|
|
|
Темекi шегушілiктiң алдын алу және оны шектеу туралы Қазақстан (2007.19.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексімен күші жойылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-3 баптар) 2-тарау. Темекі бұйымдары туралы ақпаратқа (4-7 баптар) қойылатын талаптар 3-тарау. Кәмелетке толмағандарды және темекі шекпейтіндерді темекі (8-9 баптар) түтінінің әсерінен және темекі мен темекі бұйымдарын пайдаланылудан қорғауға бағытталған талаптар 4-тарау. Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу саласындағы (10-11 баптар) мемлекеттік бақылау 5-тарау. Қорытынды ережелер (12 бап) Осы Заң темекi бұйымдарын өндiру, сату және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қорғау мақсатында темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу жөніндегі негiзгi шараларды белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңның мақсаттары мен мiндеттерi Осы Заңның мақсаттары мен мiндеттерi: 1) халықтың денсаулығын сақтау; 2) темекi бұйымдарын сатып алуға құқығы бар адамдар үшiн жас шегiн енгізу; 3) кәмелетке толмағандар арасында темекi шегушiлiктi болдырмау; 4) темекiнi тұтынуға әуестiктiң зиянды салдарлары, темекi шегушiлiктен туындаған аурулар мен өлiм-жiтiм туралы ақпарат тарату; 5) темекi шегушiлiкке халықтың өмiр мен денсаулық үшiн аса қауiптi фактор ретіндегі көзқарасын қалыптастыру; 6) темекi шегушiлiктiң таралуының алдын алу жөнiнде келісілген iс-шаралар жүргiзу болып табылады.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) хош иiстендiрушi - темекi бұйымдарына ерекше дәм, иiс немесе хош иiс беру үшiн темекiге қосылатын зат; 2) ингредиент - темекiден, судан немесе темекi жапырағынан басқа, өндiрiс процесiнде не темекiге, не темекi бұйымдарының темекi емес компоненттерiне қосылатын кез келген зат; 3) темекi бұйымдарының маркасы - өндiрушi шығаратын темекi бұйымын тұтынушының бiрегейлендiре алуы үшiн сол өндiрушi жиынтығында пайдаланатын тауар таңбасының элементтерi; 4) темекi емес компонент - темекi бұйымдарын өндiруде пайдаланылатын қосымша материал (сигарет, папирос, мундштук қағазы, түрлi-түстi баспа бояуы, қағаз шетi тiгiсiнiң желiмi, фильтр, тығыздап орау қағазы, орауыш қағаз және орауыш бояуы, орауыш (фильтр) желiмi; 5) никотин - темекi жапырақтары мен темекi түтiнiнде болатын никотиндi алкалоид; 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6) қорап - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан әзiрленген, темекi бұйымының белгiлi саны бар тұтыну ыдысының бiрлiгi; 7) өндiрушi - Қазақстан Республикасында сату үшiн темекi бұйымдарын өндiретiн жеке және заңды тұлға; 8) темекi бұйымдары маркасының алуан түрлiлiгi - өзiнiң айырымдық ерекшелiктерi бар және осы тұрғыдан тұтынушы бiрегейлендiретiн темекi бұйымдарының бiр марка шеңберіндегі өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi; 9) 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара ) 10) сигарет - сигарет қағазын, бүйiрiн желiмдеуге арналған желiмдi, фильтрдi, фильтрдiң айналасындағы қағазды қолдана отырып жасалған, толтырылу компоненттерi отандық немесе импорттық темекi қоспасы, ингредиенттер, технологиялық қосымшалар және хош иiстендiрушiлер болып табылатын түтiкше немесе рулон түріндегі темекi конструкциясы; 11) шайырлы заттар - дымқыл, сусыз, никотинi жоқ түтiн конденсаты; 12) темекi - темекi бұйымдарын өндiру үшiн пайдаланылатын никотинi бар өсiмдiк; 13) темекi шегушiлiк - темекi шегушiнiң организмiнiң никотинге тәуелденуiн тудыратын, оның денсаулығына, сондай-ақ темекi шекпейтiндердiң денсаулығына терiс әсер ететiн және қоршаған ортаны ластайтын темекi бұйымын тұтыну процесi; 14) темекi бұйымы - никотинi бар фармацевтiк өнiмдердi қоспағанда, құрамында темекi бар кез келген бұйым; 15) қаптама - белгiлi қорап саны бар топтап тұтыну ыдысының бiрлiгi; 16) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
