi саласындағы басқа да делдалдық функцияларды орындауы жазбаша және электронды нысандарда мiндеттi түрде есебiн жүргiзуге жатады. 3. Операциялардың есебiн жүргiзудi кедендiк брокер мен (немесе) оның филиалдары жүзеге асырады. 2. Кедендiк брокерлердiң тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу жөніндегі операцияларының есебiн жүргiзудiң тәртібі 4. Есеп жүргiзу жүйесiне: 1) кедендiк бақылауға жататын және кедендiк брокер белгiлеген нысан бойынша ресiмделген тауарлармен және көлiк құралдарымен операциялардың есеп кiтабы (1-қосымша); 2) оны бiлдiретiн тұлғалар белгiленген нысан бойынша жасаған шарттардың тiзiлiм кiтабы (2-қосымша) кiруi тиiс. 5. Операциялардың есебiн жүргiзу кiтабы мен жасалған шарттардың тiзiлiм кiтабы бiр күнтiзбелiк жылға арналып жүргiзiледi. Кiтап алдын ала брошюраланған, тiгiлген және нөмiрленген болуы тиiс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|