|
|
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Акцизделетiн өнiм өндiрiсi мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетiн тарату туралы (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығы 3-тармағының 2) тармақшасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берiле отырып, таратылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен таратылған Комитеттiң мүлкiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берудi қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын. 4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 38 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 3, 13-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, № 49-50, 578-құжат). 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 72 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара) 4. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара) 5. «ҚазАлкоОрталық» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 20 сәуірдегі № 396 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 13, 144-құжат): 2-тармақта «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетi мемлекеттік басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы» деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |