|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының (2023.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңдары 3-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының мәртебесі 4-бап. Дипломатиялық қызметтiң бірыңғай жүйесi 5-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының мiндеттерi 6-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының негiзгi функциялары 7-бап. Байланыс, мұрағат, қауiпсiздiк және баспа басылымдары
2-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналы, дипломатиялық лауазымдарға тағайындау 8-бап. Дипломатиялық қызмет персоналы 9-бап. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру 9-1-бап. Сыртқы істер министрлігінің кадр резерві
3-тарау. Дипломаттық дәрежелер 11-бап. Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі 12-бап. Дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерi
4-тарау. Дипломатиялық қызметтен өту 14-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында лауазым ауыстыру, қызмет атқару 15-1-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруы 17-бап. Жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерге жіберу 18-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын тоқтату
5-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі 19-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары мен мiндеттерi 20-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында қызметте болуға байланысты шектеулер 21-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет ардагерлерін көтермелеу 22-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының жауапкершiлiгi 23-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын керi шақырып алу
24-бап. Дипломатиялық қызметтi қаржылық және материалдық-шаруашылық жағынан қамтамасыз ету 25-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына берілетін кепілдіктер мен өтемақылар 27-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын реттеу 28-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу 29-бап. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне ақшалай төлемдер жасау 29-1-бап. Дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемдер 30-бап. Жыл сайынғы демалыстар 31-бап. Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау 32-бап. Алып тасталды
33-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен мәтіндегі «республикалық бюджет қаражаты» деген сөздер «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «мемлекеттік қызмет туралы заңдардан», «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына», «мемлекеттік қызмет туралы заңдарында», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамадан», «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасына», «мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметi жұмысының құқықтық негіздерін, сондай-ақ ұйымдастырылу тәртібiн айқындайды.
2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) «ад хoк» дипломатиялық курьері - курьерлік парақ ресімделген, дипломатиялық поштаны жеткізуді жүзеге асыратын жеке тұлға; 2) вализа - дипломатиялық поштаны тасымалдауға арналған пакет, конверт, қап, чемодан, өзге де ыдыс; 3) дипломатиялық курьер - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дипломатиялық қызмет органдарында республикалық бюджеттен ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын, курьерлік парақ ресімделген, дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, жөнелтуді, жеткізуді және қабылдауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналы; 4) дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйым - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге және дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларына, персоналы мүшелеріне, Қазақстан Республикасындағы консулдық мекемелердің жұмыскерлеріне қызмет көрсету жүктелген заңды тұлға. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымға өзге де функциялар жүктелуі мүмкін; 5) дипломатиялық пошта - дипломатиялық поштаға жататындығы курьерлік парақпен расталатын, ресми құпия емес немесе құпия хат-хабар, заттар немесе техника; 6) курьерлік парақ - Сыртқы істер министрлігінің немесе шет елдегі мекеменің дипломатиялық пошта, дипломатиялық курьер мен «ад хок» дипломатиялық курьері мәртебесін растайтын ресми құжаты; 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет ардагері) - бұрын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының лауазымын атқарған, жиырма бес жылдан кем емес жалпы еңбек өтілі бар, оның он жылын дипломатиялық қызмет органдарында жұмыс істеген және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адам; 8) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жұмыскерлері (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет жұмыскерлері) - дипломатиялық қызмет органдарында штаттық әкімшілік-техникалық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер; 9) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкерлері (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет қызметкерлері) - дипломатиялық қызмет органдарында штаттық дипломатиялық лауазымдарды атқаратын, әдетте, дипломаттық дәрежесі бар және құқықтары мен міндеттерін дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер; 10) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналы (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет персоналы) - дипломатиялық қызмет қызметкерлері мен дипломатиялық қызмет жұмыскерлері; 11) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері) - дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары, кәмелетке толмаған асырап алған балалары, сондай-ақ медициналық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген қорытындысына сәйкес күтіп-бағуға мұқтаж еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалары және (немесе) ата-аналары. Дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің қатарына осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамдарды қосу тәртібі, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарын қосудың айрықша жағдайлары Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналын ротациялау қағидаларында айқындалады; 12) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының отбасы мүшелері (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшесі) - дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы), балалары, асырап алған балалары, сондай-ақ ата-аналары; 13) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет) - Қазақстан Республикасы азаматтарының дипломатиялық қызмет органдарындағы Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын кәсіптік қызметі; 14) Қазақстан Республикасының консулдық қызметі - дипломатиялық қызметтің халықаралық құқық жол беретін шекте қызметі мемлекеттің, Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен достық қатынастарын дамытуға және экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық, гуманитарлық-мәдени байланыстарды және туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдем көрсетуге бағытталған бір бөлігі. Қазақстан Республикасының консулдық қызметі өз жұмысын Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысына сәйкес жүзеге асырады; 15) Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі - бір немесе бірнеше шет мемлекетпен қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіруге Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік саяси қызметші; 16) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі - бір немесе бірнеше халықаралық ұйыммен қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіруге Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік саяси қызметші; 17) Сыртқы істер министрлігінің кадр резерві - бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымдарын атқарған, дипломатиялық қызмет органдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымдарға орналасуға үміткер адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған, жүйеленген тізімі; 18) шет елдердегі мекемелер - Қазақстан Республикасының шет елдегі дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері.
