|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің 1. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану түралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі № 677 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол койылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 ж. 19 маусымдағы № 675 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1."Тауарларды декларациялау және оларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы № 129 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 5, 56-құжат;). 2. "Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі уақытша қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1993 жылғы 15 қыркүйектегі № 883 қаулысының 6-тармағы. 3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы № 129 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы № 492 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 16, 143-құжат); 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 қазандағы № 1540 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 42, 496-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |