Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны
үшiн төлем ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 24 ақпандағы № 196 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары бекітілсiн.
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 24 ақпандағы
№ 196 қаулысымен
бекітілген
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкалары
Р/с № | Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жеке және заңды тұлғалардың пайдалану түрлерi | Өлшем бiрлiгi | Айлық есеп айырысу көрсеткiштерiн- дегi төлем ставкалары |
1 2 3 4 5 | Ғылыми мақсаттарда (ғылыми зерттеулердi жүргiзу), 5-тармақта көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда Мәдени-ағарту және оқу мақсатта- рында, 5-тармақта көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда: 1) жансыз табиғаттың, өсiмдiктер- дiң және жануарлардың объектiлерiн, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн көрсету; 2) оқушылар мен студенттердiң оқу экскурсиялары мен сабақтарын, өндiрiстiк практикасын жүргiзу; 3) қорық iсi, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы ғылыми кадрларды даярлау, мамандарды қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру Туристiк және рекреациялық мақсаттарда, 5-тармақта көрсетiл- ген тұлғаларды қоспағанда Шектеулi шаруашылық мақсаттарда, 5-тармақта көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда Ерекше қорғалатын табиғи аумақ- тарды осы Төлем ставкаларының 1, 2, 3, 4-тармақтарында көрсетiлген мақсаттарда, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабымен белгiленген, мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлғалардың пайдалануы | адам-күн адам-күн адам-күн адам-күн адам-күн адам-күн адам-күн | 0,1 0,1 0,1 0,1 0,2 0,1 0,0 |