|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251 (ҚР Үкіметінің 08.08.03 ж. № 792 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 Қаулысымен күші жойылды
Бюджетке акциздердiң толық түсуiн қамтамасыз ету және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң заңсыз өндiрiсi мен айналымын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 08.08.03 ж. № 792 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мына шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым маркаларымен таңбалаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 386-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым маркаларымен таңбалаудың тәртібінде: 2-тармақтың үшiншi абзацындағы "(отандық өндiрiстiң темекi бұйымдары: фильтрсiз сигареттер мен папиростарды қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын; 9-тармақта: 1) тармақшада "жұмсақ қораптағы" деген сөздер "сүзгiлi сигареттiң жұмсақ қорабындағы" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшада "қайырма қақпақты қораптағы" деген сөздер "сүзгiлi сигареттiң қайырма қақпақты қорабындағы" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын: "3) сүзгiсiз сигарет қорабында акциздiк алым маркасы қораптың сол және оң шетiнен бiрдей аралықта артқы бетiнде тiгінен орналасады әрi қорапты ашар жердi басып өтедi; 4) папирос қорабындағы мәтiн немесе үстiңгi бетiн жабатын акциз алымының маркасындағы сурет қораптың алдыңғы бетiнiң бағытына бағдарлануы тиiс және орталықта (оң және сол шетiнен, алдыңғы және артқы қабырғалардан бiрдей аралықта) орналасуы тиiс."; 2) "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 маусымдағы № 846 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 23, 290-құжат): көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада: 1-тармақтағы "(фильтрсiз сигареттердi және папиростарды қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 мамырдан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |