Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің солдаттары, матростары,
ҚР Қорғаныс министрінің 2007 жылғы 17 тамыздағы № 324 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінің солдаттары, матростары, сержанттары мен старшиналары лауазымдарында әскери қызметті өткеретін әскери қызметшілердің жеке басын куәландыратын құжаттарды заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің солдаттары, матростары, сержанттары мен старшиналары әскери билетінің үлгісі және сипаттамасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасының бастығы белгіленген тәртіппен әскери билеттердің бланкілерін әзірлеуге конкурс ұйымдастырсын. 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы әскери бланкілердің есебін жүргізуді және әскери комиссариаттарға тапсыруды ұйымдастырсын. Ауыстыру және әскери билеттің ескі үлгісін жою тәртібін айқындасын. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген мезгілінен бастап күшіне енеді. 5. Бұйрық қорғаныс министрінің орынбасарларына, Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының департаменттері, бас басқармалары, басқармалары мен қызметтерінің бастықтарына, Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектерінің, әскери округтер әскерлерінің қолбасшыларына, облыстық әскери комиссарларға жеткізілсін. 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін. Министр
Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі № 110 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінің солдаттары, матростары, сержанттары мен старшиналары әскери билетінің үлгісі және оның сипаты (үзінді) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|