Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы (2010.07.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығымен күші жойылды
Жоғары білікті кадрларды аттестаттаудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Диссертациялық кеңес туралы ереже бекітілсін. 2. Жоғары аттестациялық комитет (Құсайынов А.Қ.) жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогтік кадрларды аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттарын осы бұйрыққа сәйкес келтірсін. 3. Құқықтық қамтамасыз ету және аудит басқармасы (Күзембаев М.М.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге тапсырсын. 4. Осы бұйрық 2003 жылғы 1 наурыздан қолданысқа енгізіледі. 5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушының 2001 жылғы 4 маусымдағы «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» № 423 бұйрығы күшін жойды деп саналсын. 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Ғ.М. Мұтановқа жүктелсін. Министр Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығымен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы ереже 1. Диссертациялық кеңестерді құру және жұмысын ұйымдастыру 1. Диссертациялық кеңестер - ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылатын ғылыми жұмыстарды қарау жөніндегі кеңестер жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогтік кадрларды аттестаттау жүйесінің негізгі буыны болып табылады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2005.02.03. № 126 Бұйрығымен (бұр. ред. қара) ; ҚР Білім және ғылым министрінің 2007.17.10 № 486 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізілді ) (бұр. ред. қара) 2- тармақ өзгертілді Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|