3-бап. Қазақстан Республикасының темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу туралы заңдары 1. Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара ) 2-тарау. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпаратқа қойылатын талаптар
4-бап. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара )
5-бап. Темекi және темекi бұйымдары туралы ақпарат алу құқығы 1. Жеке және заңды тұлғалардың темекi мен темекi бұйымы және темекi шегудiң зияны туралы мемлекеттік тiлде және орыс тілінде берiлуге тиiстi ақпарат алуға құқығы бар. 1) темекi бұйымдарының құрамы, шайырлы заттары, никотинi, сондай-ақ сапасы мен қауiпсiздiк деңгейiнiң басқа да сипаттамалары туралы мәлiметтер болуға тиiс; 2) мемлекеттік стандарттарда көзделген өзге де мәлiметтер көрсетiлуi мүмкін. 3. Темекi бұйымының атауы осы темекi бұйымын нақты және дұрыс сипаттауға, оны темекi бұйымдарының басқа түрлерiнен ажыратуға мүмкiндiк беруге тиiс. 4. Темекi бұйымдарының қорабында, қаптамасында темекi шегудiң зияндығы туралы ескертпе жазулар болуға тиiс. Темекi бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескертудiң мәтiнiн уәкiлеттi орган бекiтедi. Темекi бұйымдарының әрбiр қорабындағы, қаптамасындағы ескертпе жазулар мынадай талаптарға сай болуға: 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 1) жазу темекi бұйымдарының қорабы, қаптамасы көлемiнiң әрбiр үлкен жағының кемiнде отыз пайызын алуға; 2) жеңiл оқылуға және мәтiннiң тұтастығы қамтамасыз етiлетiндей болып орналастырылуға; 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 3) жазу жылтыр орауыш пленкада немесе қандай да бiр сыртқы орауыш материалда басылмауға; 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) 4) уәкілетті орган бекітетін негізгі және қосымша ескертпе жазулардың бірінен тұруға тиіс. 5. Темекi бұйымдарының қорабында, қаптамасында "Он сегiз жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынады" деген мазмұнда жазу болуға тиiс. 6. Темекi шегудiң зияны туралы білімнiң насихатталуын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар қамтамасыз етедi. 6-бап. Темекi бұйымдарындағы никотиннiң, шайырлы заттардың және ингредиенттердiң болуы туралы ақпарат Өндiрушi темекiнiң және темекi бұйымдарының барлық маркаларында никотиннiң және шайырлы заттардың рұқсат етiлетiн шектi құрамы бойынша зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi туралы, өткен он екi айда Қазақстан Республикасы аумағында өзi шығарған немесе шығаруды ниет еткен, сатқан немесе өзге де түрде таратқан темекi бұйымдарының ингредиенттерi туралы есептi жыл сайын 1 ақпанға дейiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен табыс етiп отыруға мiндеттi. 7-бап. Темекi бұйымдарындағы никотиннiң және шайырлы заттардың болуын зерттеу мен оның рұқсат етiлетiн шектi деңгейi 1. Темекi бұйымдарын өндiрушi темекi бұйымдарындағы никотиннiң және шайырлы заттардың болуын зерттеудi өз есебiнен, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелген зертханаларда жүргiзедi. 2. Құрамындағы никотин және шайырлы заттар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн рұқсат етiлетiн шектi деңгейден жоғары темекi бұйымдарын әкелуге, шығару мен сатуға тыйым салынады. 3-тарау. Кәмелетке толмағандарды және темекі шекпейтіндерді темекі түтінінің әсерінен және темекі мен темекі бұйымдарын пайдаланылудан қорғауға бағытталған талаптар 8-бап. Темекi бұйымдарын сату 1. Темекi бұйымдарын: 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара ) 1) он сегіз жасқа толмаған адамдарға сатуға және олардың сатуына; 2) ашық қораптардан немесе бiр-бiрлеп сатуға; 3) сатушының тiкелей қатысуынсыз, сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық қондырғылар арқылы; 4) денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының үйлерiнде және аумақтарында, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттарда, стадиондарда; 5) өнiм сапасын растайтын тиiстi құжаттарсыз; 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6) акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаусыз; 7) егер сигарет қорабында 20 сигареттен кем болса; 8) шайырлы заттар мен никотиннiң деңгейi туралы деректер қорапқа жазылмай; 9) темекi шегушiлiктiң зияны туралы қорапқа ескерту жазылмай сатуға тыйым салынады. 