2-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, осы Заңмен реттелмеген бөлігінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамадан өзге де нормативтік құқықтық актілерден және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан тұрады. 2. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
3-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының мәртебесі Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар дипломатиялық қызмет органдары болып табылады.
2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-бап. Дипломатиялық қызметтiң бірыңғай жүйесi Дипломатиялық қызметтің бірыңғай жүйесін Сыртқы істер министрлігі, оның ведомстволары, Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі, шет елдердегі мекемелер, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдар, ғылыми-зерттеу және оқу орындары құрайды. Дипломатиялық қызметтiң бірыңғай жүйесiн Сыртқы iстер министрлігі басқарады.
5-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының мiндеттерi Дипломатиялық қызмет органдарына мынадай мiндеттер жүктеледi: 1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгi бағыттарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметіне тиiстi ұсыныстар беру; 2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi үшiн ұсыныстар әзiрлеу және Президенттiң халықаралық бастамаларын iске асыру; 3) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделiн нығайтуға жәрдемдесу; 4) Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастардағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы қорғауды қамтамасыз ету; 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) шет елде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау; 6) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбiтшiлiктi, ғаламдық және аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі күш-жiгерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы iске асыру; 7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру; 2014.10.12. № 264-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси, сыртқы экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында басқа да мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіру; 2014.10.12. № 264-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды 8-1) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіру; 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды; 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 8-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 8-2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және (немесе) олардың өкілдіктерімен, сондай-ақ консулдық мекемелермен барлық ресми істерді жүргізу; 9) әлемдегi саяси және әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердiң сыртқы және iшкi саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметiне талдау жасау және орталық мемлекеттік органдарды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету.
6-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының негiзгi функциялары Дипломатиялық қызмет органдарына мыналар жүктеледi: 1) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету; 2014.10.12. № 264-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын iске асыру; 3) келiссөздер жүргiзудi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуды ұйымдастыру; 4) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, қолданылуын тоқтата тұру және күшiн жою туралы ұсыныстар дайындау, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Yкіметінiң қарауына белгiленген тәртiппен енгізу; 5) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне, Парламентiне және Yкіметіне белгiленген тәртiппен ұсыныстар мен ұсынымдар жасау; 6) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердiң, форумдардың қызметiне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастық мүшесi ретiнде ғаламдық және аймақтық проблемаларды шешудегi рөлiн арттыруға жәрдемдесу; 7) Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзiлiк мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу саласындағы мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысу; 8) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауiпсiздiгiн, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі iс-шараларды әзiрлеуге қатысу; 9) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру; 10) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңдарын жетiлдiру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтық мiндеттемелерiне сай келтiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 11) Қазақстан Республикасының мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларын протоколдық-ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету; 12) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларды өткізу кезiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Мемлекеттік протоколды сақтауын бақылауды жүзеге асыру; 13) дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру; 14) Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу; 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 15) Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттелетiн консулдық функцияларды жүзеге асыру; 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 16) шет елде тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу; 17) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тiркеудiң, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 18) Қазақстан Республикасының аумағындағы дипломатиялық өкілдіктердің және консулдық мекемелердiң жұмыс iстеуiне жәрдемдесу, өз құзыретi шегiнде оларға қызмет көрсететiн ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асыру; 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 19) аштыққа және артта қалушылыққа, терроризмге, экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа және есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың, прекурсорлардың және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жою жөніндегі халықаралық акцияларға өз құзыреті шегiнде қатысу; 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 20) шет елде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және рухани өмiрi туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу; 21) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын жүзеге асыру; 22) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының транзиттiк-көлiктiк әлеуетiн тиiмдi пайдалануға жәрдемдесу және энергетика мен мұнай-газ салаларында Қазақстан Республикасының әлемдiк қауымдастықпен ынтымақтастығы жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүргiзуге