|
|
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі Кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган) болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні қызметтік ғимараттарды пайдалануды жүзеге асыру және уәкілетті органды жабдықтау функцияларын орындау болып белгіленсін. 4. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |