Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялаудан өткізу туралы
ҚР Білім және ғылым министрілігінің 2006 жылғы 28 шілдедегі № 415 Бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi № 1305 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялаудан өткізу туралы нұсқаулық бекітілсiн. 2. 2000 жылғы 7 қарашада № 1278 мемлекеттік тiркеуден өткен «Жоғары кәсiптiк білім беретiн білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестациялауды жүргiзу тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң 2002 жылғы 18 қазандағы № 1001 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялаудан өткізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 48 бұйрығы мемлекеттік тiркеуден өтпеуiне байланысты жойылсын. 4. Мемлекеттік инспекциялау және мониторинг департаментi (Ж. M.Әдiлов) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге ұсынсын. 5. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi. 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын. Министрдің міндетін
Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 13 ақпандағы № 79 бұйрығымен бекiтілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізу туралы НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер 1. Білiм беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізу туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi № 1305 қаулысымен бекітiлген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ережеге сәйкес (бұдан әрi Ереже) әзiрлендi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|