қатысу; 23) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау; 24) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету; 25) инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықта Қазақстан Республикасының жағымды бейнесiн қалыптастыру; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 26) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, басым жобаларды iске асыру үшiн инвестицияларды, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар беретiн қарыздар мен гранттарды тартуға жәрдемдесу; 27) қазақстандық тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң халықаралық нарыққа шығуына жәрдемдесу; 2010.27.12. № 366-IV ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 27-1) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою; 2014.10.12. № 264-V ҚР Заңымен 27-2), 27-3), 27-4), 27-5), 27-6) және 27-7) тармақшалармен толықтырылды 27-2) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын іске асыру; 27-3) дамуға ресми көмек іс-шараларының жоспарын әзірлеу және бекіту; 27-4) дамуға ресми көмекті есепке алуды және талдауды жүзеге асыру; 27-5) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы қызметін ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету; 27-6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне дамуға ресми көмектің іске асырылу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну; 27-7) дамуға ресми көмек жобаларының іске асырылу тиімділігін бағалауды жүзеге асыру; 2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен 27-8) тармақшамен толықтырылды 27-8) мыналарды: дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеуді; Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін аккредиттеуді жүзеге асыру; 2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен 27-9) тармақшамен толықтырылды 27-9) мыналарды: дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу; Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін аккредиттеу тәртібін бекіту; 27-10) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 27-11) тармақшамен толықтырылды 27-11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық поштаны пайдалану құқығы бар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының тізбесін әзірлеу; 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 27-12) тармақшамен толықтырылды 27-12) шет елдердегі мекемелерде бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту; 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 27-13) тармақшамен толықтырылды 27-13) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені әзірлеу; 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 27-14) тармақшамен толықтырылды 27-14) дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі, (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу тәртібін әзірлеу және бекіту; 28) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
7-бап. Байланыс, мұрағат, қауiпсiздiк және баспа басылымдары 1. Дипломатиялық қызмет органдарының дербес байланысы мен мұрағаты болады. 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Дипломатиялық қызмет органдары өздерiнiң жеке телекоммуникациялар желісі мен дипломатиялық поштаны пайдаланады. 3. Сыртқы iстер министрлігінiң мұрағатында халықаралық шарттардың түпнұсқалары және (немесе) дұрыс көшiрмелерi, сондай-ақ өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi басқа да материалдар сақталады. 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Дипломатиялық қызмет органдары Қазақстан Республикасының аумағындағы және шет елдегі өзiне қарасты объектiлердiң қауiпсiздiк жүйесiн ұйымдастырады. Шет елдердегі мекемелердің ақпараттық қауіпсіздігін, инженерлік-техникалық, арнаулы және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңдары3-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының мәртебесі4-бап. Дипломатиялық қызметтiң бірыңғай жүйесi5-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының мiндеттерi6-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының негiзгi функциялары7-бап. Байланыс, мұрағат, қауiпсiздiк және баспа басылымдары7-1-бап. Дипломатиялық пошта 2-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналы, дипломатиялық лауазымдарға тағайындау8-бап. Дипломатиялық қызмет персоналы9-бап. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру9-1-бап. Сыртқы істер министрлігінің кадр резерві 3-тарау. Дипломаттық дәрежелер10-бап. Дипломаттық дәрежелер11-бап. Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі12-бап. Дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерi13-бап. Дипломаттық дәреженi мерзiмнен бұрын және кезектен тыс беру, төмендету, одан айыру және қалпына келтiру 4-тарау. Дипломатиялық қызметтен өту14-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында лауазым ауыстыру, қызмет атқару15-бап. Ротация15-1-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруы15-2-бап. Өзге мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға баруы16-бап. Аттестаттау17-бап. Жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерге жіберу18-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын тоқтату 5-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі19-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары мен мiндеттерi20-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында қызметте болуға байланысты шектеулер21-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет ардагерлерін көтермелеу22-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының жауапкершiлiгi23-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын керi шақырып алу 6-тарау. Дипломатиялық қызметті қамтамасыз ету, дипломатиялық қызмет персоналына берілетін кепілдіктер мен өтемдер, оларды материалдық және әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету24-бап. Дипломатиялық қызметтi қаржылық және материалдық-шаруашылық жағынан қамтамасыз ету24-1-бап. Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу25-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына берілетін кепілдіктер мен өтемақылар26-бап Жерлеу шығыстарын өтеу27-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын реттеу28-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу29-бап. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне ақшалай төлемдер жасау29-1-бап. Дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемдер30-бап. Жыл сайынғы демалыстар31-бап. Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау32-бап.32-1-бап. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды қамтамасыз ету 7-тарау. Қорытынды ережелер |