2. Темекi бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекi жерде, касса аппаратында немесе оның жанында мынадай мазмұндағы: "Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады" деген жазу, сондай-ақ темекi шегудiң зияндығы туралы уәкiлеттi орган бекiткен ескерту орналастырылуға тиiс. 3. Темекi бұйымдарын сатуды жүзеге асыратын адамдар жас шамасы сырт келбетiне қарағанда он сегiзден жасырақ көрiнген азаматтарға темекi бұйымдарын сату кезiнде: 1) сатып алушының шын мәніндегі жасын анықтау мақсатымен жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуiн талап етуге; 2) егер жеке басын куәландыратын құжат көрсетiлмеген жағдайда темекi бұйымдарын сатудан бас тартуға мiндеттi.
9-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда және қоғамдық көлiкте темекi шегуге тыйым салу 1. Темекi шегуге: 1) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың демалуына арналған ұйымдарда; 2) денсаулық сақтау ұйымдарында; 3) қоғамдық тамақтану орындарында; 4) кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшiлiк демалуға арналған басқа да жабық ғимараттарда; 5) мұражайларда, кiтапханаларда және лекторийлерде; 6) жергiлiктi және алысқа қатынайтын поездардың, әуе, теңiз және өзен көлiгi кемелерiнiң белгiленбеген орындарында, сондай-ақ қалалық, қалааралық автобустардың, маршруттық таксилердiң және қалалық электр көлiгiнiң салондарында; 7) әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында; 8) мемлекеттік органдарда, сондай-ақ басқа да ұйымдарда тыйым салынады. 2. Темекi шегу үшiн арнайы жабдықталған орындар бөлiнген жағдайда, осы баптың 1-тармағының 3), 6), 7) тармақшаларында көзделген нормалар қолданылмайды. 3. Жұмыс берушiлер темекi шегу үшiн арнайы орындар бөлуге, әжетхана бөлмелерiнде және осы мақсаттарға арналмаған үй-жайларда темекi шегуге тыйым салуға мiндеттi. 4. Темекi шегу үшiн арнайы бөлiнген орындар санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сәйкес жабдықталуға тиiс.
4-тарау. Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу саласындағы мемлекеттік бақылау
10-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 1. Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілеттi орган жүзеге асырады. 2. Уәкiлеттi орган темекi шегудiң алдын алу және оны шектеу саласындағы қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады. 3. Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу саласындағы мемлекеттік бақылауды өздерiнiң өкiлеттiктерiне сәйкес өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 4. Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу саласында қоғамдық бiрлестiктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жасай алады. 11-бап. Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттар талаптарына сай келмейтiн темекi бұйымдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тәркiленуге және жойылуға тиiс. 12-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi, бұған мына баптар қосылмайды: 1) 4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы 2004 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi; 2) 4-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы 2003 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi; 3) 5-бап, осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасын және 5-тармағын қоспағанда, 2003 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi; 4) 5-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы және 5-тармағы 2004 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi; 5) 6-бап 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi; 6) 9-бап 2003 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |